Postlar filtri


“Табысты көбейтуге тікелей не әсер етеді?”

Наблюдение предпринимателя и дипломированного психолога
Бұл сұраққа жауап - менің 3 жылдық зерттеуімнің нәтижесі

Пост ұзақтығы 2-3 минут, бірақ табыс көтеру жолыңызды 2-3 есе қысқартуы мүмкін.

Бұл сұраққа жауапты 2021 жылдың күзінен іздедім. Себеп: 2020-2021 жылдары бизнес курсымды өткен кәсіпкерлердің 70% инструменттерді толық меңгерсе де, ол білімді табыс табуға қолданбағаны.

Сол уақытта “ананы кешір, мынаны проработка жаса” деген насихат нарықта кеңінен тарай бастады. Психологияны тереңінен зерттей келе, 2023 жылы бұл зерттеуімнің нәтижесі ретінде “Екінші Шанс – ақша психологиясы” деген кітабымды шығардым.

Цитирую: “Психотерапияның мақсаты - өзіңді тану. Оны ақша табу үшін қолдану аздық етеді. Ақшаға келгенде маркетингті дұрыс білу маңызды. Нақты ақша алып келетін алтын әрекеттерді іздеу керек”.

Бұл мәселеге көп әріптестерім келіспесе де, мен өз ойымды ғылыми дәлелдеп отырдым.

Бұл тезисімді осы уақытқа дейін тексеріп келдім.

2024 жылы ГАМИ 800+ қатысушылары өздері таңқалатын ақшалай нәтижелерді жылдам, әрі тұрақты ала бастады.

ГАМИ - Гипотеза, Амал, Метрика, Инсайт. Демек, кәсіпке ақша әкелетін гипотезаларды тестілеу. Бұған RUMI мейрамханасын жүргізгенімде жылына кемі 1000-ға жуық гипотезаларды тестілеп көргенде көзім жеткен.

Тапқан жауабым мынау: “егер кәсіпкер өз бизнесінде ақша алып келетін связкаларды(алтын әрекет) білсе, онда ол масштабқа оңай шығады”.

Ал білмесе, қанша жерден проработка жасап, 3-4 күндік эмоцияналды качели жасаса да, қанша жерден бизнес инструменттер білсе де масштабқа шығуы қиын. Табыстың көбеймей жатқанының басты себебі - тек психологияда деп айта салу оңай еді.

Тек психология емес, құр реклема емес. Маркетингтің заңдылығын білу, сосын психология! Қайталаймын, құр бизнес инструмент, құр психология ақшаға тікелей әсер етпейді.

Мен бұл сұраққа толық жауап тапқанша бар күшімді салдым. Тіпті өзімнің магистірлік диссертацияма да осы тақырыпты алдым.

Осылайша, 3 жыл іздеген сұрағымның жауабын тауып, қуанып отырмын. 3 жыл еңбегім далаға кетпеді. Сатуға жұмсатын уақытымды жаңа методика ізденуге арнадым, баяғыда 2 айда жасалынатын сауданы, осы периодта 12 айда жасасам да, өз ойымнан қайтпадым.

Нәтижесінде, нағыз ақша алып келетін схеманы таптым.

Бұл уақытта менімен ізденісте, практикада болған, менен өнім сатып алған барша әріптестеріме, шәкірттеріме алғысымды айтамын. Кино енді басталады! Күтіңіз!


Бүгін менің туған күнім!

38 жасқа толдым және осы жасыма дейін түйген бірнеше ойды сізбен бөліскім келіп отыр:

1. Әрекет - сенімнің справкасы! Адамның не нәрсеге шынайы сенетінін - әрекеті көрсетеді: Адамның пікірі — жай ғана айтылған идея емес, ол - өзгеріс жасауға дайындық, әрекетімен дәлелденетін дүние. Әрекет жасауға дайын болмаса, айтып отырғаны пікір емес, жәй сән үшін айтыласалған сөз! Баяғыда, әдемі болсын деп терең сөздер айтсам, қазір терең нәтижеге апаратын жеңіл әрекеттерді іздеймін!

2. Сәтсіздік немесе қателік — бұл сабақ алудың жалғыз жолы: Спортта және өмірлік жеңілістер — бұл бастаманың аяқталуы емес, жаңа тәжірибе мен білім арқылы қайта бастау мүмкіндігі ғана. Баяғыда, қателіссем ұялатын едім, қазір сабақ алу үшін ойланатын болдым!

3. Эмоционалдық интеллект IQ-дан маңыздырақ: Эмоцияларды түсіну және басқару мүмкіндігі теориялық білімнге қарағанжа көбірек есіктерді ашады. Баяғыда, өмірді тану үшін білім алсам, қазір өзімді тану үшін оқимын!

4. Нағыз өзгерістер уақытты талап етеді: жеке жетістіктер біртіндеп, бірмен, екімен, қадам-қадам құрылады. Қанша күйіп-піссең де нәтиже алу үшін күту керексің! Бұны ертерек қабылдасаң, сол күйі тезірек нәтиже аласың! Тез жасау - асығу емес! Асығу - тез жасау емес! Баяғыда тез нәтиже алуды ойласам, қазір дұрыс бағытта болсам, нәтиже келетінін білемін!

5. Мақсатты қайта қарауға ешқашан кеш емес: тәжірбиең мен білімің толыққан сайын пікірің де өзгереді. Кеше маңызды болған нәрсенің сен ойлағандай мазмұнды болып шышпауы мүмкін. Қайтпайтын қайсарлық пен қырсықтықтың айырмашылығы өте үлкен. Қателіктен уақыты қайту - даналықтың белгісі! Баяғыда маған ақшаның саны қызық болса, маған қазір сапасы маңыздырақ!

Мен көбіңіздің көз алдында дамыдым. Бұл жолда маған серік болғандарыңызға рахмет! Алда әлі де көп жақсы жаңалықтар мен жеңістер болсын!

4.5k 0 12 102 119

Туған күнім күні, яғни 18.08 сағат *15:00-ден 18:00-ге дейін* «Жаңа комфорт» видео-созвонымда кездесеміз🫂

*Масштабқа рисксіз* шыққыңыз келсе ⏰ қойып дайын отырыңыздар🙌🏻

*Қатысқан адамның бәрінде бонус* 🎁 алу мүмкіндіктері болады

*Тіркелу үшін👇🏻*
https://shonbaytmk.kz/comfort


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Құттыбайдың историясынан кейін өзіңіздің түйген ойыңызбен бөлісіңіз, ең ұнаған комментке менен сыйлық.

Алдыңғы сыйлық Раноға кеткен еді, бұл жолы кімге кетер екен?


Менің сторизімді көріп жүрсіз бе? Жойқын контент кетіп жатыр ғой




👆Мына коммент ұнады

Раноға автографы менің Екінші Шанс кітабы сыйлық бар

👇Мына кітап. Сыйлық қалай?


Сәлеметсіз бе! Мен бұл арнаға 2017-2018 қосылдым. Мендегі мақсат өзімді дамыту және бейшаралық ойдан шығу еді.

Сосын көп ақша табу еді, бірақ ьұл ниетім дұрыс болмай шықты. Ниетті дұрыс қоймаған екенмін. Оны сіздің сабақтарыңызды қарап білдім. Аллаға шүкір қазір нақты өзіме не керек екенін білдім.

Бірақ сізден үйренерім көп әлі. Сіздің арнаңызды қарауға келгенде 🧠босатып келуге тырысам. Сізді жолықтырған Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын.


Құрметті оқырман, бұл каналға не үшін немесе қашан жазылғаныңызды білмеймін.

Бірақ бұл каналды мен дұрыс жүргізуге уақыт та себеп те таба алмай біраз жүрдім.

Міне кезекті себеп табылды. Осы ай менің туған күнім, осыған орай Инстаграмда тың контентпен бөліскелі жатырмын.

Осы каналды да сол үшін қолданамын. Тақырып: масштабқа шығудың құпиясы.

Егер сізге менің инфобизннестегі өнімдерім қатты қызық болмаса, өз амалыңызды ентерек табу үшін алдын ала ескертуді авторлық міндетім деп есептеймін.

Егер менің өнім инфобизнесті өнімдерім ұнаса онда сізге кайф болады.

Ал кеттік!

Комментариде бұл каналда менен не күтетініңізді жазып кетсеңіз, коммент арасынан 1 адамға сыйлығым болады
👇🏻


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Өткенде Астанаға IT бойынша Digital Bridge деген жиында сөйлеуім керек еді, өкінішке орай қызым больницаға түсіп бара алмай қалдым.. қараңызшы қалай әдемі өткен?


Мен оқыған Гай Кавасакидің кітабы осы


⚡️⚡️Шабыттандыратын пост⚡️⚡️

Мен бұл өмірге не үшін келдім?

Алдыңғы постта бұрын бұл сұрақтың жауабын «артымнан із қалдыру» - сияқты сезімде жүретінімді айтып едім ғой?

Так вот, кейін бұл әңгіме өте абстрактты әрі өте жалпылама екенін түсіндім. Содан 2010 жылы, ескі Apple-дің евангелтсті, яғни философиясын дәріптеуші Гай Квасакидің кітабын оқып, Apple-дің негізге пәлсапасы: Әлемді өзгертемін деген адамдарға қолқабыс болу, солар үшін шабыттандыратын гаджеттер жасау деп жазыпты.

Мен ана жерде қатты қуанып 2-3 ай жүрдім, өйткені қалай артымнан із қалдыру кенектігін түсінгендей болдым. Ол - әлемді өзгерту.

Осы идеямен өте қатты шабыттанып жүрдім. Тіпті керек десеңіз Руми тура сол ішкі пәлсапамен құрылған еді. Мен сол кезде ресторан саласын өзгертемін, тек халал әрі алкогольсіз рестортандар тредте болады деп күндіз - түні аяндбай жұмыс жасадым.

Содан 2018-2019 жылдары әлдемді өзгерту дегенді тереңірек ойланайыншы деп тағы бас қатырдым. Мен бірінші оқуым бойнша математикпін ғой, маған нақтылық керек. Ертегі мен қиялға сеніп жүре алмаймын.

Әлемді өзгерту деген не сонда? Соғыс бар еді, ал қазір жоқ. Африкада ашалылықтан өліп жатқан балалар бар еді, қазір жоқ. Ажырасу көп еді, қазір аз. Өз-өзіне қол жұмсаушылан көп еді, қазір жоқ деген секілді нақты факт боу керек еді ғой.

Тіпті Apple пайда болғалы не өзгенді? Бұлардың ешнәрсе өзгерген жоқ. Сол соғыс әлі бар, адамдар депрессияға тіпті көбірек ұшырай бастады, ғалымдар смартфондардың пайда болуы, депрессия санын көбейті деседі.

Тіпті Сталин мен Гитлен де әлемді өзгерте алмады. Қиратты, қырды, бірақ уақыт өте келе бәрі өз орнына қайта келді.

Руми пайда болғалы түңгі клубтар мен ішкілікке толы баолар көбеймесе азайған жоқ.

Сонда не болды? Әлемді өзгерту қайда қалды?

Алланың тағы бір аты - Аль- Хасиб. Есебінде түгел, есептеуші деген. Алланың бұл өмірге қойған балансы ертелі кеш-бәрі бір орына келеді.

Бірақ дегенмен де Apple-дің жасаған жақсылығы мен оң өзгерісі бар ғой. Кезінде сапалы сурет, видео түсіру үшін добалдай камераларды құшақтап, интернетке кіру үшін компютердің алдыңда телміріп отырсақ қазір осының бәрі бір телефонмен шешіліп жатыр.

Румиге дейін елдер халал жерге бару үшін қаланың шетіне барса, қазір қаланың дәл ортасында халал ресторандар бар.

Мен не түсіндім, айтайын ба?

Apple де Руми де әлемді өзгерткен жоқ. Бірақ әдемді кішкентай болса ЖАҚСАРТТЫ! Сталин мен Гитлер әлемді өзгерткен жоқ, бірақ әлемді ойрандатты, қайғыртты.

Осыны түсінгеннен кейін мен әлемді өзгертемін деген ауыр миссиядан бас тарттым. Енді менің миссиям әлемді ҚОЛЫМНАН келгенше ЖАҚСАРТУ.

Менің методикаммен қырызы бар жігіт қарызын жапаса, бір қарындасым армандаған бизнесін ашса, бір еркек ақшасын шашпай, бала-шағасымен шет елде демалса, мен апарған 10-15 кәсіпкер Американы көріп, алған білімін өз бизнестерінде қолданып, саудалары көтеріліп, өз қызметкерлеріне қосымша 100-200 мың теңге бере алса, қызметкерлені сол ақшаны алып, бала-шағасына жаңа аяқ-киім алып берсе, сосын олардың 5-ші класста оқитын Раяна деген қызы қуанып мектепке барса - бұл әлемнің жақсарғаны емес пе?

Мен енді әлемді өзгерткім келмейді.
Мен қолымнан келгенше әлемді ЖАҚСАРТҚЫМ келеді?

Және де осы әлемді жақсантуға ішінде потенциялым бар деп сенетін адамға қызмет жасағым келеді!


Спорт Шредингера dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
ГООООООООООООЛ!
АБАТ АЙЫМБЕТОВ!!!!

