Луқман сүресінің екінші бетін қатты жақсы көремін🤍
Себебі ол жақта "иә Бунәййә" (әй,балақайым) - деп басталып ары қарай баласына уағыз насихат айтатын аяттар бар. Меніңше әрбір ана осы бетті көп оқып не жатқа айтып жүруі керек секілді. Мейлі балалары ол оқылып жатқан беттің мағынасын түсінбесе де. Себебі Құранның мұғжизасы әсте бізден ұзақ емес. Тыңдаған балақайларға нұрмен игі әсер берері сөзсіз ✨
“Жақсы сөз айтсаң ( бисмилля секілді) тіпті жаны жоқ судың өзіне әсер береді. Ал сен осыдан кейін Құран аятының балаға әсерін ойлай бер”
(с) Шейх Әдһам хафизаһулла