TILSHI NEWS


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Tilshi.kz телеграм-каналы

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


❗️ Доллар құны 520 теңгеге жетті

⚠️ Kurs kz мәліметінше, Алматыда долларды сату құны 519 теңге болса, сатып алу 513,5 теңге болып тұр.

Орал мен Шымкент қалаларындағы айырбастау пунктеріндегі орташа сату бағамы - 520 теңге. Ал сатып алу бағамы - 514 теңге.

Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі айырбастау пунктерінде доллар 517 теңгеден асып кетті.

дереккөз: atamekenbusiness


❗️ 1 доллардың құны 525 теңгеден асты


⚡️ Ақтөбе тұрғыны күйеуінен ала алмаған алиментті енесінен өндірмек болды

🙂 Мәртөк тұрғыны бұрынғы күйеуі төлемей қойған алиментті енесінен өндіріп алмақ болған.
Сот әйелдің талабын қанағаттандырмады.

Ақтөбе облыстық сотының хабарлауынша, ерлі-зайыптылар 2021 жылы ажырасып кеткен. Қазір заңды некеде дүниеге келген екі баланың үлкені - 5, кішісі - 4 жаста.

Балалардың әкесі алимент төлемей, қарызы 4 млн теңгеден асып кеткен. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтін бұрынғы күйеуінен алимент өндірмек болған әйел сотқа бірнеше рет шағымданған.

Сот оның Қазақстаннан шығуына, көлік жүргізуіне шектеу қойып тастаған.

Қарызды өндіру туралы сот шешімін орындамағаны үшін 5 тәулікке қамап та қойған. Бірақ ер адам бәрібір алимент төлемей қойған. Осыдан кейін әйел балаларының әжесі жұмыс істейтінін, қоры бар екенін айтып, Мәртөк сотына шағымданады. Сот талап арызды қанағаттандырмады.

«Екі баланың ата-анасы еңбекке қабілетті. Олар мүгедек болған немесе бағатын ата-анасы болмаған жағдайда ғана немерелерін асырау әжесіне жүктеледі. Талап қоюшы алименттен жалтарғаны үшін бұрынғы күйеуін қылмыстық жауапқа тартуына болады» делінген соттың хабарламасында.


🏆Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды

«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлыққа рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», — деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында.

DIAFA халықаралық премиясына кімдер таңдалады?

DIAFA — Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия.

🗣️ Ол өнер, мәдениет, бизнес және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын атап өтеді. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.

дереккөз: qazaqparat

------
🔺🔺🔺-----

Tilshinews.kz интернет-басылымының Telegram-каналына жазылыңыз!


‼️ Есірткімен ұсталғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

⚡️ Мәжіліс есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Атап айтқанда, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу үшін заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру үшін жауаптылықты көздейтін ҚР ҚК-нің жеке жаңа 297-1-бабы енгізілді.

Онда мүлкі тәркіленіп, жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған.

дереккөз: qazaqparat

YouTube |Telegram | Instagram


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚡️ Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды

👀 Бүгін Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған форумға қатысушылар KazakhTourism ҰК АҚ мен отандық танымал әнші арасындағы бірлескен жобаның жұмысына бірінші болып куә болды. Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етеді.

«Киелі мекенім» жаңа бейнебаяны Қазақстанның көрікті жерлеріне назар аударады. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.

💬 «Біз Димашқа елімізді шетелде дәріптеуге қосып жүрген баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреміз. Ол туризмнің алғашқы елшісі болып, әрбір қолайлы жағдайда шетелдік аудиторияны Қазақстанға келуге шақырады. Миллиондаған тыңдаушылар Димаштың шығармашылығы арқылы біздің елмен кеңінен танысады. Жаңа бейнебаян - Қазақстанның әдемі табиғаты мен бай мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетуге деген ортақ ұмтылысымыздың нәтижесі. Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері бірегей локациялардан шабыт алып, елімізді өздері үшін ашатынына сенімдіміз»,- деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.

Жаңа «Киелі мекенім» бейнебаяны Димаштың ресми арналары мен аккаунттарында қолжетімді болады.

Айта кетейік, түсірілім Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары туризм басқармаларының, сондай-ақ «Visit Alatau» және «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталықтарының, «Capтас» орталығының, «Air Astana» және «FlyArystan» авиакомпанияларының, «Karavansaray Turkistan» кешенінің, «Visit Aktay» және «Іntegra Construction KZ» компанияларының қолдауымен өтті.


