Халықаралық əйелдер күніне орай, Сіз үшін Wake Up Kazak атынан, Қазақстан әйелдері құқықтары мен бостандықтарының соңғы жүзжылдық тарихы:
1870-1882 — Түркістан Уәлаятының Газеті: әлеуметтік мәселелерді көтерген алғашқы қазақ тілді бұқаралық баспасөз.
1888-1902 — Дала Уәлаятының Газеті: әйел теңдігі тақырыбын ашық талқыға салған тұңғыш баспа. Айрықша назарға лайық мақалалар — «"Ұмытылмаған" өткендегі және қазіргі қырғыздар. Очерктер» (1892), «Қазіргі қырғыз әйелінің қайғылы жағдайы» (1894).
1903 — Мұхаметжан Сералиннің "Гүлғашима" поэмасы. Бұл шығармада неке қию жүйесі сыналып, жеке бас бостандығы түсінігі жария етіледі. Бас кейіпкер, Гүлғашима, және оның ғашығы Баймағанбет патриархал жүйеге төтеп береді.
1910 — Міржақып Дулатұлының "Бақытсыз Жамал" романы. Қазақ тілінде алғаш жарық көрген роман әйел теңдігі тақырыбына арналған.
1912 — Сұлтанмахмұт Торайғырдың "Неке қияр" поэтикалық помфлеті. Бұл еңбегінде Сұлтанмахмұт жас қыздарды еріксіз кәрі шалдармен некесін қиятын молдаларға, әмеңгерлікке, және қалың малға өз қарсы көзқарасын білдіреді.
1914 — Сұлтанмахмұт Торайғырдың ұранға айналған "Қамар сұлу" шығармасы. Қамар мен Ахметтің бір-біріне деген махаббатына салттардың келтірген кедергісі сын астына алынады.
1911-1915, 1913-1918 — "Айқап" журналы, "Қазақ" газеті. Сол заманғы әйел мұңын әйелден артық ешкімнің айта алмайтыны жұртқа белгілі еді. Дәл осы керектік әйел қаламгерлер тобының тууына бас себеп болды. Әйел баспасөзінің ізашарлары осы екі басылымда ілкі қадамын басты. Ол ізашарлар ішінде: Ғанижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова, Сара Есқызы, Сақыпжамал Тілеубайзықы, Мәриям Сейдалықызы және т.б.
1917 — "Сайлау хұқы" мақаласы ("Қазақ" газеті). Әйелдерге сайлау құқығын беру мәселесі талқыға салынады.
1917 — Ахмет Баржақсиннің "Үш миллон күң" мақаласы. Үзінді: "...6 млн қазақтың, яғни 3 млн әйел болғанда, олардың тірі екені, өлі екені белгісіз. Құр сүлде болып жүрген қарақшы. Еркек әйелді құлдан жаман жұмсайды, жүннен жаман сабайды, малдан жаман сатады".
1920 — Қазақ (Қырғыз) АКСР-і Жұмысшылары Құқықтарының Декларациясы. Алма Оразбаева секілді әйел қайраткерлердің күресі арқасында көп әйел алушылық және әмеңгерлікке тыйым салынады.
1923 — қалың малға тыйым салынады. Тағы да Алма Оразбаеваның үлесі бар.
1925 — "Қызыл киіз үйлер" ұйымдастырылуы. Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Мадина Бегалиева, Сара Есқызы сынды қайраткерлердің ілкі қадамымен Қазақстан әйелдері арасында құқықтық ағартушылық жұмыстарын жүргізді.
1930-1945 — саяси қуғын-сүргін заманында әйелдердің де құқықтары қайта таптала бастайды. Оған дәлелдердің бірі — АЛЖИР азап орталығы. Екінші Дүниежүзілік Соғыста Қызыл Әскер қатарына қосылған қазақстандық әйелдер көп. Олардың ішінде жиі есімі аталытыны — Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова.
1945-1991 — соғыстан кейінгі назар әйел мен еркекті теңестіруден көрі халық санын барынша көбейтуге ауысады. Яғни әйелдерді белгілі бір гендерлік схема аясынан шығармауға күш салынады: оған киноиндустрия, театр, музыка, әдебиет салалары қолданылады. Оның мысалы — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінің өз бастапқы интерпретациясынан айрылуы, әуелі әлеуметтік шерулерге және теңдік сұрағын қозғауға бағытталған күн ендігәрі әйелдердің нәзік, әлсіз, көнгіш, яғни стереотипті феминин кейпін ұлықтап тойланады.
1991 — Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, Кеңес Одағының құлауы. Батыс елдерімен байланыс күшейіп, пікір алмасу қарқындала түседі. Бір жағынан, батыспен пайда болған жаңа байланыс арқасында гендерлік теңдікке жаңа көзқарастың арнасы шықса, басқа жағынан, антиколониал риторикамен бірге әйелдердің адами құқықтарына қауіп төндіретін немесе оларды тікелей таптайын көне дәстүрлер жаңғыра бастайды. Ол салттардың ішінде: алып қашу және қалың мал.
1992-1999 — Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі лауазымын әйел адам алады — Ақмарал Арыстанбекова.
2009 — Қазақстанда гендерлік теңдік жөнінде заң қабылданады.
2014 — Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы боп Гүлшара Әбдіқалықова тағайындалады.