ӘЙЕЛДЕР ОРТАЛЫҒЫ(The Women's Center)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Ta’lim


https://t.me/womencourse
Отбасымен қарым қатынас
Денсаулық
Сұлулық
Бизнес

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


СЕН ЖАУАПТЫСЫҢ 💯❗️

Өз өміріңе. Есіңде сақта!

Сенің проблемаларыңа ешкім кінәлі емес. Басқаларды кінәлау мен айыптаудан бас тарт. Сенің өміріңде болып жатқан дүниелерге тек сен ғана жауаптысың. Неше түрлі себептер және олардың салдары бар. Сенің іс-әрекеттерің мен ойларың - бұл себептер. Ал сенің өміріңде болып жатқан жағдайлар сенің - іс-әрекет, ой және эмоцияларыңның салдары.

Біз үнемі шағымданамыз және өзгелерді жазғырамыз. Бұл әрине ең оңай шаруа. Себебі жауапкершілікті өз мойнымызға алғанша, басқаларға артып қою оңайырақ. Осылай біз өмірдегі түрлі жағдайларды, эмоцияларымыз бен өз өмірімізді басқара алмайтын әлсіз және осал екенімізді көрсетеміз. Өзіміздің энергиямызды оңды-солды шашып, оны тек негативке ғана айырбастаймыз.

Дүкендерде, базарда, автобуста ұрысамыз, үкіметті, ата-анамызды, мемлекетімізді, байларды, өмірді, тағдырды, тіпті гормондарды да кінәлаймыз. Басқаларды көре алмаймыз және тағы да энергиямыздан жұрдай болып, орнын негативке толтырып үйімізге келеміз.

Үйге келіп даладан жиып алған негативпен үйдегі ең жақын адамдарымызбен бөлісеміз. Олар біздің ата-анамыз, бауырларымыз, жолдасымыз бен балаларымыз. Өз-өздерін қорғай білмейтін балапандарымыз бізден бәрін қабылдап алады да, олар өзара сол негативпен бөліседі. Ал біз содан соң балаларымыз бір-бірімен тату емес, қырыла береді, өзара бауырмал емес деп тағы шағым айтып жатамыз. Әуел бастан сол негативті үйге әкелген өзіміз екенін естен шығарамыз.

Сен бұның орнын өз-өзіңе көңіл бөлумен алмастыр. Өзіңнің жеке тұлға екеніңді түсін. Сен өзіңді қолыңа алу арқылы өміріңді өзің қалаған деңгейге дейін өзгерте аласың. Саған ешкім бұл жолда кедергі келтіре алмайды.

Өміріңе маңызды әдеттер енгізіп, ерік күшін көрсетіп, өз-өзіңді бағалауыңды көтеріп, позитивті ойлау, өміріңізді жоспарлаудан бастап барлық энергияң мен күш-жігеріңді өзіңнің дамуыңа және өміріңнің сапасын жақсартуға жұмса.

Жауапкершілікті қолыңа ал! Күшті бол! Өміріңді жақсы жаққа өзгерт.

Сенің қолыңнан келеді!




👄🦻ӨСЕК АЙТУДАН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

👄🦻Адам өсек айту, біреудің сыртынан жаман сөйлеу үлкен күнә екенін біліп тұрса да, мұны еріксіз жасайды.

👄🦻Адам өсек айту, біреуді жамандау үлкен күнә екенін біліп тұрса да, ол әрекетке еріксіз барып қалады. Пенденің әлсіз тұстарының бірі де осы.

📌 Сондықтан осы кемшіліктен арылып, ғайбат айтпау үшін мына әрекеттерді жасаңыз, сонда сіз өзіңізді күнә жасаудан сақтай аласыз:

✔️ Өзгелермен әңгіме барысында араларыңызда жоқ біреуді талқылау басталса, дереу тақырыпты өзге жаққа бұруға тырысыңыз немесе ол жерден тезірек кетуге асығыңыз.
✔️Сізге ұнамайтын бір адам туралы басқаларға шағым жасамаңыз. Ол адам сізге ұнамағаны үшін кінәлі емес.
✔️Бір адам туралы айтқанның өзінде тек жақсы жағын айтыңыз.

