Адам қажет. Жаның тыныштық табатын адам. Ешкімге айта алмаған, ішіңде тұрған алай-түлей күйіңді, сәт сайынғы эмоцияларыңды, сезімдеріңді, қуанышыңды, қайғыңды, жаңалығыңды, күніңнің қалай өткеніне дейінгі әңгімеңді айтқанда, қалай бар солай тыңдайтын. Оның иығына барып басыңды қойғанда – бұл дүниенің көңіліңді төңкерген сәттерін ұмытатын. Бар жақсыны сол адаммен көрмекке, естімекке ұмтылатын. Қарапайым нәрсені жасау алдында сол адамды ойлайтын. Ол – сенің жаныңмен үндескен адам.
Адамды дүниесімен жақсы көрмеу керек. Адамға ең керек нәрсе – көңіл мен сөз. Жаныңды жылытатын да, жақсы көруге себеп те – сол сөзден шығады. Сөзі берік адамның ісі дәледі!
Адам адамға сөзімен, көңілімен – дауа.
Адамды дүниесімен жақсы көрмеу керек. Адамға ең керек нәрсе – көңіл мен сөз. Жаныңды жылытатын да, жақсы көруге себеп те – сол сөзден шығады. Сөзі берік адамның ісі дәледі!