𝐓𝐄𝐍𝐁𝐈𝐋 𝐃𝐎𝐏


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Теңбіл доптағы эксклюзивті жаңалықтар мен тікелей эфирлер!
🫧Ұсыныстар бойынша:
@Double01SS

Bog‘liq kanallar

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


😮‍💨 Ұлттық құраманың рекордын бұзады

🇰🇿 36 жастағы орталық сақа қорғаушы Сергей Малый, қатысқан ойындар саны бойынша Смақовты басып озғалы тұр.

🇫🇴 Егер 6 қазан күні Фарер аралдарына қарсы ойынға шығатын болса, ел құрамасында ең көп ойын өткізген футболшы атанады:

🥇Самат Смақов - 76 ойын
🥈Сергей Малый - 76 ойын
🥉Исламбек Қуат - 75 ойын


🛬 Қонақтар келді

🇫🇴 Фарер аралдары бүгін таңертең елордаға аман-есен қонды.

⚽️ Кешке жаттығу жұмыстарын өткізеді.


👀 Рамуштың әйеліне қайта-қайта жазыпты

🌐 Криштиану Роналдудың жанкүйерлері Португалия құрамасындағы әріптесі Гонсалу Рамуштың жары Маргарита Амарал Домингештің Instagram аккаунтына жаппай пікір қалдырды.

☠️ Сондай-ақ, жеке хабарлама арқылы түрлі қысым көрсетілгені де белгілі болды.

🇵🇹 Соңғы үш күнде Португалияның инста аккаунтынан 15 миллион адам отписка жасады.


😳 Ағылшындар талқандап тастады

🇭🇷 Хорватия құрамасы өз алаңында масқара болды:

8’ Кейн
21’ Беллингем
39’ Гордон
45’ Сака
53’ Кейн
68’ Сака
87’ Роджерс


🛫 Фарер аралдары Астанаға жол тартты

🇫🇴 Кеше өз алаңында Словакиямен 1:1 ойнаған Фарер аралдары бүгін түнде елорда әуежайына келіп қонады.


😳 Роналду үшін инвесторлар бас тартып жатыр

🇵🇹 Негізінен Португалия құрамасы табысының 50%-ы Роналдудың ойынға қатысуына байланысты.

❌ Рәкең мен құрама арасындағы даудан кейін, ірі инвесторлар Португалия құрамасынан кетеміз деп ескерту жасаған.

🍻Оның ішінде, бас демеушісі Sagres сыра компаниясы да бар.


😮‍💨 Ал, құтты болсын! «Барса» фандар!

🇪🇸 Каталондық ұжымның үздігі Рафинья келісімшарт мерзімін тағы үш жылға ұзартатын болды.

✍🏻 Сондай-ақ, 19 жастағы жартылай қорғаушы Марк Бернальға да жаңа келісімшарт ұсынды.


🔥Исламхан үздік ойын көрсетті

📊 Sofascore нұсқасы бойынша, Қазақстан - Молдова матчының үздігі - Бауыржан Исламхан.

🇰🇿 Баторик 64-минутта Нұралы Әліптің басына қолмен қойғандай етіп ғаламат пас берген болатын.


👀 Ван’т Шкип тура Черчесов сияқты дейді

🇰🇿 Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Вячеслав Эрбес бас бапкер Джон Ван’т Шкип жайлы пікір білдіріпті. Бұл туралы, kommentator_maulen телеграм арнасы хабарлады:

Айтарға сөз жоқ. Тура Станислав Черчесов сияқты бапкерді алыпты. Олардікі әр ойында ары кетсе бір голдан салу ғана ғой. Молдовалықтар Қазақстанға ешқашан 2 голдан артық салып көрмеген, бапкерді орнынан дереу алып тастау керек. Кешегіден кейін іліп алар жақсы ештеңе де тауып айта алмайсың. Мынадай ойынмен топтағы соңғы орын дайын деуге болады - деді Эрбес.


🇫🇴 Ел құрамасы келесі кездесуін Фарер аралдарына қарсы өткізеді.


