Зерттеушілер тобы, «Ғылым қоры» АҚ сарапшысы Қайрат Молдашевтің жетекшілігімен, жоғары оқу орындары мен бизнес арасындағы өзара байланыстарды талдап, ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен мүмкіндіктерін анықтады.
🔶 Қазақстандық ғалымдардың «Higher Education in Kazakhstan» журналында жарияланған зерттеуі «Ғылым қоры» АҚ бастамасымен жүзеге асырылған жоба аясында орындалды. 2024 жылғы ғылыми-технологиялық саясаттың прогрессивтілігіне қарамастан, университеттер мен бизнес арасындағы әріптестікті нығайту үшін әлеуеттің әлі де жоғары екені анықталды.
🔎 Негізгі мүмкіндіктер:
• Жоғары технологиялық салаларды дамыту: Инновацияларды енгізуге дайын кәсіпорындарды құруды ынталандыру университеттермен ынтымақтастық әлеуетін едәуір арттыра алады.
• Ішкі процестерді оңтайландыру:
Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі рәсімдерді жеңілдету өзара әрекеттестікке қолайлы жағдай туғызады.
• Қаржыландыруды арттыру: Технологияларды енгізуге қажетті ресурстарға қолжетімділікті кеңейту бірлескен жобалардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
❗️Жоба осы мүмкіндіктерді іске асыруға оған қоса, Қазақстанның ғылыми және бизнес қауымдастықтары арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған. Жұмыс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің BR21882077 гранты аясында қолдауымен жүзеге асырылды.
🌐 Мақаланың толық мәтіні журнал парақшасында қолжетімді:
https://highedujournal.kz/index.php/1/article/view/337/87