Postlar filtri






- Өскемен…?
- Жо-жоқ бұл Silent Hill
☠️☠️☠️


«Ледниковый период» көруші ма едіңдер? Қыстың әр аптасында бізді теледидарға телміртіп, кәсіби емес адамдардың конькиді шебер тепкеніне таңырқап, тамсандыратын еді.


Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатын көріп келгеннен кейінгі ойлар…


Аксель мен тулупты түсінбейтін барлық қазақ Денис сырғанағанда тақымдарын қысып отырушы еді…


Бір істі бастауға ең жақсы мүмкіндік кеше болған. Кеше істемесең онда бүгін баста.


Бүгін қазақтың амалдарының бірі - Боқырау. (Орыстың Покровымен байланысы бар-жоғын білмеймін)
Боқырау күні таңертең боқ қатпаса қырық күн бойы күн жылы болады дейді.

Биыл қыс қатты болатын секілді.
Қыстан аман-есен шығайық!


Театр.
Қайғылы сәтте бірінші шапалақ соғатын қай долбоёб?


Агата Кристи «Убийство Роджера Экройда» ✅

Спойлер:
У меня был коварный план: всех подозревать. Потом сказать, «я с самого начала знал, что это он убил».
Но меня обманули😭


Білім күнімен құттықтау ❌
Чонгуктың туған күнімен құттықтау✅


Атом азабын халық әлі күнге тартып келеді.
Барлық салада былық жетерлік.

Бізге Атом электр станциясын дәл қазір салған дұрыс па?


Бүгінгі атом қасіретін еске түсіретін күн, конституция күніне арналған іс-шаралардың көлеңкесіне қалғаны өкінішті(




tamyz tañy dan repost
Әкем және оның ағасы (атам) Семейде оқыған.
Әкемнің әңгімесінде мөлшері 2 апта сайын жер сілкінетін ол кезде оның не екенін білмейтінбіз деп айтады.

Бүгін үйге атам келді. Әдейі полигон туралы сұрадым.
Ары қарай атамның әңгімесінен.

Бірінші жұмыс күні жер сілкінеді. Сол күні сабақ басқа корпуста болатын. Сол есімде қалыпты. Люстра қозғалады.

Абралы, Абай аудандарына практикаға бардым. Мал бағып отырған ағайынды адамдардың үйлері қаз- қатар тұр. Жарымжан бала әр үйде бар. ( біреулердің қол аяғы осылай, біреулердің көзі деп көрсетеді). Есіктің алдында отырады. Әй тезекке барып кел
дейді. Шамасы жеткен бір-екі тезек алып келеді.

Өзім 17 жасар баламын. Неге олай деп ойланатынмын.


Полигон - Халқымның басына туған қасірет.


Зайсанның қарағай шайыры.

Бала күнінде кім не шайнады?

Мен жағым талғанша қара шайыр шайнап өскенмін)
Далада өсіп тұрған шикі бидайды да шайнадық, кәдімгі сағыз секілді болып қалады.


Орыстардың жаны аялы. Өздерін жақсы күтеді. Тіпті өздері тұрмақ ит-мысығына дейін жақсы күтімде.

4-5 жыл бұрын жұмыста техникалық бақылау бөліміне бардым. Вова атаның қызы Лариса картон қорабты желімдеп отыр.
- Не істеп жатырсыз?
- Мысығыма ғой.
- Оооо сізде мысық бар ма?
- У меня и кошка есть, и собака есть. ( ары қарай орыс апаның даусын елестетіп оқи беріңдер) Менде мысық та бар, итте бар. Итіме 17 жыл болды. Биыл көктемде қатты ауырды. Ветеринарға апардым, жүрегі нашар операцияны көтере алмауы мүмкін. Тірі қалуы 50 де 50 деді. Операция жасады, жазылып кеткенше қарадық, қазір аулада шапқылап жүр. Операцияның 230 мыңға шыққанын және айтты.

Жарықтық Ақтабаным-ай жақсы ит өлігін көрсетпейді дегенді күшік кезіңнен естіп, қазақы тәрбиеңді ақтап өліпсің ғой.

Орыстан бастап иттен аяқтаппын ғой.

Күтініп жүрейік.
Сенің деніңнің сау болғаны өзіңе ғана емес, жақындарыңа да қажет.


Тик-токқа кірмегелі 2 ай болған. Инстамды өшіргелі 16 күн екен. Басында телефонды қайта-қайта ұстау әдет болған. Уақыт көп, мида демалды.
Біраз жаңалықтан құр қалғанымды да сезіп жүрмін.


Солтүстік-шығыс бағытқа қараймыз


Осы жылғы жұлдызды жауынды ең көп көру мүмкіндігі 12-13 тамыз аралығы. Сағатына 60-100, тіпті жолымыз болса 150 жұлдыздың аққанына дейін куә боламыз💫

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.