Абдуррахман ибн Ауф: Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні тұрып, құбылаға қарап сәжде етті. Сәждеде ұзақ болғаны соншалықты оны жан тапсырды ма деп ойладым. Қасына жақындап отырдым. Басын көтеріп: - Кім бұл? – деді. Мен: «Абдуррахман», - дедім. Пайғамбарымыз: «Бұл отырысың не?» – дегенде, мен: «Уа, Расулалла, сәждені ұзақ еттіңіз, сізді жан тапсырды ма деп ойладым», - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: «Маған Жәбірейіл келді де, Алланың сүйіншісін жеткізді: «Кімде-кім саған салауат (жолдаса) оқыса, Мен де оған он салауат жолдаймын. Саған сәлем бергендерге де сәлем берем». Мен осы сүйінші үшін Аллаға шүкір сәждесін орындадым»
📚 (Мухтасар Ибн Кәсир, 3:111-2)
📚 (Мухтасар Ибн Кәсир, 3:111-2)