🇰🇿🇰🇳 Еліміз тағы бір елмен визасыз режимге қол қойды

Қазақстан мен Сент-Китс және Невис бір-бірін визалық талаптардан босатты. Келісімге 2024 жылдың қаңтарында қол қойылған. Бірақ оны жақында ғана Қазақстан үкіметі мақұлдады.

Енді екі елдің азаматтары бір-біріне жыл бойы 90 күнге дейін визасыз бара алады.

Сент-Китс және Невис – Кариб теңізіндегі жағажайлар, екі туристік арал. Аралдар ашық ауада және жағажай туризмін ұнататындар үшін өте қолайлы.

дереккөз: stankznews

------🔺🔺🔺-----

Tilshinews.kz интернет-басылымының Telegram-каналына жазылыңыз!


🐄 «ҚазАгроҚаржы» жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша қабылдайды

👀 «ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндірілген және/немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жылдық 5%-бен «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша қосымша өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

🔴 Өтінімдер қабылдау үшін ҚазАгроҚаржының «@KazAgroFinance.bot» (@kaz_agro_finance_bot) Telegram bot арқылы электронды кезек қалыптасады.

Клиент Telegram bot арқылы өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өңірдегі «ҚазАгроҚаржы» филиалының біріне құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс. Филиалдардың байланыс телефондары мен мекенжайлары www.kaf.kz компания сайтында көрсетілген.

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы отандық өндірілген және/немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған:

мөлшерлеме: жылдық 5%
лизинг мерзімі: 7 жылдан аспайды
Бірінші лизингтік төлем: 10%-тен кем емес

«ҚазАгро» Қаржы» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар тобына кіреді. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингтік қызметтер көрсететін ірі қаржы институты. Компания 24 жылдан астам уақыттан бері еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамыту аясында қызмет етіп келеді.


Ақтөбе облысындағы экологиялық қауіпсіздік мәселесі қаралды

✅ Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мәселелері қаралды.

💬 Облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов өңірдегі экологиялық проблемаларды кешенді шешуге бағытталған жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

🗺️ Жол картасы аясында 44 шара өткізу жоспарлануда. Олардың бірқатары сәтті аяқталған. Мәселен, биылғы 9 айда атмосфера шығарындыларының нақты көлемі 90,5 мың тоннаға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға аз.

🏭 Жол картасын жүзеге асыру аясында биыл Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 және №2 цехындағы пештерді жаңғырту, сондай-ақ 70-тен астам аспирациялық қондырғыны ауыстыру жұмыстары аяқталады. Ал Ақтөбе хром қосындылары зауытында жаңа электр сүзгісі орнатылып, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшері 63%-ға азайды.

Қандыағашта «Кентавр» ЖШС карталарды тазалауды жалғастыруда. «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Мұнай Тас» СБҚК» ЖШС Кеңқияқтағы мұнай сақтау резервуарындағы шығарындыларды азайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ табиғи полигондарды жою жұмыстары жалғасуда.

💬 Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев облыста өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының қорытындысын жариялады. Ел Президентінің тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан акция өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған.

📊 Акцияға 418 мыңнан астам ақтөбелік, кәсіпорын мен ұйымдардың 11 мың қызметкері қатысты. Жалпы саны 105 мың аула, 103 мың жеке тұрғын үй, 1500 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді. 207 су қоймасы, 44 субұрқақ, 94 мың метр суару арықтары тазартылды. Сондай-ақ 291 саябақ пен алаң қоқыстан тазартылып, 356 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Полигонға 74 мың тонна қоқыс шығарылды.

Басқарма басшысы мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және қарапайым азаматтардың бірлескен жұмысының арқасында өңірдегі экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарғанын, сонымен қатар тұрғындардың экологиялық мәдениетінің деңгейі көтерілгенін атап өтті.

📌 Облыс әкімі жол картасының орындалуын бақылауда ұстауды және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарланған барлық іс-шараның уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.


🔼 Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін жайлы жағдай жасалуы керек

🔵 ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов өңірге жұмыс сапары барысында жауаптыларға осындай тапсырма берді, деп хабарлайды TilshiNews.kz сайты.

🔹 Алға ауданының Тоқмансай ауылында күніне 25 адамды қабылдауға қауқарлы жаңа медициналық пункт жақында ашылады. Бұған дейін жергілікті дәрігер ескі ғимаратта 300-ге жуық ауыл тұрғынына көмек көрсеткен. Заман талабына сай медициналық пунктте жалпы практика дәрігерінің кабинетінен бөлек процедуралық, күндізгі стационар және дәріхана пункті жабдықталуда. Нысан желтоқсан айының басында халық игілігіне берілмек.

