SADAQ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Каналдан алынған материалды (мәтінді) өзге жерге жариялаған жағдайда сілтеме көрсетуді ескертеміз!
Ұсыныс жасау: https://t.me/Jauinbai
Арнаны қолдау: 87772151878
Инстаграм: https://www.instagram.com/_zhauynbai?igsh=aXZxYXgyMGE3aThp

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Ахмет Байтұрсынұлының Орынбор кригиздар мұғалімдер мектебін оқығаны жайлы куәлігі. Төменде бағалары да берілген.

P.S: Ахмет 3-ке оқыды екен деп, сіздер де 3-ке оқымаңыздар! Ол кезде қазақтарды оқытпау, дұрыс баға қоймау, ерекше үрдіс тараған еді.

Сурет А.Байтұрсынұлы атындағы Алматы мұражайынан

https://t.me/sadaq_zh


«Қазақ хандығының құрылғанының өзі қателік» деген Дархан Әбдіктің соңғы сұқбаты қара танитындардың арасында аз сөз болып жатқан жоқ.

Рас, Жошыдан қалған ұлы империяның өкілдері өз арасында қырылып, бабадан қалған тұтас орта азияның быт-шытын шығарды. Қазақ хандығы да құрылғанымен, Қасымнан қалған мамыражай тіршілік ұзаққа созылмады. Әбілқайыр, Абылайдың кезінде қазақ хандығы құлаудың, тұтасымен жойылудың шақ алдында болды. Бұл тарихи факті. Қазақ хандығы төрелердің таққа таласынан іс жүзінде жойылды, сөз жүзінде сарқыншағы ғана қалды.

Сол арада төрелер битке өкпелемей, ел тұтастығын сақтай алғанда Орта азияда Русьінде, Қытай да қаймығатын, кеңесетін ұлы империя өз билігін жүргізер еді. Түркі халықтары қазақ тілінде сөйлер еді.

Бұл сөзді біз Әлихан Бөкейханның: «Пәлен хан-ай! Пәлен би-ай!» деп үйде отырып өкінесіңдер. Бұрынғы хандарың да, бұрынғы билерің де осы күнгі атқа міндім деп жүрген өздеріңдей еді. Қазақтың бұрынғы басшыларында әділдік береке болса, бүгінде қазақ бұл күйде болар ма еді?» деген сөзімен қорытамыз

https://t.me/sadaq_zh


Әдемі түсқағаздар😍

https://t.me/sadaq_zh


О, Тәуелсіздік,
Мен сені сүйемін!!!

https://t.me/sadaq_zh


Елдес аға өзінің досы Міржақып қайтыс болғанын естігенде Кеңесбаевқа: «Ісмет, бүгін мен үшін қаралы күн аза тұтамын, аяулы досым Міржақып Дулатов, жан жолдасым дүние салғанын естідім, менің сабағымды өзің жүргізе сал», – депті.

А.Шаяхметов

https://t.me/sadaq_zh

575 0 0 13 31

Блогерлерден отписка жасап жатқандарды мына жаққа шақырыңыздар…
Тым болмаса, сапалы бір нәрсе ұсынайық…


Ертең Тәуелсіздік алған күн!

Бірақ….
Тәуелсіздік лебі, тәуелсіздік мейрамы, тәуелсіздік рухы, тәуелсіздік тойы түк те сезілмейді.

Бабалар аңсаған еркіндіктің дүбірі қайда?
Алаш арыстары жырлаған рухты әнұран қайда?
Сан ғасыр Ұлт аңсаған ұлы той қайда?

Тәуелсіздік күні – отар болған ұлттардың ең айтулы мерекесі болса керек. Дегенмен, Әнұран айтуға ерінетін ұрпақ, тәуелсіздік қадірін әсте түсінбес…

Тәуелсіз деген сөз құлаққа қалай жағымды естіледі ә?
Құдай қазақты ендігіде біреуге жалтақтап, отар болудан сақтасын!

Менің жалғыз отаным бар, ол – Қазақ елі.

P.S: Тәуелсіздік күні эстра әншілерінің 3 минуттық әні емес, бабалардың сан ғасыр кеудесінде сақтаған үні, үміті.
Ертеңгі жаттанды, шала қазақ / орыс тілді “атам-ай, бабам-ай, Қайратым-ай, Ләзаттым-ай”- деген посттармен жағаласпай, біз тәуелсіздікті бүгін тойлайық!

https://t.me/sadaq_zh


Соңғы уоқиғаға байланысты халық блогерлерге ренжулі екен.
Халықтың көзі ашыла бастағанға қуаныштымын!!!

