Postlar filtri


Тағы бір ескі - тупой убеждениялардан😂

Кішкентай кезімнен 19-20 жасқа дейін, айналамда ақшасы бар адамдар ақылдырақ, мәдениеттірек, адамдар алдында сыйлырақ, сонымен қатар, более продвинутый болып көрінетін. Ал мен, керісінше, өзімді олардан төмен сезінетінмін. Кішкентай кезімде, ауылда тұрғанда бұл убеждение одан да қатты болды.

Бұл убежденияның шығу: біздің отбасыда, СССР жоқшылық заманын қалса керек, ақшасы бар адамды “пример” ретінде көп мысал ететін. “Пәленше, ата - анасына үй-көлік алып берді, ол красавчик!” - секілді мысалдар. Яғни, “красавчиктың” мерилосы ақша болып кеткендей.

Ақиқатында, мерило, жетістік, бақыт стандарты деген ақша емес қой. Бірақ осы убеждениядан құтылу үшін өте көп уақыт кетті!


Бизнес деңгейі адамның деңгейінен асып кетпейді, яғни ойлау дәрежең мен мышленияң қандай, кәсіп те плюс - минус сондай деңгейде болады.

Отбасылы болғанда да солай. Самооценкасы төмен біреу болсаң, сондай қыз н/е жігіт тап болады; расчетливый мақсатпен тұрмыс құрған болсаң да, дәл сондай расчетливый біреуді кездестіресің!

Сенің бұл әлемді көретін призмаң (убежденияларың)
- сенің басыңдағы (ойлайтын, қорқатын, елестететін) мақсатыңа жеткізеді.


18-19 жасқа дейінгі болған тағы бір тупой убежденияммен бөліскім келіп тұр😂

Смазливый (милое или детское лицо) түрі бар қыздарды көргенде, олар қарапайым, мінезі жайлы, ішпейді - шекпейді, адамгершілігі мол адамдар деген убеждение болды😆😂

Бұл қайдан шықты: скорее всего, мультфильм және кинолардан келсе керек, өйткені басты рөлді сомдайтын қыздар сондай болғаны үшін, подсознанияда да осындай образ болды.

Осындай бұрынғы убеждениялармен есіме түссе, бөлісіп отырамын🫡😂


“Себебі адамдар надандықтан күнәға душар болады”

Имам Газали


Надандықтан үлкен күнә жоқ.

(Сәһл Тустари)


Негізі жақсы маман болсаң, жұмыссыз қалмайсың, бірақ белгілі бір себептерге байланысты жұмыс/табысты өз еліңде таба алмай жүрсең, басқа жақтан ізде!

Ауылыңда, қалаңда, еліңде халал жұмыс болмаса, шет елге кет! Бірақ, халал жұмым жоқ деген - өтірік әңгіме.

Жоба да, жұмыс та көп, бірақ сенімді, компетентный адамдарды іздеп жүрген компания басшылары, бизнес иелерін көресің, сондай адам таба алмай жүр.


قُلْ يَٰعِبَادِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ رَبَّكُمْ ۚ لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا۟ فِى هَٰذِهِ ٱلدُّنْيَا حَسَنَةٌ ۗ وَأَرْضُ ٱللَّهِ وَٰسِعَةٌ ۗ إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّٰبِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ

(Уа, Мұхаммед!) Оларға Менің мына сөзімді жеткіз: «Уа, иман келтірген құлдарым! Раббыларыңа қарсы келіп, асылық қылудан һәм Оның қаһарынан сақтаныңдар! Бұл дүниеде Алланың бәрін көріп, бақылап тұратынын терең сезіне отырып, үнемі жақсылық ойлап, игілікті істер істегендердің қарымы тек игілік болмақ! (Бір Аллаға ғана құлшылық етемін дегенге) Алланың жері кең! (Бір Аллаға құлшылық ету жолында) ешқандай қиындыққа мойымай сабырлылық танытқан жігерлі жандарға сый-сияпаттары қисапсыз беріледі», – деп айт.

(«Зүмәр» сүресі 39:10)


30-40 жасқа келіп, отбасы құруға запросы бар, бірақ үйлене алмай/тұрмысқа шыға алмау жүрсе, убеждениясына бір қарасын.

Бостандығымды жоғалтамын, отбасын қамтамасыз етуге ақшам жетпейді, енеммен конфликт болады, ажырасып кетемін, достарымды жоғалтамын деген рисктерді алдын алу мақсатында, отбасы құрғызбайды.


Ал қазіргі убежденияға қатысты анкетада, адамдарда “ақша бітіп қалады” деген қорқыныш өте жиі кездеседі, имандағы проблеманың көрінісі ма деп те ойлаймын. Ризық берушіге 100% кепіл болса, олай қорықпас па еді…


Бір кездері олжа бөлісінде жүз түйені бір ауыз сөзге келмей өзіне бере салған Пайғамбарымыздың жомарттығына қайран қалып, Абу Суфиян:
«Уаллаһи, бұл адамның ертеңгі күні аш қалам-ау деген зәредей қаупі жоқ. Демек соншалықты жомарт, соншалықты мәрт болу үшін артындағы сүйеніші – шексіз байлық иесі бір Жаратушы болуы керек»

- дегені де бар.

