Менің әлсіздігімнен бар әлем хабардар. Бағытына асыққан трамвай, ескі құлаққап, жолыңды көмген жапырақ, аспан, ақша бұлт, төбел шың.., бәрі-бәрі, менің әлсіз тұсымды жатқа біледі. Тек сен ғана… сен ғана білмейсің. Сен, тіпті, менің әлсіздігім - өзің екенін де білмей жүрген боларсың..?