Теміртау қаласындағы Қарағанды индустриялық университетінің базасында тау-кен металлургия өнеркәсібі саласына арналған «Ғылым мен өндірісті интеграциялау» ғылыми-инновациялық хакатоны басталды.
🔶 Ғалымдар, өнеркәсіп өкілдері мен басқарушылар Qarmet зауытына және жалпы отандық өнеркәсіпке арналған ғылыми-технологиялық шешімдерді іздеп, әзірлеу үшін бас қосты.
👥 Хакатонның салтанатты ашылуына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқұатов, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Камиль Акатов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Qarmet» АҚ бас директоры Вадим Басин, хакатонға қатысушы университеттердің ректорлары, ғылыми ұйымдар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
🔶 Өндіріске енгізіліп жатқан ғылыми жобалардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде келушілер университеттің ғылыми әлеуетімен танысып, монографиялар, патенттер, мақалалар мен оқу құралдары түрінде ұсынылған жұмыстарды тамашалады. Бұл көрме ғылыми әзірлемелердің нақты инновациялық өнімдер мен технологияларға қалай айналатынын көрсетті.
🌐 Биылғы жылдың басынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғалымдар мен өндіріс өкілдерінің өзара іс-қимылын дамыту бойынша жұмысты қолға алды. Өндіріс өкілдері зерттеушілерге техникалық тапсырмалар қояды, ал ғалымдар мемлекеттің қолдауымен сол тапсырмаларды жүзеге асыру жолдарын іздейді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, біз ғылымның күшін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағыттап отырмыз. Алғашқы қадамды тау-кен металлургия саласынан бастадық, өйткені бұл – экономиканың негізі, – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. – Біздің мақсатымыз – ғылыми ұжымдарды өндіріс орындарымен біріктіру және процестерді жетілдіруге, тиімділікті арттыруға көмектесетін инновациялық шешімдерді табу. Атап айтқанда, металлургиялық комбинат Qarmet ескірген технологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік алады, ал ғалымдарға нақты ғылыми-техникалық міндеттер қойылады.
🔶 Хакатон алдында Абылқас Сағынов атындағы ҚарТУ және ҚарИУ университеттерінің ғалымдары мен металлургиялық комбинат өндірісінің техникалық мамандарының кездесуі өтті. «Qarmet» АҚ бас директоры Вадим Басиннің айтуынша, стандарттан тыс шешімдерді талап ететін бірқатар техникалық тапсырмалар анықталды.
🌐 Қарағанды облысының әкімдігі де ғылыми және өндірістік жобаларға қолдау көрсетуге дайын.
- Теміртау – біздің өңір үшін маңызды қала. Облыстың өндірісінің 30 пайызы – металлургиялық комбинат пен оның айналасындағы кәсіпорындардың үлесіне тиесілі. Біз үшін Qarmet-тің дамуы өте маңызды, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
🔶 Екі дөңгелек үстел өтті, онда «Qarmet» АҚ-ның ағымдағы және болашақ даму мәселелері талқыланып, хакатон бағыттары бойынша ғылыми міндеттерді айқындау, прототиптер мен жобалық шешімдер ұсынылды.
❗️ Іс-шара соңында қатысушылар «Qarmet» АҚ цехтарына экскурсия жасайды. Кейін ғалымдар хакатон аясынан тыс таңдалған жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастырады.