Shuakh


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


🔹 SMM-мен басталып, жайлап жеке күнделігіме айналып келе жатқан канал❤️
🔹Біздің парақшалар:
https://instagram.com/shuakh?igshid=1tm1j3a7oipyc ;
https://instagram.com/shuaq_smm_sc

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri




Міне, 2024 те аяқталды. Біреуге , біреуге қазалы, енді біреуге қазыналы жыл болды. Қанша әрекет етсек, сонша берекетін көрдік. Тағдырдың таяғы қуып жетіп, уақыты біткендер, ұлы өзгеріске бастау үшін құрбан брлғандар да бар осы жылда... Артқа кеткендер тек құдайға қарап алақан жаюдан артыққа бармағандар болар. Ал кәсібі
бардың бәрі нәсіпті болғанын көріп отырмыз.

2025 те ғаламның зағдылығына бағынған көп жылдың бірі болады. Табысқа жеткің келсе - жұмыс істе, танымалдыққа жеткің келсе - талпын, тұрақтылыққа шыққың келсе - тырбан. Бәріміз армандайтын жақсы, жайлы өмірдің басқа формуласы жоқ екен.

Онда, 2025 тің басынан қимылдаймын, жаңп дүние үйренем, білгенімді тереңдетем, жаңа табыс көзін, жаңа мүмкіндіктерді іздеймін деушілерге менен бір кеңес болсын: күнделік қылсаңыз да, БЛОГ ЖҮРГІЗІҢІЗ. Түбі сол блог құр күнделік емес, жемісі мол мәуелі активке айналады.

Ал көмегім - қаңтардың алғашқы апталарына дайын контент жоспар. Идея беріп, түртіп қана қоймай, жыл басынан марафонға да шақырам. Ол енді еті тірі оқырманыма ұсынысым. Ал әзірге теп-тегін көмектің қызығын көріңіз:




2024-те онлайн сатылым түрлі нишаларда айтырлықтай төмендеді. Нарықтың жаңа заңдылық арына бейімделіп үлгергендер 2025-те алғашқы болып жақсы сауда жасай алады. Ал нарыққа бейімделе алмағандар әлі де шығар жол іздеуі мүмкін.
Геткурстың сатылым бойынша аналитикасынан да мұны байқауға болады👇


КОНСПЕКТ




Таңда - Түркістан марафон, түсте құдалық, кешке Шымкент достармен басқосу:) Бүгінгі өмір осылай өтті. Таң ертеден қара кешке дейін жүруге энергиям жететін болыпты. Бұрын бір шарадан соң көзім қызарып, ұйқым кеп, әлсіреп кететін едім. Бұл да болса бір ілгерілеу екен деп қойдым.Тіпті марафоншы болуға ойым кетіп, келесі жылы жүгіруге ниеттеніп отырмын:)




Инстаграм қазір қатты дамып кетсе де, аудитория тарапынан 2019 жылдардағыдай стратегияларға сұраныс байқалады. Яғни, эксперттер өз эксперттігін дәлелдеу керек. Халық онлайнды бұрын білмегендіктен сенбесе; қазір тым жақсы білгендіктен сенбейді:) Сондай парадокс. Сондықтан, эксперттер барынша пайдалы болып, аудиторияға шынайы жанашырлықпен жұмыс істеу керек. Ақы төлемесе де істейтін жұмыс миссия ма? Онда сол миссиямызға оралайық:)

Мен де онлайн әлемдегі соңғы трендтерді, пайдалы өзгерістерді бөлісіп жүрмін. Бүгін КАРУСЕЛЬ ПОСТ жасау туралы мақала дайындадым. Оқыңыз, қолданыңыз❤️


"Адамдарды таныған сайын иттермен көбірек дос болғым келеді" деуші ме еді?


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Өткенде 15 парақшаға талдау жасаймын деп едім. Талдау жасау қиын емес, оны бір жерге орналастыру қиын екен) Бір видеомды инста каналыма үш рет салып, ақыры дауысын шығара алмадым. Қазір осында көрем.
Парақшалар қандай қате жібереді, не өзгерту керек, қай бағытқа бұрылса тиімді болады, талдаулар сол жайлы.




Жеке бренд - ол басқаларда сіз туралы қалыптасқан ой, түсінік. Онлайнда жеке бренд жасаулың кезеңдері бар. Алғашқы қадамдар қандай болу керек, сол туралы жаздым:


38-ді еңсеріп, 39-ға аяқ басқан шағымда косметологқа баруды бастадым. Жақында)

Ертерек барар едім, шектен шыққан сезімталдығым болмағанда. Баяғыда, бетті қара дақ басып декретте отырғанда бірнеше талпынып көрдім. Бірақ үнемі ойбайлап жатқан жерімнен қашатынмын. Жай ғана бетті тазалау дегеннің өзіне шыдамайтын едім, инені былай қойғанда. Сөйтіп, қолды бір сілтегем. Фэйсфитнеспен, қымбат косметикамен амалдауға тырысқам.
Енді күн өткен сайын тереңдеп жатқан әжім де жан шыдатпай барады)
Жақында косметолог эксперт алып едім ғой, сол кісіге өзім пациент бола бастадым. Сезімталдығым сол қалпы, бірақ бұл кісі әйтеуір амалдап жасайтынын жасайды)

Өте білікті, жоғары квалификациялы дәрігер, әлде сол білімі осындай шеберлікке жеткізген бе, білмеймін.

Не де болса, бүгін екінші рет укол салдырдым, ал:) Әзірге бетті терең ылғалдандыратын Пленейдж деген брендтің полинуклеотид (антиоксидант деп ұқтым) курсын аламын. Не нәрсенің нәтижесі тұрақтылықта ғой, енді тұрақты күтінуім керек, жасарып жатқан жоқпыз дегендей)

Негізі мен сияқты ауруға шыдамайтын қорқақтарға дәл укол эффектін беретін ғажап аппараты да бар екен. Бірақ оған импланты барлар жарамайды.
Сол. Сіз косметологияға қалай қарайсыз?

Р.s. косметологым Инстаграмда @doctor_karlygash




Алматыдағы жап-жаңа локация🥰
Бұрын кафе көп болса, енді кофе көп, иә) Осы сияқты минималистік стильдегі құрқылтайдың ұсындай бұрыш-қуыстың бәрі кофеханаға айналған. “Эстетикалық кеңістік” болуға ұмтылатындары, келген қонақтардың контентіне жағдай жасауы да сондай бір сүйкімді үдеріс. Біз сияқты фриланстың қаймағын жеп жүрген онлайн қызметкерлерге ғана емес, былайғы жұртқа да приятно ғой. Баяғыда көпшілік орында, әсіресе тамақ жейтін жерде суретке түсу ұят болса, қазір как положено билейтін тренд те түсіре беретін болдық. Бұл да бір санамызға білінбей енген өзгеріс лебі.
Жоғарыдағы кофеханада кофе түрлерінен басқа тіскебасар ешнәрсе жоқ. Яғни, КОФЕ ІШУ мәдениеті мықтап орнап жатыр. Тамақтанатын емес, кофеленетін жер іздеуші бір тап қалыптасып қалған боп тұрмыз ғой, шамасы)

Ал, сіз кофе іздейтін кәдімгі қалалыққа айналып үлгердіңіз бе?

Жап-жаңа кофехана мекенжайы:
Құрманғазы 77/ Massimo coffee





20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.