Ал Мұғалжар ауданының Жарық ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы жанданды. Мердігер ҚР Денсаулық сақтау вице-министрін жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтайтынына сендірді. Тимур Мұратов құрылыстың тез салынуы медициналық мекеме сапасына әсер етпеуі керек екенін алға тартты.

🔺 Мұғалжар аудандық ауруханасында жаңа жылдан бастап Ауданаралық тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу үшін қосымша нысан салу жұмыстары басталады. Бұл бірнеше аудан тұрғындары үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттырады, сондай-ақ Ақтөбе-Астрахань автожолында орын алатын Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жеделдетеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары өңірге жұмыс сапарының екінші күнінде Ақтөбедегі қалалық және облыстық балалар стационарлары, көпсалалы облыстық аурухана, облыстық перинаталдық орталық, Ақтөбе медициналық орталығы, сондай-ақ бірқатар қалалық емхананың жұмысымен танысты. Әрбір медициналық мекеменің проблемалық мәселелерін Тимур Мұратов өзінің жеке бақылауына алды.

✔️ Сондай-ақ, ол ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментіне барып, «Ақтөберентген» АҚ зауытында шығарылатын медициналық техникалармен танысты.


▶️ Tilshi медиа жобаларындағы қаралым 1 миллионнан асты

🖥 Соңғы 1 айда TilshiNews.kz сайты мен инстаграмдағы @tilshinews.kz аккаунтының қаралымы 1 миллионнан асты, оның ішінде instagram желісіндегі қаралым 745 мыңға жуықтады (25 қазан - 24 қараша, 2024 жыл).

Өңірлік жас медиа командасы үшін бұл үлкен көрсеткіш.

TilshiNews.kz қазақ тілінде контент жасайды. Біздің командада SMM маманы, мобилограф, IT маманы, маркетолог және тілші қызмет етеді. Әр контентті сапалы етіп шығаруға тырысамыз.

Бізде бизнес өкілдеріне ұсыныс бар: ресурстарымызда өз өніміңіз бен қызметіңізді жарнамалай аласыз. Сіздерге бірнеше пакет ұсынамыз!

ℹ️ Толығырақ білу үшін @tilshinews.kz аккаунтының direct-іне немесе 87785234496 нөміріне жазыңыз.




☄️ Туризм және спорт министрлігі екі облыстың үміткеріне келісім берді

🔼 Елордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды «Тілші».

Отырыста Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған екі үміткердің кандидатурасы қарастырылды.

Атап айтқанда, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді.

Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен өңір спортын дамытуға қатысты жоспарына, сондай-ақ спорт ғылымының негіздері мен менеджментін меңгергендігі жөнінде сұрақтар қойды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде әрбір өңір қандай спорт түрін дамыту керектігіне қатысты шешімді дербес қабылдайтынын сынға алған болатын. Осыған орай, Президент спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді. Енді облыстық спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған үміткерлер ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асырылады», – деді Ербол Мырзабосынов.


Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады және Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындауға тиіс.

Медиа, азаматтық қоғам, билік пен бизнес жайлы контент!


☄️ 2025 жылы Қазақстанда 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

915 офицердің 700-і Қарулы Күштерге, 80-і Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 131-і Ішкі істер министрлігінің ұлттық гвардиясына және төртеуі Төтенше жағдайлар министрлігіне барады, деп хабарлайды «Тілші».

Бұл туралы Үкімет қаулысында көрсетілді.


⛔️ Мұғалжар ауданында балабақша бухгалтерлеріне үкім шықты

☄️ Бюджет қаражатын заңсыз иемденгені үшін бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Тілші» қадағалау органына сілтеме жасап.

⚠️ «Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.

Барлық көрсетілген деректер бойынша бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.

«Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтерімен 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

YouTube |Telegram | Instagram


🇰🇿Алға ауданының әкімі тағайындалды

🔺Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алға аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Асланбек Серікұлы Шүйіншалиев Алға ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ол 1988 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Құқықтану», Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика», ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму» мамандықтары бойынша бітірген. Литва Мемлекетінің Миколос Ромерис Университетінде мемлекеттік басқару бағдарламасы аясында халықаралық тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2007 жылы Алға аудандық қаржы бөлімінің іс-қағаздарын жүргізуші заңгері болып бастаған.

