Бүгін Қазақстан Республика күнін тойлап жатыр.
1992 жылдан 2009 жылға дейін 25 қазан Қазақ КСР-інің егемендігі туралы Декларация қабылданған күн ретінде тойланып келді. 2009 жылдың сәуірінде Н.Назарбаев мерекені алып тастады. Осылайша, бір адамның шешімімен Республика күні Қаңтар қырғыны болған 2022 жылға дейін тойланбады.
Қаңтардан кейін президент Тоқаев «Жаңа Қазақстан» науқанын бастады. Сол арқылы ол қазақ халқын популистік күн тәртібі арқылы тыныштандыруға және өзін Назарбаевтан тәуелсіз президент ретінде көрсетуге тырысты. Мәселен, 2022 жылдың мамырында Тоқаев Д.Қонаевтың құрметіне Қапшағай қаласының атын «Қонаев» деп өзгертті. 2022 жылдың қыркүйегінде ол Нұр-Сұлтан қаласының атын Астана деп қайта өзгертті. 2022 жылдың маусымында Ұлттық құрылтайдағы сөзінде Тоқаев Республика күнін маңызды дата екенін атап өтті. Сол жылы қыркүйектің соңында Республика күнін жалғыз ұлттық мереке деп танитын заңға қол қойды.
Жыл сайын Республика күні қарсаңында мыңдаған адамға медаль және алғыс хат таратылады. Ал Қазақстан құруға ұмтылатын республика қандай болуы керек деген қоғамдық талқылау жоқтың қасы. Назарбаев дәуіріндегідей Тоқаевтың “Екінші республикасында” шынайы оппозиция сайлаудан шеттетіледі, сөз бостандығына үнемі шабуыл жасалады, ал бейбіт жиналыстар өткізу құқығы қағаз жүзінде ғана бар.
Осылайша, Республика күні тойланса да Қазақстан ұлт ретінде “республиканың” шынайы мәніне жақындай алған жоқ. Қазақстанда инклюзивті саяси институттарды құру үшін әлі көп тер төгу керек. Тәуелсіздік кезеңде туылған біздің ұрпақ аға ұрпақ құра алмаған институттардың негізін қалауға ат салыса алады деп ойлаймын. Экономика бойынша Нобель сыйлығының биылғы лауреаттары Дарон Асемоглу, Саймон Джонсон және Джеймс Робинсон дәлелдегендей, институттарсыз бай, қуатты әрі азаматтары еркін мемлекет құру мүмкін емес.
Біз, қазақстандықтар, шынайы институттардың қаншалықты маңызды екенін авторитарлы республикамыздың 33 жылдық тарихынан жақсы білеміз. Ең бастысы, қазір сабақ шығаруымыз керек. Сонда ғана біз еркін және әділ сайлау арқылы сайланған, қазақ азаматтарының нағыз өкілдері басқаратын шынайы республика құра аламыз.