STARMOON


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Telegram


МҰСАЕВА ЖҰЛДЫЗАЙ

Bog‘liq kanallar  |  O‘xshash kanallar

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


“Қара алтын” фильмі жақында прокаттан алынады.. Бұл фильмді әр қазақ көруі тиіс. Үлгермегендер болса, барып көріңдерші 🫶🏻🥹


ҚЫРКҮЙЕК DUMP 🍂

1. Қыркүйек айындағы басты оқиға:

Негізі қыркүйектің басында Стамбулда тек демалу үшін қалмаған едім. Ол жақта толық чекаптан өттім. Денсаулығым шүкір жақсы. Асқазанымда гастрит деді және көзімді тексерткенде “кератоконус” деген диагноз қойды :( Соған енді операция жасау үшін жақында Стамбулға бармақшымын..

2. Қыркүйек айында көрген видео:

Нұртас Адамбай

3. Қыркүйек айында көрген фильм/сериал:

• “Қара алтын” және “7 қарақшы” фильмі
• “Корона” сериалы

4. Қыркүйек айында оқып жатқан кітаптар:

• “Үміт үзгім келмейді”
• “Построенные навечно”
• “Сказать жизни “Да”

5. Қыркүйек айында түйген ең басты ойым:

Денсаулық – бірінші байлық. Денсаулық болмаса, ештеңенің де мәні болмай қалады.

#қыркүйекdump


Айтпақшы, 8 күн бұрын менің ютуб каналымда влог шыққан болатын:

https://youtu.be/T4xQ_8jWdC0?si=eNFbTM7tOTyPJZ1B

Тамыз айында өткен қызықты кездер жайлы бөлістім.. Мотивация болып қалар ✨🫶🏻


Мен Алматыдан кетіп ем, жер сілкініп кетіпті ғой тағы.. 🥲💔


«БІРЛІК — АҚЫЛҒА БІРЛІК»

Абай алтыншы қара сөзінде қазақтың «Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік» деген мақалын талдай отырып, бірліктің шынайы мағынасын ашады.

Қазақ арасында бірлікті «ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса» деп түсіну бар. Бірақ Абай бұған:

«Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес», — дейді.

Яғни бірлік — біреудің малына, дүниесіне сүйеніп өмір сүру емес. Ағайынның жағдайы жақсы екен деп әрекетсіз отыру да бірлікке жатпайды.

Абайдың ойынша, малға құрылған бірлік ұзаққа бармайды. Өйткені пайда бар жерде ғана бірге болған адамдар, пайда жоғалғанда бір-бірінен алыстайды. Ал шынайы бірлік — ортақ ақылда, ортақ мақсатта, өзара татулықта.

Әр адам өз несібесін өзі іздеп, еңбек етіп, біреуге масыл болмай өмір сүргенде ғана қоғам алға жылжиды.

Арызқойлық, жалақорлық, іштарлық, күншілдік, араздық пен жалқаулық — бірлікті ыдырататын қасиеттер. Ал ақылға біріккен ел бір-бірін төмен тартпайды, керісінше ортақ мақсат жолында әрекет етеді.

Бірлік — бәрін бөлісу емес.
Бірлік — бір бағытқа қарау.
Бірлік — біреуге сүйеніп өмір сүру емес, бір-біріңді күшейте отырып бірге өсу.

Абайдың ғасыр бұрын айтқан осы ойы бүгін де өзекті:
елдің тұтастығы мен дамуының негізі — ақылға бірлік.


Бәріміз барайық 🫶🏻 Бұндай фильмді көріп үлгеру қажет ✨

4k 0 0 4 110

Сіздің ұсынысыңызбен JUZ40 COMMUNITY PREMIUM ASTANA студенттері болып фильмге бірге барып, көргенімізді талқылап, әсерімізбен бөлістік. 🫶🏼

Расымен де, фильмді бұған дейін жарнамадан көріп жүрсек те, көпшілік арасында кеңінен талқылана қоймағандықтан, біз де мән беріп, көруге ұмтылмаппыз. Кеңес бергеніңізге, жақсы дүниені көріп, бізбен бөліскеніңізге көп-көп рақмеееттт!

