Кейде әрең қашып құтылған өзіңе оралу үшін Шамс Тебризиді оқисың. Аударма: ШАМС ТЕБРИЗИ ХИКМЕТТЕРІНЕН
•••
Ғалым едің, данышпан болдың, енді ғашық болуға күшің жете ме?
•••
Бәрі сенің жандүниеңде болып жатыр, жандүниеңді тазарт, дүниең де өзгерсін;
•••
Кейде жүріп өткен жолыңа бір қарап қой: қай жерден келе жатқаныңды ұмытпау үшін...
•••
Адамдар шарап ішіп мас болады, ғашықтар сүйіп...
••••
Ғашықтарға ұйқы харам, біл.
•••
Кейде жақындау үшін алыстау керек, кейде сені еске алуы үшін ұмытуың керек, кейде ашылу үшін жылау да керек, кейде тыңдалу үшін үнсіздік жақсы;
•••
Сүюді жүрек бұйырды ма, әлде жалғыздық? Расында, махаббат деген не өзі? Бір шамды тұтату ма, әлде жанып жатқан алауға күю ме?
•••
Сөздер ақиқат емес, олар жәй ғана ауыздан шыққан дыбыстар. Ақиқатты ұғыну үшін өмір сүріп көр.
•••
Гүлдің сұлуын, түннің тұнығын, достың жақсысын бәрі қалайды. Маңыздысы, гүлді тікенімен, түнді құпиясымен, досты дертімен қабылдай алу.
•••
Жан есігімізді қаққандарға жүрегімізді аштық, енді не?
•••
Алдымен ғашықтықты ұғын...
•••
Сүймегенге құмырсқа да жүк, ғашыққа әлемнің бар жүгі жеңіл. Егер адам ғашық болса тауды да желкесінде таси алады;
•••
Қайғы махаббатты айнудан асырайды.
•••
Жарама да разымын, жарыма да.
Жетер енді, Сен бол! Қаласаң жар бол, қаласаң жара.
Рахымың да мойнымда, ашуың да.
•••
Білім үш нәрседен тұрады: ақылды тіл, шүкірлі жүрек және сабырлы тән.
•••
Сенде оданда бар, бұданда бар. Анау бар ма деді, бар. Мынау бар ма деді, бар. Жақсы, Сенде Сенен не бар, Мәулана?!
•••
Барлық дүниенің мөлшерлі болғаны жақсы. Ал әдептің артығы жақсы.
•••
Дос дегенің гүлдей болса игі: жапырағымен де, тікенімен де.
•••
Көңіліңді өшпенділік және көреалмаушылықпен ластама. Өйткені, оларды жууға болмайды.