Жігіттер ерiнбей оқыңыздар
Қыз көрсек есімізден адасамыз,
Қырындап сезіммен де жарасамыз.
Көзімізді шер басып тастағандай,
Қызға бола доспен де таласамыз,
Әрқайсысын кезекпен алмасамыз,
Ғашықтықтың төрінде далбасамыз.
Лүпілдеген ернінің дәмін татсақ,
Ұзын шаш етегіне жармасамыз.
Қыз көрсек өзімізді жоғалтамыз,
Сананы албастыға тоналтамыз.
Төсектік қатынасқа итермелеп,
Пәктігін суарады ақ қалтамыз.
Жүкті болса мойынға алмаймыз ғой,
Зарлы үнін құлаққа шалмаймыз ғой.
Жаралған өзіміздің қанымыздан,
Баланы қойнымызға салмаймыз ғой.
Ерлерміз ұсақталып бара жатқан,
Без бүйрек,тас жүрекпіз мұздай қатқан.
Талай қыздың үстінен өткенмін деп,
Қарызға белшесінен күнә батқан.
Бір құмалақ бір қарын май шірітеді,
Зиналық санамызды ірітеді.
Қашамыз, жасайтынын жасап алып,
Қызды қорлап тастаймыз не бітеді.
Сүйем,күйем,ұнатам,үйленем деп,
Жүреміз ғашықтықтан жанды емдеп.
Бес минут ләззат алып бойымызға,
Иттілік қып кетеміз мұңды жемдеп.
Періштедей қыздарды шөпке теңеп,
Шөп дегенің көп дейсің жанды илеп,
Сондағы жеп жұтатын жігіт мал ма?
Қыздарың қорланардай қандай себеп?
Қыз-анаң,қыз-әйелің,қыз-қарындас,
Нәзік жанға қалайша жыр жазылмас.
Құдіретін ұғынсақ олар жоқта,
Ішкі жан дүниеңнен сыр ашылмас.
Баланы қоқыстарға лақтырылып,
Көшеге де тастайтын иттей қылып.
Көліктердің астына түсіретін,
Әжетхана тесігіне жасырылып.
Сол баланы қыз жалғыз жаратпайды,
Ұрықсыз ешбір ұрпақ таратпайды.
Бала тапқан қыз ұятқа қалса дағы,
Істеген жігіт жүзін қаратпайды.
Наданбыз ба бұл өмірде дым ұқпайтын,
Шаттанатын қайғыдан су жұтпайтын.
Кесіріміз қыздарға тиіп жатыр,
Жанбыз ғой саусақты да бір сұқпайтын.
Бейшара қыз шарасыз күйде қалар,
Әкесіз бала тапқан деп аталар.
Олардың әкелері біз едік ғой,
Құшағына әсерлі нәрін салар.
Алдағанға қыздар да көніп жатыр,
Үміт оты бықсып қап сөніп жатыр.
Жігіттер ойланатын уақыт жетті,
Ұрпағымыз шашылып бара жатыр.
Қашанға кемшілікті жасырамыз,
Үндемей опасыздық асырамыз.
Он екіде гүлдерін аштырып ап,
Қыз басынан бақ құсын қашырамыз.
Алла осы ісімізді кешірмейді,
Иманы бар жігіттер есірмейді.
Көшеден тән беретін сұлу іздеп,
Алысып, төсектерде секірмейді.
Жастық шақ,ойымызға не кірмейді?
Жылап жатқан дауыс та естілмейді.
Іс бетін жап бәрібір жазасы бар,
Алладан бақтың кілті берілмейді.
Екі қабат қызыңның тастап кеткен,
Баласының көз жасы жібермейді.
Бұл өмірде бақытты болуыңа,
Нәрестенің көз жасы жібермейді
@sezim_kz
Қыз көрсек есімізден адасамыз,
Қырындап сезіммен де жарасамыз.
Көзімізді шер басып тастағандай,
Қызға бола доспен де таласамыз,
Әрқайсысын кезекпен алмасамыз,
Ғашықтықтың төрінде далбасамыз.
Лүпілдеген ернінің дәмін татсақ,
Ұзын шаш етегіне жармасамыз.
Қыз көрсек өзімізді жоғалтамыз,
Сананы албастыға тоналтамыз.
Төсектік қатынасқа итермелеп,
Пәктігін суарады ақ қалтамыз.
Жүкті болса мойынға алмаймыз ғой,
Зарлы үнін құлаққа шалмаймыз ғой.
Жаралған өзіміздің қанымыздан,
Баланы қойнымызға салмаймыз ғой.
Ерлерміз ұсақталып бара жатқан,
Без бүйрек,тас жүрекпіз мұздай қатқан.
Талай қыздың үстінен өткенмін деп,
Қарызға белшесінен күнә батқан.
Бір құмалақ бір қарын май шірітеді,
Зиналық санамызды ірітеді.
Қашамыз, жасайтынын жасап алып,
Қызды қорлап тастаймыз не бітеді.
Сүйем,күйем,ұнатам,үйленем деп,
Жүреміз ғашықтықтан жанды емдеп.
Бес минут ләззат алып бойымызға,
Иттілік қып кетеміз мұңды жемдеп.
Періштедей қыздарды шөпке теңеп,
Шөп дегенің көп дейсің жанды илеп,
Сондағы жеп жұтатын жігіт мал ма?
Қыздарың қорланардай қандай себеп?
Қыз-анаң,қыз-әйелің,қыз-қарындас,
Нәзік жанға қалайша жыр жазылмас.
Құдіретін ұғынсақ олар жоқта,
Ішкі жан дүниеңнен сыр ашылмас.
Баланы қоқыстарға лақтырылып,
Көшеге де тастайтын иттей қылып.
Көліктердің астына түсіретін,
Әжетхана тесігіне жасырылып.
Сол баланы қыз жалғыз жаратпайды,
Ұрықсыз ешбір ұрпақ таратпайды.
Бала тапқан қыз ұятқа қалса дағы,
Істеген жігіт жүзін қаратпайды.
Наданбыз ба бұл өмірде дым ұқпайтын,
Шаттанатын қайғыдан су жұтпайтын.
Кесіріміз қыздарға тиіп жатыр,
Жанбыз ғой саусақты да бір сұқпайтын.
Бейшара қыз шарасыз күйде қалар,
Әкесіз бала тапқан деп аталар.
Олардың әкелері біз едік ғой,
Құшағына әсерлі нәрін салар.
Алдағанға қыздар да көніп жатыр,
Үміт оты бықсып қап сөніп жатыр.
Жігіттер ойланатын уақыт жетті,
Ұрпағымыз шашылып бара жатыр.
Қашанға кемшілікті жасырамыз,
Үндемей опасыздық асырамыз.
Он екіде гүлдерін аштырып ап,
Қыз басынан бақ құсын қашырамыз.
Алла осы ісімізді кешірмейді,
Иманы бар жігіттер есірмейді.
Көшеден тән беретін сұлу іздеп,
Алысып, төсектерде секірмейді.
Жастық шақ,ойымызға не кірмейді?
Жылап жатқан дауыс та естілмейді.
Іс бетін жап бәрібір жазасы бар,
Алладан бақтың кілті берілмейді.
Екі қабат қызыңның тастап кеткен,
Баласының көз жасы жібермейді.
Бұл өмірде бақытты болуыңа,
Нәрестенің көз жасы жібермейді
@sezim_kz