Мен ұқсатам адамдарды кітапқа,
Кітаптардан жауап табам сұраққа.
Біреулер бар ертегідей қызықты,
Ал біреуді оқимын мен жылап та.
Бір адамдар көрінеді дастандай,
Әлемі де, мөлдір, тұнық аспандай.
Қайта-қайта ашқың келер парағын,
Құдды осы, бұлақ ағып жатқандай.
Бірі роман, әлде қисса дермісің,
Соңын қуып, әріптерге ересің.
Жылулығын сезініп жүрегіңмен,
Сөрелерден тағы іздей бересің.
Оқылмайтын кітап та, бар өмірде,
Қона қоймас оқысаң да көңілге.
Өмір солай, тұрады жұмбақтардан,
Сол кітаптың бірімін ғой өзім де!
(с) Маликова Д.Ж.
18.11.2017ж
@sezim_kz
Кітаптардан жауап табам сұраққа.
Біреулер бар ертегідей қызықты,
Ал біреуді оқимын мен жылап та.
Бір адамдар көрінеді дастандай,
Әлемі де, мөлдір, тұнық аспандай.
Қайта-қайта ашқың келер парағын,
Құдды осы, бұлақ ағып жатқандай.
Бірі роман, әлде қисса дермісің,
Соңын қуып, әріптерге ересің.
Жылулығын сезініп жүрегіңмен,
Сөрелерден тағы іздей бересің.
Оқылмайтын кітап та, бар өмірде,
Қона қоймас оқысаң да көңілге.
Өмір солай, тұрады жұмбақтардан,
Сол кітаптың бірімін ғой өзім де!
(с) Маликова Д.Ж.
18.11.2017ж
@sezim_kz