03:05-03:49
🎧: Rauf & Faik - закат и рассвет
Мен бүгін жылдар бойы өз өмірін ысырып қойып, отбасын асырауды қолға алған адамды көрдім. Әрине, отбасындағы кикілжіңге екі жақ та кінәлі. Бірақ мен бүгін өзін отбасы үшін жоғалтқан адамның өзін көрдім. Арақпен ақылдасып, сырамен сырласып, темекімен тербелген бұл жанның тәні шынымен дірілдейді. Күйік ішін өртеп бара жатқандықтан тамаққа да тәбеті жоқ. Оның жанарындағы шамы сөніп қалған екен..
Көкірегі асқақтап, намысын биік қойған нар тұлғаның құлдырағанын көруден артық қасірет жоқ шығар. Кейбіреулердің бұған жаны кіруі де мүмкін. Бір кездері мен де, өзіне де керегі сол дегенмін, өйткені өкініш оның өзегін бұрыннан өртеп келе жатқан еді. Оның құшағымда еңкілдеп жылағанын көрсеңіздер ғой..
Ер адамның өкіріп жылағаны - әлсіздігін емес, мықты болуға сан мәрте тырысқанын білдіреді. Өз басымнан білемін, достарым көп дегеніммен, адамдар арасында жалғыздықты тереңінен сезініп, жылайтынмын.
Қыстың суығы жанымыздың да кейде мұздайтынының көрінісі сияқты. Алдағы жылдарда бар болуы үшін, адамға қайта тірілу керек. Ал бұл зор күш пен ұзақ уақытты талап етеді. Әрине бәрі өтеді де кетеді деу оңай, бірақ жылдар бойғы еңбегің далаға кеткенде, жасың еріксіз бетіңнен тайғанайды.
Шіркін, бәрі адамның қолында болса, бақытсыз болуды ешкім таңдамас еді ғой. Иә, бұл таңдау дерсіз бәлкім, иә бұл солай да шығар. Бірақ сыртқы факторлар әсер етпей қоймайды ғой..
Жартыңды тапқаннан гөрі, жалғыз болған мың есе артық екеніне күннен-күнге көзім жетуде. Шынайы бақытты ешкім жоқ. Балаларын қимайтын Әке не Ана бар, некесін сақтағысы келетін, бірақ бір-біріне жау боп кеткен жұптар бар. Отбасының қамын ойлаймын деп тентіреп жүрген Әке бар, үйде балалармен жүнжіп отырған Ана бар. Күйеуге емес, тұрмысқа шыққан қыз бар, қыз емес, келін алған жігіт бар. Бұл әңгіменің басқа қыры да бар, мен бірақ бір-ақ қырын айтып жатырмын. Ал ажырасып жатқандар тіптен бақытты емес, бақытсыздықтың нағыз азабын тартып жүрген солар.
Осы тақырыпты ойлағанда, үйленгендегі қиындықтар көз алдыма елестеп, қазірден қиналамын. Бақытсыз болудан қорыққаннан емес, жауапкершіліктен қашқаннан емес, неке мен балалы болу ерекше жауапкершілік пен шынайы бақытты талап ететінін білгендіктен бойдақ болып қала берсем бе деймін, өйткені қазірдің өзінде шынайы бақытты емеспін. Ал жартымды тауып, оны да бақытсыз қылсам бұл не қылғаным болмақ?
Үйленем десең демде, ақымақтықпен үйленгендердің зардабын тартып келемін. Бақытсыз толық отбасында өскеннен гөрі, бақытты толық емес отбасында болған дұрыс па деп қалдым. Қадамдарымды аңдап басқым келеді, (тек қана некеге қатысты емес), себебі қазір бәріне жүрек керек, ешкімнің жүрегін жаралағым келмейді, тәжірибелерім жетер..
Бәріңе шынайы бақытпен қатар, зор сенім, бітпес энергия мен қайсар жүрек тілеймін! Тұрақсыз өмірде тұрақтаған жерлеріңде бақытты бола біліңдер! Өмірлерің трагедия емес, қуанышты драма болсын!
Соңы.
Шексіз сүйіммен Шуақ Тағай