Postlar filtri


өтіп кетті😆 демографияға үлес қосып жатыр екем ғо


өзіме қызық адамдардың мәңгі стористерін қараған ұнайды)


енді "баба" деп жүр.


Бике жаңа ап-анық "мама" деді🥹


айналамдағы қыздардың вайбы:
кітап
театр
теңіз
өлең
кофе


Астанаға үйім деп қайтам.


"студент кезде ата-аналарыңнан ұялмай ақша сұраң" деген Мизамкөкпен келісем. бітіргесін де аяққа нық тұрып кеткенше көмектескені әбестік емес. өзіңді өйтіп зорықтырма.


мен Маңғыстаудамыын🥹


Дәметкеннің арнасын көріп, өзімнің наурыздан кейін қорытынды жазбағаным есіме түсіп кетті.


91-дің әр әнінен бір сөз болсын қайталап жүретін едім.

сүй. біл. көр де, қателес. дым уайымдама


сенің миың болмағанда енді кімдікі жейм?


сәтті ұстап үйрен.


өзіңдей сүй, қуан. сенен туад.


Әлем мен Эйстың әндерінің сөздері онша емес. дым есте қалмайды.




осы шешімді қабылдағанда енді арнама көбірек жазатын болармын деп ойлағам. амал нешік)


balpanaqtar🐾 dan repost
"өнерден қорқу - диагноз"


от крайности в крайность.


үйдің кішкентайы боп үйреніп қалғасын ағамның баласы дүниеге келгеннен кейін 18 жасымда апа болу қызық болды. енді сіңлісі бар апа қандай болады екен деп ойлап қоям)
бірақ кенже болған ұнайды.


бұрын күйеуге шығып, балалы болғаннан кейін апаларымның сіңлілерін неге шақырып ала беретінін енді түсініп отырмын. мында бір сіңлім болса, шақырып алатын ем


бүгін ғана осы видеоны көргем. өте қорқынышты. осындайға айналып кетпейік.


осында бірнеше рет салған тәуелсіз заманауи өнер кешіне көлеңкесінен қорқатындар қысым көрсетіп жатыр. ішім ашып отыр. ең болмаса өнерде еркіндік болмаса, кім болғанымыз біздің? кешке барып көрген адамдар біледі қандай деңгейде ұйымдастырылатынын, қандай тақырыптар көтерілетінін. соның бәрі тек энтузиазм мен ниеттің арқасында. тәуелсіз өнерді қолдайық.
#МенТәуелсізбін!


осы жылы Айрапетов деген комикпен таныстым. күлдім. жыладым. соңғысы көбірек болған сияқты.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.