WhatsApp немесе Telegram? (жалғасы)
Арналар мен топтар – хабарламаны бекіту, дыбыстық хабарлауды басқару, админдер үшін соңғы өзгерістерді бақылау мүмкіндігі. Бір ерекшелігі арнаға кім жазылғанын админнен басқа адамдар көре алмайды. Ал топтарда модерация жүргізуге болады. Егер топтың мүшесі тақырыптан басқа нәрселерді оттап кетсе немесе спамды көбейтсе, т.б. орынсыз әрекеттер жасаса оны уақытша «өшіруге» (тек оқып отырады), уақытша немесе мәңгілікке топтан шығаруға болады. Username немесе белгілі шақыру сілтемесі арқылы арналар мен топтарды таба аласыз. Алайда, шақыру сілтемесін жиі өзгертіп тұратын, өз қатысушыларынан басқа ешкім білмейтін топтар да кездеседі. Және топтарда бір хабарламамен бірнеше адамға жауап беруге болады (@username1, @username2, @usernameN). Бұл жерде Whatsappты еске алмай-ақ қойсақ та болады екен.
API – Whatsappта ашық, құжаттамасы бар APIды армандамаңыз. Тіпті, ресми клиенттердің коды жабық, оның үстіне басқа бейресми клиенттердің барлығын сотқа беріп жауып тастаған. Telegram API ресми сайтында құжаттамасы жаңартылмағанына бірнеше ай болса да, есесіне Telegram қауымдастығы үлкен. APIмен жұмыс жасауға арналған TL-ге (Type Language) қаптамалар бірнеше танымал бағдарламалау тілдерінде бар. Егер түсінбеген жерлеріңіз болса әрдайым белсенді чаттарда, код хостингтерінде талқылауға болады. Клиенттердің коды ашық болғандықтан кодқа әркім өз үлесін қоса алады. Осының әсерінен Whatsappқа қарағанда Telegramның жаңартулары жиі шығып тұрады.
Telegram кроссплатформалылық жағынан да Whatsappтан басым түседі. Android пен iOS-тан басқа да операциялық жүйелер, браузерлер бар. Whatsappты Windowsта немесе браузерде жұмыс жасату үшін смартфоныңыз жаныңызда болуы керек. Ал Unix-like операциялық жүйелер үшін Whatsapp клиенті жоқ. Unix қауымдастығына да Whatsappтың керегі шамалы.
Proxy – Сіз тұрып жатқан елдің әкімшілігі Сіз үшін шешім қабылдап, байланыс құралдарына шектеу қойды ма? Telegram үшін бұл түк емес, себебі Telegramда жеке proxy баптаулары қарастырылған. Яғни proxy арқылы бүкіл интернет трафикті емес тек қана Telegramды қосуға болады.
Көптілділік. Осы пунктті Whatsappтың немесе Telegramның басымдылығы деп танымай, қайта екеуінде де болғанын қалар едім. Еліміздегі қазақ тілінің жағдайы мүшкіл хәлде тұрғандықтан, көп интерфейстердің қазақ тілдегі нұсқасы кездесе бермейді, кездескен күннің өзінде көп танымалдыққа ие емес. Telegram клиенттерінің интерфейсін қазақ тіліне аудару үшін қажетті файлдарды өңдеу жеткілікті (клиент коды ашық). translations.telegram.org сайты тағы бар. Бірақ ол жерде қазақ тілі жоқ. Себебі, Telegramның қазақ тілді қауымдастығы жоқ. Осы постты жазудағы мақсатым: адамдарды пайдаланып ақша табуды ғана ойлайтын, сол үшін олар туралы барлық мәліметтерді (сауалнама, фото, видео) жинайтын, тіпті кіммен не жайлы сөйлесіп жатқандығына дейін білгісі келетін корпорацияның Whatsapp сияқты құралына қарағанда көпшіліктің игілігі үшін, прогресстің дамуы үшін атсалысатын, шектеулерге дес бермейтін, кең таңдау мен еркіндік беретін Telegramның қолданушылары көбейіп, Telegram кеңінен таныла берсе екен.