SAEBIZBRO_NEWS


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Musiqa


✅Ссылка группы👇🏼
https://t.me/joinchat/AAAAAE0t6NwObKRuWmOnFA
❗️Администрация не несёт ответственности за рекламу.

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Musiqa
Statistika
Postlar filtri


Желіде Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің Жапонияда жүрген сәті бейнеленген суреті тарап кетті.

Bakordamems парақшасының жазуынша, Бауыржан Байбек «сакура гүлдеген маусымды тамашалауға келген».


АҚШ Геологиялық қызметі хабарлағандай, 28 наурызда күндіз Мьянманың орталық бөлігінде жойқын жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 балл.

Жер асты дүмпулері Бангладеш, Үндістан, Таиланд, Лаос және Қытайда да сезілді


Жүздерін тұмшалап, қолдарына арабша сөздер мен қылыш бейнеленген Қазақстан туын ұстаған қыздардың суреті пайда болды. Бұл қазақстандықтардың ашуына тиді.

Кейін суреттің Атырау қаласында түсірілгені анықталды. Ал полициясы күдіктілердің ұсталғанын хабарлайды.

“Суретте бейнеленген барлық төрт күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жарияланбайды”, — делінген полиция хабарламасында.

Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға заң бойынша үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін - 11 796 000 теңге мөлшерде айыппұл салу немесе 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қазақстанның сейсмологтары сағат таңғы 3:42-де Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жер дүмпуінің негізгі ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.

Ол бірнеше аймақта сезіліпті: Меркі - 5 балл; Құлан - 4 балл; Шу - 2 балл; Төле би - 2 балл; Сарыкемер - 2 балл; Тараз қаласы - 2 балл; Қордай - 2 балл; Аса - 2 балл; Мойынқұм - 2 балл.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Белгілі журналист Сырым Итқұлов Түркістан облысында ер адамның итті есекке айдап салып, азаптап жатқан сәтін видеоға түсіргенін хабарлады. Осы жағдай қоғамда наразылық туғызып, жануарларға деген қатыгездік мәселесін қайта көтерді.

Сырым Итқұлов жануарларға жасалған мұндай қатыгездікті қоғам мәдениетінің төмендігімен байланыстырды.
"Түркістан облысында осындай оқиға болды. Бұл адам жануарларды қинап жатыр. Қандай қоғамдық мәдениет туралы сөз қозғауға болады?" – деп жазды ол.

Желіде тараған видеода екі иттің есекке шабуыл жасап, оның жан ұшыра қарсылық көрсеткені байқалады. Үй жануарының аяғы мен жамбас бөлігінің артқы тұсы жарақаттанған.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Желіде оқушы қыздың өзімен шамалас қызды ұрып-соққан сәті түсірілген видео жарияланды. Оқиға Павлодарда болған. Жанжалға қатысқандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ал кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

«Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарауына кәмелетке толмағандарды ШҚО-дағы Серебрянск қаласында орналасқан «Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа» жіберу туралы мәселе шығарылды.

Жасөспірімдер оқытылатын жалпы білім беретін мектептің әкімшілігіне құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыныс жіберілді», -
делінген хабарламада.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
2024 жылғы Париж Олимпиадасында жүлдеге ие болғандарға табысталатын медальдың бәрі алтын, күміс және қоладан жасалмайтыны белгілі болды.


Құзға өрмелеу спортынан сынға түскен қазақстандық спортшы 1/4 финалда ирандық Али Пурден жеңіліп, финалға шыға алмай қалды.

Әмірдің уақыт көрсеткіші - 6.14 секундты құрайды.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Алматыдағы апаттың автобус ішінен түсірілген видеосы желіде тарады

Онда жолаушының соққысынан кейін жүргізуші әйелдің есінен танғаны мен автобустың соқтығысқан сәтін көруге болады.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Алматыдағы автобустың жаяу жүргіншілерге соғылған сәті таспаланған видео пайда болды


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


«Үш ересек адам жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол жақ жамбас сүйегінің сынығымен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол жақ аяқ сүйектерінің сынуы диагнозымен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі», – деп мәлімдеді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


 


Алматыдағы бүгін сағат 18:15-те Райымбек даңғылында жол апаты болып, 3 адам қаза тапты.

№47 қоғамдық көлігіндегі жолаушы көлікті басқарған жүргізуші әйелді ұрып, жүргізуші есінен танып қалған. Басқарудан шығып кеткен автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.

«Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», – делінген полиция хабарламасында. 

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды.





15 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.