2007 – 2009 жж. «АБУ-ГРУПП» ЖШС менеджері; 2009 – 2012 жж. Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы; 2012 – 2016 жж. Қарғалы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Бадамша ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

2016 – 2021 жж. Алға аудандық қаржы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының облыстық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын үйлестіру және құқыққорғау органдарымен өзара іс-әрекеттесу бөлімінің басшысы, Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары болды.

2021 – 2023 жж. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды.

2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Біздің контентті желілер мен мессенджерлерде бөлісуді ұмытпаңыз!


👀 Ербол Сейілхан, журналист: «Қазақстанда YouTube-каналдар БАҚ ретінде мойындалмайды»

⚡️ Белгілі тележурналист, соңғы жылдары YouTube желісінде ірі жобалар жасап жүрген Ербол Сейілхан таяуда YouTube-те өз каналын ашты. «Ерболдың арнасында елдің сөзін айтайық!» деген ұранмен бастаған жобасы жайлы сұраған едік. Сұхбаттың толық нұсқасы TilshiNews.kz сайтында.

«YouTube-тен канал ашу аса қиын емес. Алты-ақ секундтық шаруа. Бірақ ол каналдың стратегиясы, менеджменті болуы керек. Не мақсатта ашқалы отырсыз? Кімге керек? Алдын-ала зерттеу және зерделеу қажет болады. Аудиторияңның демографиясы, психологиясы туралы да ақпаратың болуы шарт», - дейді Ербол Сейілхан «Тілшіге» берген сұхбатында.


Журналист велосипед ойлап таппағанын айтады. Біраз ойлана келе сол баяғы өзінің оң жамбасыма келетін сұхбат жанрын таңдағанын тілге тиек етті.

«Erbol Seilkhan» - әлеуметтік, қоғамдық, халықтық бағыттағы арна. Яғни, көптің көкейінде жүрген сауалдарға спикерлермен бірге жауап іздейміз.

Қазақстанда YouTube каналдар БАҚ ретінде мойындалмайды. Билік те, көрермен де желідегі парақша ретінде ғана қарайды» деген Ербол Сейілхан жуырда сайт ашпақ.

«Яғни, YouTube арнамдағы дүниелердің жазбаша нұсқасын жариялап, видеолар жүктеп, «Erbol Seilkhan-ды» мултимедиялық веб-сайтқа айналдырсам деймін. Әрине, қалай боларын уақыт көрсетер. Бірақ мен бір жерде тоқтап қалғым келмейді», - дейді ол.


Ерболдың есебінше, Қазақстан халқының 12 миллионға жуығы YouTube-ті тұрақты түрде көреді екен.

«Мен де бастапқыда сол көп көрерменнің санатында едім. 2019 жылы YouTube-та «Азаттық рухы» деген арнаны бастадым. Жазылушылар саны жүз мыңға жетті. Одан кейін «Сұрауы бар» арнасын аштық. Ол каналға жазылушы саны 300 мыңға жетті. Екеуін де нөлден бастап табысты, өз-өзін ақтайтын , өз-өзін монетизациялаған, өз күнін өзі көре алатын деңгейге жеткіздік», - дейді журналист.


Ақтөбе облысында балабақша бухгалтері 7 жылға сотталды

Мұғалжар ауданында «Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемденгені анықталды.

Дереккөз: 24.kz


‼️ Ақтөбедегі гарнизонда бір сарбаз қаза болды

Бұл жөнінде гарнизонның баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

"23 қарашада Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан оқ атып, суицид жасады. Себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды" деп жазылған хабарламада.


Дереккөз: азаттық

YouTube |Telegram | Instagram


🗣Ақтөбеде мүгедектігі бар 500 адам баспана алу құқығынан айырылған

Қала прокуратурасы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тексеру барысында 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек 500 адамның баспанаға мұқтаждар ретінде тіркелмегендігін анықтады.

Заңға сәйкес, жеке баспанасы жоқ мүгедектер мемлекеттік қолдау алуды қажет ететіндердің тізімінде болуға құқылы.

Сонымен қатар, Конституция күніне орай 39 мүгедекке 1,95 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмеген, сондай-ақ 17 азаматқа 850 мың теңге көлемінде бір реттік төлем төленбегені анықталды.

Қазір мүгедектер баспана кезегіне алынып, барлық қажетті төлем жасалды.

Дереккөз: qazaqstantv

Біздің мерч сатып алу арқылы қолдасыңыз болады.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.