TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Талғат Ибрашевтың блогы

19 Apr 2018, 08:58

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

​​Бизнестегі бәсекелесік.
Бүгін бәсекелестік жайлы айтатын боламыз. Бизнесте бұл әрбір кәсіпкердің алдынан шығады. Ең бірінші есте ұстайтын нәрсе, бәсекелестерден қорқудың қажеті жоқ. Егер бір адам сіз істеп жатқан нәрсені істеп жатса, демек бұл дұрыс идея.

Яғни, осы іспен ары қарай айналыса беруге болады деген сөз. Жақсы бәсекелестерден көп нәрсе үйренуге болады. Әсіресе олардың сізден тәжірибесі көп болса. Олардың қалай жұмыс істеп жатқанына қарап, жақсы жақтарын өз бизнесіңізде қолданыңыз.

Бәсекелестердің тағы бір пайдасы -олардың қателіктерінен үйренуге болады. Олар қай жерден қателік жасап жатқанын түртіп алыңыз да, өз бизнесіңізде ондай қателіктің болмауын қадағалаңыз. Ең басты есте ұстайтын нәрсе, ЕШҚАШАН бәсекелестерге бола тауардың бағасын түсірмеңіз.

Яғни баға бойынша бәсекелестікке түспеңіз. Одан да қызмет сапасы немесе тауар сапасы бойынша бәсекелестікке түскен әлдеқайда жақсы. Бірақ көп адамдар бәсекелестері тауардың бағасын түсірсе, барлық адам содан алып кететін болды деп қорқып, өздері бағаны одан да түсіріп жатады.

Осылай тауардың құндылығы жоғалады. Ал сіздің табысыңыз кемиді. Себебі әр тауардың үстіне қосатын таза пайдаңыз кеміп жатыр. Иә тауар көп сатыла бастауы мүмкін, бірақ пайда аз қалады. Оның үстіне тауар көп өткен кезде, жұмыс көбейіп, көп энергия жұмсап, тез шаршайтын боласыз.

Содан қарап тұрсаң, тауар көп өтіп жатыр, тынбай жұмыс істеп жатырсың, бірақ пайда аз. Тауардың көп өткенінен не пайда, түскен таза табыс аз болса? Бағаны түсіретін бәсекелестер көбінесе жабайы бизнес жасайды. Ал жабайылық қазіргі клиенттерге жат нәрсе.

Сонда не істеу керек? Бәсекелестер бағаны түсіріп жатса, қарап отыру керек пе? Жоқ, әрине. Бағаны түсірудің орнына бәсекелестер ұсына алмайтын бірдеңе ойлап табыңыз. Мысалы тауарыңызды қасына тағы бір пайдалы зат қосып сатыңыз.

Қасына қосқан затыңызды өз бағасына сата беріңіз. Сіздің мақсат негізгі тауарды сату ғой. Сондай-ақ, қызмет сапасын жақсартуға болады. Тегін жеткізу, әртүрлі акциялар жасау, тұрақты клиенттерге жеңілдіктер жасау секілді нәрселер шынында да, көмектеседі.

Бірақ ешқашан баға бойынша бәсекелеспеңіздер. Егер сіздің өзіңіздің алатын жеріңізде баға түспесе, демек сізге де түсіруге әлі ерте деген сөз. Сонымен қатар, бәсекелестерден озу үшін жарнамаңызды күшейтіңіз. Егер интернетте сатып жатсаңыз, адамдар бірінші кезекте бәсекелесіңізді емес, сізді табатындай болсын.

Клиент сізге қоңырау шалғанда, сіздің нағыз профессионал екеніңізді түсінуі керек. Бағаны түсіретін бәсекелестер тез арада көп тауар сатқысы келеді де, өз тауары жайлы білім жинамайды. Ал сіз өз тауарыңыздың жілігін шағып, майын ішетіндей эксперт болу керексіз.

Қазіргі адамдарға ыңғайлылық керек. Клиенттер ақымақ емес. Егер тауарыңыз арзан болып, бірақ өзіңіз қалай болса солай сөйлесіп тұрсаңыз немесе клиентті алдағыңыз келіп тұрса, адамдар оны бірден сезеді. Ешқандай адам тиын-тебен үнемдеу үшін өзін сыйламайтын адамнан ештеңе сатып алмайды.

Біз үшін бәсекелестіктің басты қағидасы: Арзан сатқан адам ұтпайды, күн сайын өзін жетілдіретін адам ұтады. Сондықтан күн сайын тауарыңызды жетілдіріңіз, қызмет сапасын, біліміңізді жетілдіріп отырыңыз. Сол кезде ешкім сіз әрқашан бір қадам алдыда жүретін боласыз.
👍 6
❤️
👎
Открыть комментарии

109 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot