Петропавлда полицейлер дәмхананың маңында төбелескен күдіктіні ұстады
Қаладағы дәмханалардың бірінің жанында орын алған жанжалдан кейін 42 жасар петропавлдық ірі көлемді айыппұл төлеуден бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін. Дәмханаға келгендердің арасында жанжал түнгі сағат 02.45 шамасында болған. Далаға шыққан соң олар сөзге келіп қалады, күш қолданудың салдарынан екі ер адам зардап шегеді.
Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер төбелесті тоқтатқан. Бүгінгі таңда бұзақылық жасады деген күдікпен жанжалдасқандардың біреуі ұсталды. Оның сөзінше төбелес болмаған, алайда бейнебақылау камерасындағы жазба төбелестің болғанын көрсетті. Барлық оқиғаның мән-жайын тергеуші анықтайтын болады.
Полицейлердің айтуынша, бұзақылық жасағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіштен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алдын ала келісім арқылы немесе басқа да ауырлататын мән-жайлар бойынша адамдар тобымен жасалған қылық болса, 6 жылға дейін, қару қолданылса 7 жылға дейін жаза қолданылуы мүмкін.
Осындай жағдайларға дереу ден қою үшін полицейлер өздерінің бағыттарын жедел жағдайға байланысты, криминогендік жағдай орын алуы мүмкін деген жерлерге жақын орналастырады. Бұзақылық фактілеріне қарсы іс-қимыл - полицейлердің «Заң мен тәртіп» принципін іске асыру аясындағы басымды бағыттардың бірі.
t.me/sqo_pd