СҚО әкімі полиция қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жылдың соңғы тәулігінде қызметке кезекшілікке түскен саптық бөліністердің қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Полицияның кешенді күштерінің гарнизондық сап түзеуі Тәуелсіздік стеласының жанындағы алаңда өткізілді.
Өңір басшысы полицияның жаңа жылдық кезеңде қоғамдық тәртіпті, балалардың қауіпсіздігін және т.б қамтамасыз ету сияқты негізгі міндеттері туралы еске салды. «Жаңа жыл – отбасылық мереке. Адамдар туыстарына, жақындарына қонаққа барады, демек, жолдардағы қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек. Біздің қызметтер кез-келген қиындыққа дайын болып, әр адам өзін қауіпсіз сезінуі үшін барлық жағдайды жасауы тиіс», — деді ол.
Облыстық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің талаптарын жеке құрамға жеткізді; бағынысты қызметкерлерге қоғамдық тәртіптің тиісті деңгейін қамтамасыз етуді, әсіресе, мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда, оқиғаларға жедел ден қоюды, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруды тапсырды.
Жаңа жыл түнінде адамдардың тыныштығын қорғауға облыс бойынша 500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды, оның 300-ге жуығы патрульдер мен бекеттер құрамында Петропавлдағы көшелер мен қоғамдық мерекелеу орындарында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
t.me/sqo_pd