Предыстория:
Жаңадан Исламды қабылдаған, бірақ толығымен дінге сіңісе алмаған Абу Суфиянға Хунайн соғысында 100 түйе беріледі, кейін баласы Мұғауияға 100 түйе сұрайды, кіші ұлы Язидке де 100 түйе сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с) әрқайсысына Абу Суфиянның сұрағанын береді. Сол кезде айтылған сөз.


Доллар өскен периодтар:
2014: с 155 тг до 185 тг
2015: с 188 тг до 340 тг
2018: с 340 тг до 380 тг
2020: с 380 тг до 440 тг

2015 жылы курс, почти, х2 скачок болғанда да, ойлағам: “Болды, енді бәрі тоқтайды; ешқандай сауда болмайды; айфондарды да ешкім алмайды! 188 мыңнан болған дүниені, кім 340 мыңға алады?!” - деп те өзіммен өзім қуғам.

Бірақ, өмір вообще тоқтамады, сауда қалай болды, солай жалғасты! Айфон қалай алынып келді, әлі де сол спрос! Хотя мен үшін ақырзаман болған😆


Бір негативті убежденияларыма қатысты құпияммен бөлісейін😁🤡


Мынандай убеждениялар болды:
1. Адамдарда ақша жоқ
2. Услугамды сатсам, (итак ақшасы жоқ) адамдардың ақшасын алаяқтықпен алып жатырған сияқты дискомфорт.

Соответственно, осы 2 нәрсе үшін сату дискомфорт тудыратын, сатпаған адамда ақшамен проблема болады✊🏻😁

Ол убеждения кішкентай кезімде ақша болмай, қиналған шақтардан қалып кеткен сенім, яғни браузер не обновился🥹


Кішкентай кезіңдегі пайда болған убеждение - не обновленный браузердің беті секілді.

Сен кішкентай кезіңде ақша болмағаны, дүкендерде тамақтың болмағаны - қазір не актуальный қорқыныш, яғни толық потенциалға кедергі келтіретін убеждение.


Кез келген адам өте үлкен күнә жасағанда айыптап “мынаны қалай жасауға болады?!” - деп жиіркенішті, тәкаппарлықпен айтпа!

Ақиқатында, бір күнәні жасамай жүрсең, сенің мықтылығыңнан емес, Алланың мейірімі және кеңшілігімен ол күнәдан сақталып жүргеніңнен.

Сен айыптаған адамның басынан өткен дүниелер сенің басыңнан өтсе, сенің солай жасамайтыныңа кім кепіл?!

Бір күнә жасап жатқан адамды көрсең, сол адам үшін дұға ет💔


Ауылдағы адамдар ғайбатты (қаладағылардан қарағанда) өте көп айтатынын байқадым. Апа - жеңгелер, кемпір - шалдар, тіпті, еркектер де…

Ғайбат жасаған адамдарда мына 6 нәрсе жоқ н/е мына нәрселері өте аз:

1. Ақыл
2. Махаббат
3. Ауызбіршілік
4. Мейірім
5. Бауырмашылдық
6. Ождан (ұят)

📚Даналық қазыналарынан


Олай болса, мал-пұлдарың да, бала-шағаларың да сендерді дәргейімізге жақындатпайды. Тек иман келтіріп, (өздеріне һәм өзгелерге пайда келтіретін) игілікті істер істеген жандар ғана (Бізге жақын болады).

(сура «Саба» 34:37)


قُلْ إِنَّ رَبِّى يَبْسُطُ ٱلرِّزْقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقْدِرُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ

(Уа, Мұхаммед! Ондайларға): «Расында, Раббым ризық-несібе дегенді құлдарының арасынан қалағанына үйіп-төгіп береді, ал қалағанына аз әрі өлшеп береді. Алайда адамдардың көбі осынау ақиқатты білмейді», – деп айт.

(сура «Саба» 34:36)


Ибн Касир айтады:
Алла бір пендені жақсы көрмесе де, оған байлық беруі мүмкін; жақсы көрген құлына, керісінше, дүниені бермеуі мүмкін. Дүние - мүлік Алланың махаббатының көрсеткіші емес.


Очень часто «наши» убеждения принадлежат вовсе не нам.

Осыған көзім жетті. Әжесі, әкесі, анасы бір нәрсені “ляпнет”, ал сол убеждения ойыңның түбіне барып орнығады…. және улайды


Адам өзін қарапайыммын деп ойлайтын болса, онда ол нағыз тәкаппарлықтың белгісі.

Өйткені ол ойдың өзі “мен басқадан жоғарымын” дегеннен туындаған ой.

📚 Рамадан аль Бути (Алла рақымына алсын)


Адам үлкен жүк алмағанша, өзінің қара басынан аспайтын проблемаларға байланып, өзінің нәпсісі сүйетін күнәларда батып жүреді

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.