EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өткен күні Қоғамдық саясат институты «Жетінші арна» тапсырысы бойынша Exit poll сауалнамасын жүргізді.
Зерттеу нәтижесі бойынша сайлаушылардың дауысы төмендегідей:
«Әділет» - 72,3%
«Ауыл» - 6,2%
Respublica - 5,2%
«Ақ жол» - 5,1%
ЖСДП - 5,0%
Қазақстан Халық партиясы - 2,8%
«Байтақ» - 0,9%
Барлығына қарсымын - 2,5%
23 тамызда Қоғамдық саясат институты «Жетінші арнаның» тапсырысы бойынша еліміздің барлық өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде Exit poll өткізді.
Сауалнамаға 24 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Зерттеудің қателік ықтималдығы – ±0,63%.
Сауалнаманы жүргізуге арнайы дайындықтан өткен 420-дан астам интервьюер мен супервайзер жұмылдырылды. Деректерді жинау үшін арнайы мобильді қосымша қолданылды. Бұл сайлау учаскелері ашылған сәттен жабылғанға дейін респонденттердің жауаптарын нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік берді.
Зерттеу халықаралық Exit poll өткізу тәжірибесіне сай жүргізілді. Сауалнама барысында қатысушылардың еріктілігі, жауаптардың құпиялылығы мен анонимдігі толық сақталды.
@socioexpert_01
#ExitPoll #Сайлау2026 #Құрылтай