🤩 КРЕАТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ МҮМКІНДІК
Егер сіз тек контент авторы ретінде ғана емес, креативті жоба немесе жеке бренд ретінде дамығыңыз келсе, Креативті индустрияларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылатын
Creative Shift бағдарламасына назар аударыңыз.
Бұл — креаторларға, блогерлерге, кәсіпкерлерге және шығармашылық командаларға арналған
тегін білім беру және акселерациялық бағдарлама.
Сіз не аласыз:
- жобаны монетизациялау, ілгерілету және дамыту бойынша практикалық білім;
- сарапшылармен бірге өз жобаңызбен жұмыс істеу мүмкіндігі;
- бизнес-модель, аудитория, серіктестік және масштабтау туралы білім;
- Астанадағы 7 күндік офлайн менторлық бағдарламаға қатысу мүмкіндігі;
- үздік жобаларды инвесторлар, продюсерлер, медиа және министрлік өкілдері алдында Demo Day-де таныстыру мүмкіндігі.
📍 Қазір
Алматыдағы офлайн бағдарламаға өтінім беруге болады.
Қалай қатысуға болады:
1.
Qazaq Creative ресми платформасында тіркеліңіз.
2. Креатор профилін толтырыңыз.
3. Профиль мақұлданғаннан кейін «Меры поддержки» → «Офлайн курсы» бөлімін таңдаңыз.
4. Creative Shift бағдарламасын тауып, Алматыны таңдап, өтінім беріңіз.
⚡️ Тіркелу үшін eGov / ЭЦҚ арқылы растау қажет. Сондықтан біз скриншоттары бар қарапайым қадамдық нұсқаулық дайындадық. Оны осы хабарламаға тіркейміз — қадамдарды ретімен қайталап шығыңыз.
🔥
Қатысу тегін.Егер өзіңізді және жобаларыңызды әрі қарай дамытқыңыз келсе — бұл мүмкіндікті пайдаланып көріңіз!