🇰🇿 Имам Абу Юсуф хижри жыл санақпен 158 - ші жылы фықых мәжілісінің басына шығып 166 - шы жылға дейін жалпы сегіз жыл басқарады. Ол 166 - шы жылы қазылыққа аталады. Осылайша оның қазылық өмірі басталады. Өлгенше дейін халифаттың қазылық міндетін адал атқарып өтеді. Тіпті Халиф Харун Рашидтің кезеңінде Имам Абу Юсуф қазылардың қазысы дәрежесіне дейін көтеріледі. Оның арапшасы قاضي القضاة деп айтылады. Кәзіргі тілмен айтқанда үкіметтің ең жоғарғы судьясы. Осыдан себеп ме екен, әйтеуір ханафи мазхабы халифаттың бас мазхабына айнала бастайды. Және де бұдан кейін келген бүкіл ислам үкіметтері ханафи мазхабы бойынша үкім жүргізген. Әрине бұл жерде Имам Абу Юсуфтың тигізген әсері орасан зор болды. Имам Абу Юсуфтың қазылық мәселелерінде өте үлкен тәжірибесінен себеп Ханафи ғұламалары қазылық мәселелерінде оның көз - қарастарын негізге алған. Имам Абу Юсуф хижри жыл санақпен 182 - ші жылы дүниеден өтеді. Алла Тағала барша ғұламаларымыздан разы болсын. Олардың жолын нәсіп етсін! Амин.