Президент Іс басқармасының апталық басты оқиғалары
🔸 Қайырлы күн! Өткен аптада ПІБ ұйымдастырған маңызды іс-шаралар мен жаңалықтарға шолу ұсынамыз!
❇️ Апта қызықты экскурсиялармен басталды. Президенттік орталықтың музейінде ұйымдастырылған кәсіби бағдар беру экскурсияларына елорданың 360-тан астам оқушысы мен студенті қатысты. Қатысушылар музейдің жұмысы, IT, мультимедиа және контент әзірлеу саласындағы заманауи технологиялар мен болашақ мамандықтар туралы ақпарат алды.
❇️ 6-8 желтоқсан аралығында Инженерлік-техникалық орталықта стратегиялық сессия өтті. Сессияға 50 маман қатысып, бизнес-тренер Меруерт Жүнісбектің жетекшілігімен даму жоспарларын, процестерді жетілдіру және келесі жылдың негізгі міндеттерін талқылады. ИТО директоры Даурен Нұралиев сессия барысында негізгі кедергілер анықталып, жұмыс тиімділігін арттыру бойынша нақты қадамдар белгіленгенін атап өтті.
❇️ Тәуелсіздік күні қарсаңында аналитикалық шолу жарық көрді. Президенттік істер басқармасына қарасты Парламентаризм институтының құқықтық талдау орталығының бас маманы Әлия Төлебаева парламенттердің саяси процестерге ықпалы туралы зерттеуін жариялады. Материал «Online.zakon.kz» сайтында жарық көрді.
❇️ Мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті. Президент Істері Басқармасының жаңа қызметкерлері Гаухар Вафина, Бақтияр Серікбай және Әмір Нұрғалиев салтанатты түрде ант берді.
❇️ Үздік қызметкерлер марапатталды. Ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімі бағыты бойынша үздік деп танылған Ләззат Жуварова, Дана Нұрмолдина, Айгерім Айдікенова, Гүлжаһан Отар, Гүлназ Байман, Жайдарбек Қартаңбаев және Әсел Қазақанова арнайы марапаттарға ие болды.
❇️ Ардагерлерге қамқорлық көрсетілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС қызметкерлері ардагер Қайыр Хасеновті құттықтап, медициналық тексеру ұйымдастырып, материалдық көмек көрсетті. Сондай-ақ Алматы филиалының «Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК өкілдері ардагерлерге азық-түлік себеттері мен жылы киімдер табыстады. Бұл бастамалар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, ардагерлердің ерлігін еске салды.