𝚂𝚢𝚛𝚕𝚊𝚜𝚢𝚖 📌


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Нәлібек Ердәулеттің авторлық жеке өлеңдер арнасы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Мақпал түннің ішінен, бір арайлап,
Мен отырмын жалғыздықта, сені ойлап.
Үміт шіркін біраз ойды жібермей,
Жаза ма деп желілерді қарайлап.

Келет менің үзгім-ақ үмітімді,
Сенен шіркін үйренсем ғой ұмытуды.
Кеткеніңе болсадағы бір-ақ күн,
Мың ғасырлық сағыныштың күні туды,

Бір сезімдер айналып сағынышқа,
Ей, ғашықтық Тараз жаққа алып ұшпа.
Аяқ асты кеткен соң екі жаққа,
Бір үлкен болады екен сағынышта.


Тәуелсіздік ызғары (1986 жылы болған желтоқсан оқиғасы жайлы)

Жыр бастайын ендеше қайырлы түн,
Тәуелсіздік емес пе мына бүгін.
Мен осы тарих жайлы айтайыншы,
Қанша ауыр болса да бүгінгі күн.

Отыз сегіз жыл өтті, лезде міне,
Желтоқсанның ызғарын сезбедің бе?
Жаңа жылды сен ойлап, күтіп жүрсің,
Сонда сен той-тойлауды көздедің бе?

Сен бірақ түсінбейсің жас баласың,
Өз тіліңе,өз еліңе мастанасын.
Кешегі сойқан болған Желтоқсанда,
Жас жеткіншек бастады ғой бастамасын.

Мен саған бол демеймін патриот шын,
Тым болмаса тарихты ашшы бүгін.
Орысша сөйлеп мәңгүрт болып жүргеніңнен
Несі жаман, болсаң егер патриотшыл.

Он алты жасында құрбан болған,
Ләззәттай қайсар мына кетті қолдан.
Рысқұлбеков,Әбдіқұлов жастай кетті,
Боламын деп қыздарға мына қорған.

Көтерілген жастарға жала жапты,
Бүлікші деп жақты мына қара дақты.
"Халық жауы,нашақор, ұрысың деп
Айыппенен жастарды қаралапты.

Қаралаған, ешкімге қарамаған,
Қазақты адамзат деп санамаған.
Сен ойлашы қалай мына "сатқын" дейді,
Өздері бір секілді адал адам.

Қаншалықты болсада аянышты,
Қазағым шыдамды, болды күшті.
Ұрпағым, жастарым,қазағым деп,
Талай бастан өткізді қорқынышты.

Қазіргі жастарымыз тайраңдап жүр,
Тарихты оқымайды үңіліп бір.
Ей, қазағым халқым менің жұртым мына,
Тарихты оқымасаң оқиды кім!?

Қанша адам қаза тапты шексіз оқпен,
Арпаласты көтеріліс,Ресей, отпен.
Қазіргі жастарымыз бақытты ғой,
Қазақтың сол бір кезін көрмей өткен.

Көзбен көрмей түсінбес ешбір бала,
Қайтеміз сондай ғой енді сана.
Жастардың жүрегіне жетсе екен,
Мүмкін шалқып жүрерміз сонда ғана.

Енді бізге салмасын басқа құдай,
Оңай болмас, болса егер мұндай жағдай.
Көрмеймін мен намысты адамдарды,
Батыр, қайсар желтоқсан жастарындай.

Менің мына өлеңіме ойлан қазақ,
Тәуелсіздік мұңды мына емес ғажап.
Осыны мен жастарға айтқым келеді,
Қайырлы түн ұйықтайын, оян қазақ.

Тәуелсіздік күні құтты болсын🫂🇰🇿

6.5k 1 13 17 18



Мен сенің көздеріңді сүйеді екем

Сенің көзің жүрегімнің тыныштығы,
Жаным бір сәт тыңдашы, тыныш мұны.
Қас-кірпігің кіршіксіз арайланып,
Бұл жүректі емдердей бір ұшқыны.

Бір көргеннен ғашық етті сол жанары,
Бақытымның басты рөлі, бол қалауы.
Мен сенің көздеріңді сүйеді екем,
Арамызда жатса да жолдар әлі.


Шабытсыз түн, бүгін міне шарықтаған,
Айтшы сезім не берді, шабыт маған?
Сендегі болмысыңнан шаршағандай,
Мендегі ыстық сезім жалықпаған.

Жалықты ма білмеймін шаршады ма?
Ғашықсыз күндерімді аңсады ма?
Неліктен сол бір жігіт себеп болады,
Қызғанбайын десем де қанша мына.