Жалпы блогерлер, тиктокерлер, әншілер олар ұлттық интеллегенция өкілі емес, олардан үміт күтуге болмайды.

https://t.me/sadaq_zh


Осы жерден маған, каналға, жалпы “жұмбақ есіммен” сұрақ қойсаңыздар болады.

👉 t.me/anonaskbot?start=4XZLyxDQtB14vWX


Отарланған ұлттардың ортасынан батыл, батыр адам іздеуі, соны арқа тұтуға тырысуы, содан үміт күтуі–бұл да ұжымдық жарақаттың негізі

https://t.me/sadaq_zh


Көптен бері ұлттық генетика, ұлттық психология, ұлттық тек, ұлттық код жайлы оқып, зерттеп жүрмін.

Ғылым балаларының айтуынша: «отар болған ұлттар кез-келген саяси, әлеуметтік оқиғаға төзімді, бейімделгіш болып келеді». Бұл отар ұлттың – психологиясы.

Тағы да Ғылым балаларының айтуынша: « қазақ халқы әлем елдерінің ішінде өзге тілді үйрену тәжірбиесі бойынша топ бастайды». Бұл отар ұлттардың өз тіліне, дініне, құндылығы мен мәдени мұрасына бей-жай қарап, отаршыл ұлттардың мәдениетіне сүйеніп, соны арқа тұтып, тез бейімделетін ортақ, ұжымдық психологиясы, ұлттық травмасы.

Ұлттық травма
Бұл тарихи процестердің, саяси қуғын-сүргіннің, әлеуметтік дағдарыстардың және табиғи апаттардың нәтижесінде қалыптасқан халықтың ұжымдық жарақаты.
Біздің ұлттың алған тарихи жарақаты көп, тәуелсіздікке жетсек те ол жарақаттан әлі айықпадық.

Өзге ұлттың саясатына, тіліне, шешіміне жалтақтап қарап, ұлт тілін, ділін қорлау, қажет сынбау– тарихи жарақаттың бір көрінісі. Атадан қалған қорқыныш, сананың отарлануы – соның негізі.

Тәуелсіз қазақ баласына айтарым:

ОТАР БОЛМА– ОТАН БОЛ!

https://t.me/sadaq_zh


Кітап тұсаукесерінен бір естелік

https://t.me/sadaq_zh


Ахаң алғаш ақталған жылдар

https://t.me/sadaq_zh




Кімде ватсап, инстаграм істемей тұр ал?


Ақтөбе қаласы, Алға ауылы, Қарағаш округі, Самбай ауылының А.Байтұрсынұлы атындағы мектепте мына сүгірет жарқырап тұр.

Әріп танымайтындар үшін

https://t.me/sadaq_zh

696 0 7 16 42

Ақтөбе қаласы, Бестамақ ауылындағы Есет батырдың кенесіне барып, құран бағыштап, мұражайын көрдік.

Есет батыр аяғын батысқа, басын шығысқа қаратып жатыр(шариғат бойынша жерленбеген). Бұл батырдың өсиеті ғой. Ондағы себебі, өлсем де аяғыммен жауды тіреп жатамын дегені екен)

https://t.me/sadaq_zh




Бүгін Ақтөбе қаласында «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жарық көрген 16 кітаптың тұсаукесері өтті

Біз осы жоба аясында «Алаш ардақтысы (Әбубәкір Алдиярдың өмірі мен шығармағылығы)» атты еңбегімізді дайындаған болатынбыз.
Әбубәкір Алдияр қазақтың тұңғыш екі жоғарғы білімі бар дәрігері, жазушы, публицист, фольклортанушы, мәдениеттанушы алаш қайраткері еді. Оның еңбектері бұрын соңды жарық көрмеген, есімі ескерусіз қалған, толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген, оқырманға беймәлім тұлға еді. Ресей қалаларынан табылған архив құжаттары мен материалдар арқылы Әбубәкірдің тұлғасы айшықталып, оқырманға жаңа туынды жол тартатынына бек қуаныштымыз.

Жас қаламгер мен зерттеушілерге осындай үлкен мүмкіндік сыйлаған Қазақстан жазушылар одағына, Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов және аталған жобаның жетекшісі, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, ұстазымыз Елдос аға Тоқтарбайға айрықша алғыс білдіреміз


Алаш дәрігері – Әбубәкір Алдиярды ұстап берген, “халық жауы” деп куәлік берген өзінің көршісі, болницаға жұмысқа өзі алған күзетшісі т.с.с көзі таныс адамдар еді.

Қайран, Бәкір!

https://t.me/sadaq_zh

685 0 2 17 22
20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.