🇰🇿 Бір қызығы хадис усулінде Ханафи мазхабының әдіснамасы бойынша арнайы кітап жазылмаған. Міне ең бірінші кітабымыз 21 - ші ғасырда жазылған Абдул - Мажид Туркманидің еңбегі саналады. Бұл тұрғыдан әрине Хадисшілер бізден көп көп есе алда. Өйткені олардың әдіснамасы бойынша жазылған кітаптардың саны жүзден асады. Бірақ біздің хадис әдіснама бұл күнге дейін жеке кітап ретінде жазылмаса да Усуль-фықых кітаптарымыздың сүннет бөлімінде түсіндірілген. Бәлкім осыдан себеп ғұламалар жеке кітап күйінде жазуды жөн көрмеген шығар. Білмеймін, бірақ Ханафи мазхабында өте көп Усуль-фықых кітаптары жазылған. Міне, біз де өзіміздің хадис әдіснамамызды осы кітаптарға қарап үйренеміз. Ханафи мазхабының хадис әдіснамасын жақсы зерттеймін дегендерге ғұлама Пәздәуидің усул кітабына, ғұлама Жассастың усул кітабына, Абдульазиз Бухаридің Мунтахаб Хусамиге жазған шархына қарауларына болады.