ДЕРЖАТЬСЯ!

t.me/sportilinet


Осыдан бірнеше күн бұрын инстаграмда 1 млн тұратын консультациямды 3 адамға тегін беремін деп айтқан едім,
400 адамның ішінен 3 адамды алдымен көмекшілерім, одан кейін инстаграмдағы оқырмандарым таңдап алды.

Ол кісілерге жасайтын разборлар мен қолданатын методымды ашық осы телеграмда айтамын.

Қалай, дайынсыздар ма?


Мы живем один раз!


Менде коучингте болып, айлық табысын 2 млн теңгден 10-ға жеткізген бір орыс тілді Айдос деген жігіт менімен жұмыс жасауды жалғастырақшы екен, отырып сөйлесіп отырмыз.

Содан ол өзінің нәтижесіне риза болып:

- Қуаныш мырза, хочу масштабировать бизнес, хочу поменять бизнес модель, новые ниши хочу попробовать- деп әңгімесін бастады

- Когда ты приходил ко мне, ты же зарабатывал 2 млн тенге, тогда какую сумму ты хотел достичь - деп сұрадым

- я думал, если сделаю х3, то есть 6 млн, было бы круто

- и что тогда было бы? - деп сұрадым

- позволять себе больше, быть свободнее - деді

- сколько ты в итоге сделал?- деп сұрадым

- 10 млн, х5 - деп қуанып отыр

- а теперь что ты хочешь? - десем

- теперь хочу х2, 20 млн в месяц - дейді Айдос

- зачем? - дедім

- Ну чтобы путешествовать больше, машину новую хочу

- Айдос, если ты будешь каждый месяц стабильно 10 млн делать, то через 5 года у тебя будет 1 млн $, на эту сумму можешь много что сделать. Почему ты не хочешь научиться жить, кайфовать, развиваться, с семьей быть? К тебя же и так хороший доход?

- Қуаныш мырза, хочу многое что успеть, ведь мы живем один раз! - деді Айдос

- Айдос, я читал где-то, и эта фраза мне очень сильно понравилась. Мы умираем один раз, а живем каждый день! Не забывай жить! - деп, келесі коучингтің мақсатын анықтап алдық


Что тааам,
Сіздермен сөйлеспегелі көп болыпты.

Өмірімде болып жатқан соңғы жаңалықтармен бөлісе кетейін:
⁃ “Republica” партиясының тең төрағасы ретінде 1 айға жуық агитационный жұмыстармен қала-қаланы аралап жүрміз
⁃ Өзімнің жеке авторлығыммен 3-ші кітабым шықты. “Екінші Шанс” кітабы. Алғандар бар ма?
⁃ Екінші Шанс кітабының аясында 6-7 қалаларға барып тренинг өткізбекшімін. Екінші Болма кітабының шығуына қарсы соңғы рет жасаған едім мұндай тренингті, өзім де сағынып қалыппын.

Сол, сіздерде не жаңалық?


Мәссаған, каналда дауыс бергендердің 38% кәсіпкерлер екен ғой, ал мен бизнеске байланысты контентті тек инстаграмда айтып жүрмін ғой 🤦‍♂️

Кәсіпкерлерге арналған бүгін Бизнес Психология деген 2 күндік интенсив болады.

Бір минусы, бағасы өте қымбат, көп адамның қалтасы көтере алмай қалады ма деп уайымдап отырмын

1986 тг (мың тоғыз жүз сексен алты) теңге

Бұл тек сервисный сбор, яғнм смс, звонок, басқа да шығындарға ғана төлем жасайсыз. Ал менің қызметім тегін

Бизнесіңізді кайфпен жеңіл дамытып, конкуренттерден қалыспай, керісінше басып озуға бірден көмектесетін мясо контент болады

Төлем 👉 +7 775 190 3344 Азамат С

Чек 👉 https://clck.ru/333XCA

Бүгін 19:00 бастаймыз 2 күн қатарынан болады..

Айтпақшы баға қатты қымбат емес пе? 😳


Осы менің каналымда қаншама адам кәсіпкер, қанша адам енді бастайын деп жатыр?
So‘rovnoma
  •   Кәсібім бар 🔥
  •   Бұйырса енді ашамын 🥳
  •   Кәсіп ашу ойда мүлдем жоқ 🫡
  •   Студентпін әлі🕵️
1313 ta ovoz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Біздегі проблемаларымыздың басты кінәлісін тапқан кезде 😂

Жұма мубәрек болсын! 🤲

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.