Өмір неге әділетсіз?
Осы сұрақты әрбір адам өмірінде бір рет болса да өзіне қойып көрген шығар. Иә, өмір әрқашан біз ойлағандай бола бермейді. Біреу адал еңбек етіп жүріп, ешкімді ренжітпейтін, мінезі жібектей адам бола тұрса да, өмірде жолы болмауы мүмкін.
Ал кейде қарап тұрсаң, мінезі иттей біреулер ойнап-күліп жүрсе, ішің ашиды. Неге олай болады? Себебі өмір бізге неге лайық екенімізге емес, неге көнуге дайын екенімізге қарап береді. Егер сіз өлместің күніне жететін табысы бар өмірге көнуге дайын болсаңыз, сондай болады.
Барлық табысты адамдар ондай өмірге көнгісі келмеген. Айналасындағы жағдайларды мойындамаған. Сондықтан да көптеген атақты адамдардың жеке адам ретіндегі мінезі өте қиын. Біреулері өзімшіл, біреулерінің мінезі шатақ. Бірақ бұл олар сияқты болу керек деген сөз емес.
Олар бұл жетістіктеріне табиғи түрде жеткен. Ал сіз енді құпияны білесіз. Қандай жағдай орын алмасын, сіздің ол жағдайға көнбей, өз дегеніңізді болдыруға құқығыңыз бар.