🫣 «Шетел агенті» туралы заң қабылдауды ұсынған депутат «Сорос-Қазақстан» қорымен жұмыс істеген
Ирина Смирнова «Шетелден қаржы алатын ұйымдар сөз еркіндігін желеу етіп, өзге елдің саяси ықпалын арттырады» деп пікір білдірген.
Ең қызығы — мәжіліс депутаты Ирина Смирнова «Сорос-Қазақстан» қорымен жұмыс істеген екен. Ол төрт жыл бұрын қорды мақтап пікір де білдірген.
«Бұл қордың өкілдерімен 10 жылдан астам уақыт әріптес болыппын. Дәл сол уақытта маған «Сорос-Қазақстан» қорының моральдық қолдауы көп көмек болды», — дейді депутат.
Желіде депутатты айыптап жатқандар жетерлік. Көпшілік «Ирина Смирнованың өзі ең бірінші «шетел агенті» екен ғой» деп жазып жатыр.
Кей адамдар Ирина Смирнованың зейнеттегі адам екеніне де тоқталған. «Зейнеттегі адам мәжілісте не істеп отыр?» деп пікір жазғандар көп.
Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp