Жаңалықтар - Stan.kz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🤗 Шерзат Полаттың әпкесі баспаналы болды

Бұған дейін, Перизат Нұрымова отбасының амандығы үшін алаңдайтынын айтып, халықтан көмек сұраған еді.

Перизат пен жолдасы Айғазы көмектескен жандарға алғыс айтты.

t.me/stankznews


Павлодарлық тұрғынның денесінен 19 литр үлкен ісік алып тасталды

Павлодар облыстық Ғ.Сұлтанов атындағы аурухананың гинекологтары 55 жастағы науқастың іш қуысынан 19 литр сұйықтық бар үлкен киста сәтті алып тастады.

Операция 2,5 сағатқа созылды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр.

t.me/stankznews


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Үш туристің кесірінен Шымбұлақта қар көшкіні болды

Шымбұлақ тау шаңғысы курортында жолдан тыс сырғанаған үш шаңғышы тау бөктерін кесіп өтіп, шамамен 3500 м³ қар көшкінінің түсуіне себеп болды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

t.me/stankznews


"Оның жағдайы жақсы"

Алматылық батыр Мұса Әбдірайым өзі құтқарған қыздың үйіне барып, жағдайын сұрап қайтты.

"Бүгін қарындасымды көріп қайттым, жағдайы жақсы", - деп жазды ол қыздың отбасымен кездесуінен фотосуреттер мен видеолар жариялап.

t.me/stankznews


Құрылысшылар жиі жіберетін қателер: Қазақстанда пәтер сатып аларда нені ескеру керек?

Алматы тұрғыны бірнеше ай бұрын қаладан BI Group компаниясынан пәтер сатып алған. Пәтерді қабылдау алдында арнайы мамандарды шақырған. Олар терезелер мен кіреберіс есіктен байқалмайтын кемшіліктерді анықтаған.

Құрылыс компаниясы құрылыстағы кем-кетікті 10-16 күнде жөндеп берген. Осыған орай Stan.kz тілшісі құрылыс сарапшыларынан үй қабылдап аларда компаниялар қандай кемшілікті жиі жіберетінін және қызмет құны қанша екенін сұрап қайтты.

Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыздар!


"Саудада да, хоккейде де жеңіске жетеміз"

Канаданың Либералдық партиясының жаңа жетекшісі болып бұрынғы орталық банк басшысы Марк Карни сайланды, ол премьер-министр қызметін атқарады.

Карни АҚШ президенті Дональд Трамптың Канадаға қатысты сауда тарифтері мен аннексиялық мәлімдемелеріне жауап ретінде Канада ешқашан АҚШ-тың бір бөлігі
болмайтынын айтты.

Марк Карни бұрынғы Банк Канада және Банк Англияның басшысы ретінде танымал, бірақ саяси тәжірибесі жоқ.

t.me/stankznews


Ақтөбе облысында ірі қара індеттен қырылып, өңірге карантин енгізілді

Ақтөбе облысының Көптоғай ауылдық округіндегі «Мәтжан» шаруа қожалығында 4 бас ірі қара эмкар (эмфизематозды карбункул) ауруынан қырылды.

Эмкар – эмфизематозды карбункул – жануарлардың дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ісінетін жұқпалы, жіті ауру. Көбінесе ірі қара мал, сирек қой мен ешкі ауырады.

t.me/stankznews


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Астанада 5 жасар бала горшокты басына киіп алған

Астанада бес жасар бала басына горшок киіп алып, оны өздігінен шеше алмады.

Жақындары көмектесе алмаған соң, құтқарушылар шақырылды. Олар арнайы құралдардың көмегімен горшокты шешіп, баланы аман-есен құтқарды.

Медициналық көмек қажет болмады.

t.me/stankznews


“Қазақмыс” сирек кездесетін металдарды елден заңсыз шығарған болуы мүмкін – депутат

Депутат Азат Перуашев "Қазақмыс" корпорациясының сирек кездесетін және бағалы металдарды заңсыз экспорттауы мүмкін деген ақпаратқа тергеу жүргізуді сұрады.

Бұрынғы зертханашылардың айтуынша, компания кен құрамын талдамай, бағалы металдарды жасырып отыр.

"Ақ жол" партиясы бұл мәліметтердің шынайылығын тексеруді талап етті.

t.me/stankznews


"9 мың теңге": Наркологиялық тестілеуден өз қаражатына өтуге міндеттелген полиция қызметкерлері шағым білдірді

Полиция қызметкерлері наркологиялық тексеруден тек министрлік есебінен өтуі керек. Дегенмен Ішкі істер министрлігінде мұндай қаражат болмаған. Сол себепті полицейлерге өз қаражаты есебінен тексеруден өтуді тапсырған.

Танымал зертханалық емханалар желісі наркологиялық тексеруден өтуге 6 620 теңге тұрады, амфетаминдерді анықтауға арналған анализге 6 750 теңге сұрайды. Ал наркологиялық тексеруден өткені туралы анықтаманың құны - 9 мың теңге.

t.me/stankznews


Шымкентте жалға алушы жезөкшелікпен айналысқандықтан, пәтер иесіне жарты миллион теңге айыппұл салынған

Полиция пәтерде 29 жастағы Ботагөз есімді қыз тұратынын анықтап, үй иесін іздеген. Осылайша Мария Валиеваның үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабымен (Үй-жайды жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызмет көрсету үшін беру) іс қозғалды.