Мейлі сезім, махаббат құрып қалсын,
Қашықтықтар арамызға тұрып қалсын.
Егерде аяқ асты суып кетсем,
Біліп жүргің себепші сыныптасың.


Айтылмайтын сөздер бар тілсіз ғәріп,
Өмір деген барады құнсызданып.
Кей адамның өмірінен мәңгілікке,
Кетсем деймін іштей тынып, үнсіз қалып.

Кетсем деймін ойларынынан, көңілінен,
Сан сынаққа толы сірә өмір білем.
Кей адамды қайтарсам ғой сол шақтағы,
Кеткендерін мына менің өмірімнен.


Аяқталмай қалған ойдан, сөз жетім,
Бар бақытты көрмей кеткен көз жетім.
Маған бақыт, қуаныш боп, кеп жеткен,
Қош келдің ал, көптен күткен он жетім.


Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Адамзаттың көргенін ғалам көрмес.
Бұл өмірде үстемдік құру үшін,
Болмау керек әр сынаққа адам көнбіс.

Адам өлер, алайда амал нешік,
Тәңір берген өмірді жүрер кешіп.
Бұл ғұмырдың сырға толы құпиясын,
Ала алмайды бұл фәниде ешкім шешіп.

Доңыздай талғамай жеп семіргендер,
Өмірге бейжай қарап бекінгендер.
Жастықтың жалынымен шалыс басып,
Әй, адамдар ертең бірақ өкінбеңдер.

Жас кезіңде оқы, ізден, қызмет қыл,
Бұл өмірде өз міндетің, орныңды біл.
Таңдау сенің қолыңда, жас күніңде,
Болашақта санайсың өзіңді кім?

Қазір қоғам жасырмайды жамандығын,
Мақұлұқтан қауіпті адам бүгін.
Адам болып келген соң бұл жалғанға,
Адам болып кетуің адамдығың.


Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Өмір мені даттамақ па, ақтамақ па?
Тағдырымды бағамдағым келет менің,
Сүмбіл шашым таралғандай ақ тараққа.

Жамандасын, мақтасын мені мейлі,
Сейілмейтін жаман ойлар сейілмейді.
Қазақтың жамауын жапқым келеді,
Болу үшін бұл халыққа кейін сыйлы.

Мына мені әндерім ғой оздыратын,
Қара түн шабытымды қоздыратын.
Өмір үшін өлең жазып жүргенім жоқ,
Жай адаммын, болып жүрген озбыр ақын.

Жырлар үшін берілген жанар маған,
Мендік болмыс өлеңсіз жаралмаған.
Кейі зауқы,кейі мұң дертін қозғап,
Қара өлеңмен өмірді тәмәмдаған.

PS: Абай Құнанбаевтың шығармашылығының желісімен


Сәлем 👋 Мен сізді өзімнің (Omir agyz ✍🏼🔥)арнама шақырамын.Мен ол арнамда жазулар жазамын.Егер мені қолдаймын десеңіз арнаға кіруіңізді сұраймын!

https://t.me/mirrakhimulynurislam


Сенің даусың сыңғырындай бұлақтың,
Хор қызындай сұлусың сен жұмақтың.
Сүйдім сәулем, ғашық саған пәк жүрек,
Сүю сені сынығындай сынақтың.

Сүйе берем егер маған сүй десең,
Сені ойласам ғажайып бір күй кешем.
Артық болмас білесің бе, жарығым,
Жаратқаннан келген сені сый десем.




Есейіп қалыппын-ау менде сірә,
Ағыл тегіл өмірім, жаным шыда.
Қайта тұр, мақсатыңа жүгір қәне,
Әй,жаным-ай асқақ шыңнан мейлі құла.

Сенің әлі бағындырар асқарың бар,
Өз биігің, өз шыңың, аспаның бар.
Табытыма,жер қойнына сыймай тұғын,
Әлі талай жазылатын дастаным бар.

Жазармын тағы да мұңлы өлең,
Поэзия мендік өмір, мендік өлең.
Бұл ғасырдан емеспін, жаным тірі,
Жырауларым біткенде бір-ақ өлем.


Ақырында ақырындап ұмытармын,
Енді мына бұл жүректі жылытар кім?
Алаулаған жүректегі сезімдерді,
Уақыт өте өзімде суытармын.

Білесің бе?
Ойымменен бір өзіңді жар еткем,
Қандай ғажап мына сені бар еткен.
Аяқ асты кетем дейді жалғызым,
Кетпе деген сөзді іштей дәметкен.

