Telegram Desktopта хабарламалары өшірулі чаттарды жасыру мүмкіндігі
Егер Сіз Telegramда өз байланыстарыңызбен тілдесумен қатар бірнеше арналар мен топтарға жазылған болсаңыз, оқылмаған хаттар чаттар тізімінде жиі көзге түсіп тұратынымен таныс боларсыз. Топтарда болса да хабарламалар өшірулі тұрады, ал кейбір арналар жиі хат жолдай беретіндіктен немесе контенті аса маңызды болмағандықтан хабарламаларды өшіріп қоямыз.
Ал осы өшірулі хабарламалардың санын тіптен бір бұрышқа жинап қоюға болатынын білесіз бе? Ол үшін не істеу керек? Ескерту: тек Desktop клиентінде жұмыс істейді.
Мәзірде баптауларды ашамыз (сол жақ жоғарыдағы үш жолақты, сосын Настройки/Settings басамыз). Одан кейін "workmode" сөзін тереміз (тырнақшасыз). "Enable workmode?" деген сұраққа OK деп жауап бересіз. Чаттар тізімінен жоғары "Скрыть чаты без уведомлении (Hide muted chats)" деген жазуды басасыз.