Үй иесіне 553 мың теңгеден астам айыппұл салынып, “жеңгетай” болды деп айыпталды.

t.me/stankznews


Астанада үш адам өлген үйдің иесі 5 жылға сотталды

Үйден өрт шығып салдарынан екі адам мен кәмелетке толмаған бала қаза тапқан.

Үй иесі үш жәбірленуші мен басқа да азаматтар тұрған тұрғын үйінің бөлмелерін құжатсыз жалға беріп, көрсетілген қызмет үшін ақша алған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілердің жақындарына моральдық шығынды өтеп берді.

t.me/stankznews


Сирия қауіпсіздік күштері жүздеген бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталды

Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығының мәлімдеуінше жұма және сенбі күндері алавиттерге 30-ға жуық шабуыл жасалып, салдарынан 745-ке жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Башар Асад режиміне қатысы бар қарулы адамдармен қақтығыста сириялық қауіпсіздік күштерінің кемінде 13 қызметкері қаза тапты.

Сириядағы көтерілісшілер Асад режимі құлағаннан кейінгі жаппай және ең сорақы зорлық-зомбылық болғанын айтты.

t.me/stankznews


💸 Жыл басынан бері Ұлттық қордың ақшасы 480,5 миллиард теңгеге азайды

Ұлттық қорға екі айда 520,3 миллиард теңгеден астам қаражат түсті, бірақ 1 триллион теңгені қайтып алған.

Қаңтар-ақпан айларында Ұлттық қорға түскен ақшаның жартысына жуығы мұнай сатудан түскен. Қаңтарда мұнайдан ақша түспеген, ал ақпанда бұл сома – 226,9 миллиард теңге болғае.

t.me/stankznews


✈ Ақтаудан Алматыға ұшқан ұшақтың қозғатқышы істен шықты

Air Astana әуе компаниясының Ақтаудан ұшқан ұшағының "қозғалтқышы істен шығып, 20 минуттан кейін әуежайға қайта оралған. Әуе компаниясы қозғалтқышта ақау болғанын растады.

“Кабинадағы электр жарығы өшіп, сұмдық гуіл мен күйік иісі шықты. Борт серіктер айтарлықтай қобалжыды, ары-бері жүгіріп жүрді. Бірақ адамдар сабыр сақтап, тыныш отырды. Бір-біріне қарап, не болып жатқанын түсінбеді”, – деп жазды желі қолданушысы.

t.me/stankznews


Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған күдікті екі айға қамауға алынды

Ішкі істер министрлігі аталған жағдайға қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

❗️Кепілге алу (қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігі, 4-тармағы) – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді;
❗️Қару қолданып бұзақылық жасау (қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
❗️Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (қылмыстық кодекстің 273-бабы) – 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.

t.me/stankznews


‼ Қазақстандық әуе компанияның ұшқышы алматылық әйелді өз пәтерінде зорлады

Жәбірленушінің айтуынша, жантүршігерлік жағдай былтыр қазан айында болған. Полигондағы жаттығудан қайтып келе жатып, ер адам әйелді өз пәтеріне алдап кіргізген. Әйеді пәтеріне кіргізіген соң, есікті құлыптап, сонда зорлаған.

Оқиғадан кейін алты ай өтсе де, күдікті әл бостандықта жүр. Полиция қылмыстық істі қозғағанымен, созбақтап келеді дейді жәбірленуші.

t.me/stankznews


💧"Тиімсіз пайдалану мен ысырап"

Қазақстанда су тапшылығы байқалады


Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Қазақстанға ескерту жасап, су мәселесін шешу керегін айтты.

БҰҰ дерегі бойынша 2022 жылы Қазақстанның су ресурстарына жүктеме 34,6%-ға жеткен. Бұл елде су тапшылығы байқалатынын көрсетті. Негізгі проблемалар – суды тиімсіз пайдалану, суару жүйесіндегі ысырап және трансшекаралық өзендерге тәуелділік.

t.me/stankznews


Алматы әкімдігі туризмді дамыту үшін блогерлер мен жарнамаға 1,2 миллиард теңге бөлмек

Алматы әкімдігі блогерлерді шақыру, имидждік бейнероликтер, Expedia және Tripadvisor платформаларында жарнама жасау, сондай-ақ туристік әлеуетті арттыру мақсатында брошюралар дайындау үшін 1,2 миллиард теңге жұмсайды.

"Бұл бағыттардың әрқайсысы туристер мен инвесторларды тартуға және Алматыға халықаралық қызығушылықты арттыруға ықпал етеді", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

t.me/stankznews


Түркістан әкімдігі "TazaKala" мобильді қосымшасына 53 миллион теңге жұмсап, кейін қажетсіз деп тапты

Түркістан әкімдігі қоқыс мәселесін шешу үшін TazaKala мобильді қосымшасын әзірлеуге 53 миллион теңге бөлген. Жоба тұрғындардың шағымдарын онлайн қабылдап, қала тазалығын жақсартуды жоспарлаған. Алайда бұл қосымшаны жұртшылық мүлде қолданбайтын болып шықты. Қосымшаны әзірлеуші ITurkistan Life компаниясын Жайық Орманов есімді әкімдік қызметкері мемлекеттік тапсырысты алудан екі ай бұрын ғана тіркеген. Ол шілде айында қосымшаға патент рәсімдеп, тамызда әкімдіктен конкурссыз, бір көзден келісімшарт алған.

Дәл осындай қосымшаны жасаудың нарықтық құны - небәрі 2,5 миллион теңге. Ал Түркістан әкімдігі бұл жобаға 20 есе көп қаражат жұмсаған.

t.me/stankznews

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.