Жылаған қыз.
Көрдім кеше бір аруды жылаған,
Шыдай алмай мен себебін сұрағам.
Дейді сұлу: "тек мен үшін өмірде,
Жалғыз ғана адам қатты ұнаған.
Жылады қыз... күн қайда деп кешегі,
Қол ұстасып кезіп жүрген көшені.
Мәңгі бірге боламыз деп шынайы,
Біздің жүрек серт байласқан - деседі.
Сыр ақтарды жабырқаулы күйге еніп,
Ең соңғы рет "сүйемін"- деп, сый беріп.
Сол сертінде ақырында тұра алмай,
Басқа жанмен кеткен екен үйленіп.
Жылады қыз төгіп жасын күнәсіз,
Қыз орынында болсаң егер мына сіз.
Айтыңдаршы, алдап кетсе сүйгенің,
Ол уақытта қандай амал қыласыз?
Тас жүректер алдайтұғын қыздарды,
Қыздар - ана қалдыратын із мәңгі.
Қолда барда қадірі жоқ алтынның,
Бағалайық сондықтанда біз барды.
Отыр едім көңілді боп кеш құрым,
Жүрегіме бір сұп суық есті мұң.
Кешегі ару өз-өзіне қол жұмсап,
Дүниеден озғандығын естідім.
Ей, бауырлар, «өмір» дейтін сынақта,
Ешқашанда қыз жүрегін жылатпа.
Доспен ойна, отпен ойна, жарайды,
Тағдырменен ойнамаңдар бірақта.
Торғайлық ақын - Саят Əбенов
@sezim_kz
Көрдім кеше бір аруды жылаған,
Шыдай алмай мен себебін сұрағам.
Дейді сұлу: "тек мен үшін өмірде,
Жалғыз ғана адам қатты ұнаған.
Жылады қыз... күн қайда деп кешегі,
Қол ұстасып кезіп жүрген көшені.
Мәңгі бірге боламыз деп шынайы,
Біздің жүрек серт байласқан - деседі.
Сыр ақтарды жабырқаулы күйге еніп,
Ең соңғы рет "сүйемін"- деп, сый беріп.
Сол сертінде ақырында тұра алмай,
Басқа жанмен кеткен екен үйленіп.
Жылады қыз төгіп жасын күнәсіз,
Қыз орынында болсаң егер мына сіз.
Айтыңдаршы, алдап кетсе сүйгенің,
Ол уақытта қандай амал қыласыз?
Тас жүректер алдайтұғын қыздарды,
Қыздар - ана қалдыратын із мәңгі.
Қолда барда қадірі жоқ алтынның,
Бағалайық сондықтанда біз барды.
Отыр едім көңілді боп кеш құрым,
Жүрегіме бір сұп суық есті мұң.
Кешегі ару өз-өзіне қол жұмсап,
Дүниеден озғандығын естідім.
Ей, бауырлар, «өмір» дейтін сынақта,
Ешқашанда қыз жүрегін жылатпа.
Доспен ойна, отпен ойна, жарайды,
Тағдырменен ойнамаңдар бірақта.
Торғайлық ақын - Саят Əбенов
@sezim_kz