Себеп жоқтай енді жылап күлуге,
Өлең жазып, ғашық болып жүруге.
Сенсіз өмір сүре алмаймын демеймін,
Ынтам бітті бірақ оны сүруге.

Ей, иесі жүрегім мен жанымның,
Өлең үшін бір өзіңе зәрумін.
Кетсең егер өмірімнен мәңгілік,
Оғы жоқтай соғыстағы қарумын.

720 0 3 14 13

Сірә бізге не болып жүр ғашық құрбым,
Түске кіріп ақ бейнеңмен ғашық қылдың.
Алматының мамыражай кештерінде,
Бір бейнеңді көруге асықтырдың.

Асықпын, ынтызармын әлі де мен,
Сенің бойың шумақтар, бәрі өлең.
Сенсіз менің шабытым сарқылып жүр,
Кетем деме сондықтан өмірімнен.

Кетем деме, кет демегің құйын болам,
Сен болмасаң жер үстін шиырланам.
Сенің тұнық даусыңды ести қалсам,
Өлеңменен есімді жиып алам.

Қасымда бол музам менің, ғашық арман,
Сен болғанда қиып өтем тау шыңдардан.
Әлемнің қай бөлігі болса дағы,
Іздеп тапсам білмеймін таусылар дәм.

688 0 10 2 22

Қимастық

Сенде жүрсің маған қош бол дей алмай,
Менде сорлы өзге жанды сүйе алмай.
Қанша сезім қурап тағы жатса да,
Жаза берем бір өзіңе ұялмай.

Менде босқа жүргендеймін қиялдай,
Өз-өзімді жүрек жүр ғой жиі алдай.
Жаным сезіп суықтықты сендегі,
Енді отырмын өз-өзіме сия алмай.

Жүрек қой жүрек бір өзіңді сағынар,
Маған да бәлкім сүйем деп тағы жалынар.
Бірақ та қалқам түсінгенім менің де,
Өмірлік жолда менен де тәуірі табылар.

Қинайды сірә өзіңе деген қимастық,
Ғашық болып, сүйіп тағы сыйластық.
Енді қарғам саған қош бол демеймін,
Ары қарай дос болайық, сыйласып.


Нұр-Сезімсіз бұл жүрегім тұр ақсап,
Тыңда жаным жыр жазайын, құлақ сап.
Мен өзіңді сүйіп өтем мәңгілік,
Бір рет айтшы "Сүйемін деп" бір-ақ сәт.

Жүрегімді шумақтатар ақынсың,
Сендік сезім бұл жүрекке тартылсын.
Сол кезде біз жаурамаймыз екеуміз,
Мейлі қыс боп, аяз болсын, қар тұрсын.

Тек мен ғана ұстайыншы қолдарыңды,
Сезбей өтем сол кезде мен тоңғанымды.
Сен қасымда болған кезде, сенім артып,
Ешкім менің кесе алмайды жолдарымды.


Махаббат деген біреуге сор, біреуге бақ,
Жүрегімді кеткендей ме біреу ұрлап.
Өзің айтқан махаббаттың тәтті әуенін,
Кете ме деп қорқамын біреу тыңдап.

Өн бойыма сыя алмай қызғанышым,
Жетпеді ме әлде менің қызға күшім.
Менің бағым өзіңді сүйген болсам,
Сорым сірә қызғанғаным соны түсін.

Қызғаныштың себебі ғашығымсың,
Ақ параққа жазар менің асылымсың.
Мұқағали музасы Лашын болса,
Білесің бе сені менің Лашынымсың.


Сен мендіксің, соны жаным біліп жүр,
Сені ойлап ішім менің тынып жүр.
Ғажап күлкің жүрегімнің емшісі,
Кішкентайым сондықтан да күліп жүр.

Айналғансың жүрегімнің қалауына,
Ғашық болам сірә маған қарауыңа.
Тұнық сенің көздеріңе батып кетем,
Сондықтан да мұң салмағың жанарыңа.

#тармақталған_шумақтар

9.9k 1 15 13 17

Сезім жайлы

Қайдасың сен түсімдегі сүйкімді қыз,
Қайта кіріп түсіме ұйқымды бұз.
Жадыратшы жаныма келіп өзің,
Тәп-тәтті даусыңмен кейпімді күз.

Өзіңсің ғой жанымның дәрігері,
Сенің күлкің ғашықтықтың дәрумені.
Сол бір кезгі махаббаттың әуенімен,
Жүрегімді қозғашы ары-бері.

Қандай ғажап, көркем еді жүзің сенің,
Тұнық көз,қолаң шаш, қызыл ернің.
Қарлығаштың үні сынды дауысың-ай,
Өзеннің арнасындай нәзік белің.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.