😬 Ақыры кететін болыпты

🇮🇹 Эндрик қаңтар айында «Рома» жейдесін киеді. Бұл туралы, Corriere dello Sport мәлімдеді.


🤷🏻‍♂️ Түркияны қара басты

😬 Түрік ағайындарымыз А лигасының алыптарына төтеп бере алмай жатыр:

❌ Бельгия 3:0
❌ Италия 1:4
❌ Франция 0:1

🇮🇹 5 қазан күні сырт алаңда Италияға қонаққа барады.

🟨Арда Гюлер сары қағаздың көптігіне байланысты, бұл кездесуге қатыса алмайды.


🇸🇰 Словакия құрамасы көш басында қала берді

🗓️ 6 қазан | 19:00
🇰🇿 Қазақстан - Фарер 🇫🇴

🗓️ 6 қазан | 23:45
🇲🇩 Молдова - Словакия 🇸🇰


🤯 Молдова 17 ойыннан кейін жеңіске жетті

😳 Қарсыластарымыз соңғы рет дәл осы Ұлттар лигасы аясында Андорраны 0:1 жеңген екен. Ол 2024 жылдың 16 қарашасы болатын.


❌ Кенжебек Фарерге қарсы ойынға қатыса алмайды

🟨Ғалымжан Кенжебек сары қағаздардың көптігіне байланысты, 6 қазан күні болатын Фарер аралдарына қарсы матчқа қатыса алиайды.

🇲🇩 Годи сырт алаңдағы Фарерге қарсы ойынның 49-минутында және бүгін Молдоваға қарсы 80-минутта ескерту қағазын алған болатын.


👀


🇰🇿 Джон Ван’т Шкип былай деді:

Жеңіліске өте қапалымын. Команданың да көңіл-күйі түсіп кетті. Қарсылас 0:2 жеңіп жатқаннан кейін, екінші қабатпен шабуылға көштік. Алайда нәтижесіз болды.

Гол соғып, есепті теңестіретін жақсы мүмкіндіктер болды. Дегенмен, сәттілік жетіспей жатты. Сол Словакиямен болған ойындағы қателіктерге ұқсас деп айтсам болады.

Словакиядан жеңілгеннен кейін, топтан шығу мәселесі айтарлықтай қиындап кетті. Фарер аралдарына қарсы өз ойынымызды ойнау қажет. Сол кездесуде бар күшімізді саламыз. Бірақ бірден айтайын, Фарер де өте мықты қүрама.

Жалпы, Фарерге қарсы нәтижені жаман нәтиже деп айта алмаймын. Ойынымыз “С” тобына лайықты деңгей деп айтқым келеді.

Мен өз жұмысымды жалғастырамын. Ары қарай жұмысым жалғасады - деді Ван’т Шкип.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


😩 Жұбатып кетті…

🇲🇩 Молдова құрамасының бас бапкері Лилиан Попеску ойыннан кейін былай деді

Қарсыластар да өте керемет ойнады. Бірақ бізде де гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болды. Біз бұл жерге жәйдан-жай келген жоқпыз. Жеңу үшін келдік. Бұл футбол - бүгін біз. Ертең сіздер жеңесіздер. Ең бастысы - мойымаңыздар!

Бізді көп қысымға алуға тырысты. Бірақ біздің жігіттер ол қысымнан дер кезінде шығып отырды. Бапкерлік штабпен қойған тактикамыз толығымен жүзеге асты деп ойлаймын.

Бір аяғымыз көкте, бір аяғымыз жерде тұрған кезде топтан бірінші шығамыз деу артық секілді. Бірақ соңына дейін жан беріп тырысытан боламыз. Фарер аралдарын оңай жеңеміз деу де қателік деп айтар едім. Сондықтан болашақты болжағым келмейді - деді Попеску.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


🏁 Молдоваға есе жібердік!

⬇️ Топта соңғы орынға түстік. Әзірге қоржынымызда 2 ұпай ғана бар.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.