«От секілді жылы бол — жүзіңмен де, сөзіңмен де.
Жел секілді желпі жұрттың шаршағанын, талғанын…»Ұлтқа қызмет ету — білімнен бұрын мінезден. Ол — табандылық, қайсарлық және тәуекелге бара білу. «Қара алтыннан» кәсіп пен үлкен істің артында таудай жауапкершілік тұратынын түсініп қайттық.

Кейде көз алдыңда тұрған дүниенің қадірін оған мән беріп қарағанда ғана түсінеді екенсің. «Қара алтын» біз үшін дәл сондай фильм болды. 🤍

4.1k 0 0 19 127

Шәкәрім: “Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: ол - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек” дейді.
Фильмдегі басты кейіпкердің әрбір таңдауы осы қағиданың таразыға түсер сәті секілді көрінді.

Дағдарыс жайлаған, заң да, кепілдік те жоқ 90-жылдары өз жеріңде жүріп, нәпсіге жығылмай арманға жету мүмкін бе еді?

Ол кезде жоқшылық пен заңсыздық кедергі болса, қазір бәрі бар. Ендеше бізге неге өз арманымызға қазір ұмтылмаймыз?

Автор: Ақылжан Дүйсенғалиұлы


Кеше де, бүгін де толық бір залды жалдап, командамен бірге “Қара алтын” фильміне бардық. Өте әсерлі фильм болды. Бәріңе баруға кеңес беремін! Бірақ өкінішке қарай, бұл фильмнің мағыналы әрі өмірде болған оқиғадан құрылған керемет туынды екенін көбі білмей жатыр.

Себебі көбісі атауының мәнін түсінбеген секілді және қазір біз жарнамасы мықты фильмге ғана баратын заман боп кетті ғой :(

“Қара алтын” деген тіркес бұл мұнай дегенді білдіреді. Қазақстанда алғаш рет жекеменшік мұнай компаниясын ашқан қазақтың берілмей соңына дейін барғаны туралы баяндалған.


«Жақсымен бірге өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей»


«Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады».


🎞️ 140 БАЛЛҒА ЖЕТУ ЖОЛЫМЫЗ..

Біз бірнеше 140 балл иегерін шығаруды мақсат етіп қана қоймай, әр қадамымызды былтырдан бастап ақылдасып, нақты жоспарладық.

Мақсатымызға жетіп, алты 140 балл иегері шыққандағы эмоция, оқиғалар – бәрін естелік етіп түсіріп жүрдік. Сол видеолар жинақталып, ютуб арнамда влог болып жарық көрді.

Кәсіпкерлерге идея, ал жастар мен түлектерге мотивация береді деп ойлаймын 🫶

https://youtu.be/jCBZo5A4Isc?si=8Th56onWiyhZS01m

6k 0 0 4 138

Туысқандарға ешқашан жақпайсың. Тойға шақырсаң да жақпайсың, шақырмасаң да жақпайсың. Тойымсыз. Шүкіршілік деген жоқ.

4.8k 0 0 21 475

Claude телеграмда ең адал оқырмандар отырады дейді..

Сендерді қатты бағалаймын 🫶🏻 Сол үшін сендерге көбірек пайдалы болғым келеді. Алдағы уақытта менен не күтесіңдер? Жазба посттарымды көбейтейін бе?


Өмірді сүйем.. ❤️

6.7k 0 0 16 470

Мен бұл әлемге пайдалы боларлықтай не нәрсе жасап жүрмін деген сұраққа жауаптарың болмаса, онда өмір мәнсіз..


ТАМЫЗ DUMP 🌌

1. Тамыз айындағы басты оқиға:

Алматы Аренада 7500 адамды қамтыған жылдың ең ауқымды жобасы – JUZ40 Fest-ті абыроймен өткіздік! Шүкір!

Сонымен қатар 3 жыл бұрын бара алмай қалған The Weeknd концертін тамашалап, Реал Мадридтің матчын өмірде көру бұйырды.

2. Тамыз айында көрген видео/подкаст:

Хабиб Нурмагомедовтің сұхбаты

3. Тамыз айында көрген фильм:

“Человек-Паук: Новый день”

4. Тамыз айында оқып жатқан кітап:

Кітап оқуға уақыт болмады 🥹

5. Тамыз айында түйген ең басты ойым:

Кез келген тарих сөзбен жазылса да, тек ІСПЕН жасалады…

#тамызdump


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish

4.6k 0 0 21 429
18 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.