📌ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

✔️Сізге біреуді жамандап келетін адам сізді де басқаға жамандап баратынын ұмытпаңыз.
✔️Кей жағдайда біреуге қатты ренжіп, сезімдеріңізді сыртқа шығарғыңыз келеді. Ондай кезде мұң-шеріңізді күнделікке немесе қағазға түсіріңіз.
✔️Біреуді ғайбаттап, өсек айтқан сізді әдемі етпейді. Керісінше, өзгелер сізді сыйлаудан қалады.
✔️Әлеуметтік желілерде де өсек айту күнә.
✔️Сосын, жағдайды сырттан бақылап көріңіз. Сіздің де сыртыңыздан ғайбат сөз ерсе, қандай күйде болар едіңіз?

💢💢💢💢💢💢💢💢💢💢💢


Дүние байлығы деген не?
So‘rovnoma
  •   Бұл адам өмірінде материалдық игіліктері, яғни мал-мүлік, ақша, үй, жер сияқты дүниелік жетістіктер
  •   Ол адамға берілген сынақ, мүмкіндік және аманат болып табылады.
  •   • Дүние байлығы – Алланың берген нығметі.
  •   Барлық жауап дұрыс
157 ta ovoz


Рухани байлықтың артықшылықтары: қайсысы?
So‘rovnoma
  •   • Ішкі тыныштық пен қанағат сезімі:
  •   • Тұрақтылық: Қиыншылықтарға сабырмен қарап, өз-өзін жоғалтпайды.
  •   • Қоғамға пайда: Рухани бай адам айналасына мейірім мен жылулық сыйлайды.
  •   Барлық жауап дұрыс
56 ta ovoz


Рухани байлық деген не?
So‘rovnoma
  •   Бұл адамның ішкі дүние байлығы
  •   Бұл адамның дүние байлығы
  •   Бұл адамның сыртқа байлығы
22 ta ovoz


Бір күнде телефонды қанша сағат қолданасың?
So‘rovnoma
  •   1️⃣
  •   2️⃣
  •   3️⃣
  •   😀
  •   😀 тен көп
31 ta ovoz


Жүрек қаттылығының себептерінің бірі қайсысы?
So‘rovnoma
  •   Көп тамақ жеу
  •   Уақытты бос өткізу
  •   Көп ұйықтау
119 ta ovoz


Сіз күнізді көбіне қандай амалмен өткізесіз?
So‘rovnoma
  •   Білім алумен,кітап оқумен
  •   Сериял кинолар көрумен
  •   Балалар тәрбиесімен
  •   Инста Тик токпен
  •   Өсек аяңмен
  •   Телефонда әңгіме айтумен
  •   Жұмыс жасаумен
  •   Сауда жасаумен
  •   Қыдырулармен
154 ta ovoz


Әйел адам қандай жағдайда шынайы бақытқа қол жеткізе алады?
So‘rovnoma
  •   Күйеуі көңіл бөліп оған гүл ұсынғанда
  •   Аллаһпен қарым қатынасын реттегенде
  •   Күйеуімен шет елдерге бірге қыдырғанда
83 ta ovoz


Есте сақтау қабілетті кайсысы арттырады?
So‘rovnoma
  •   🍯Асел, Құрма, 🥜жаңғақ
  •   🍫 Шоколад, 🥕 сәбіз,🥦 брокколи
  •   🫘 Фасоль,☕️кофе,🥑 авокадо
103 ta ovoz


Есте сақтау қабілетін төмендететін жемістер қайсысы?
So‘rovnoma
  •   🍌 банан , 🍎 алма
  •   🍏 қышқыл алма,🍆 баклажан
  •   🍇жүзім,🍒шие
40 ta ovoz


Талапшыл әйел қандай?

-Қайдасың?
-Қашан келесің?
-Маған неге мән бермейсің?
-Мені неге іздемейсің?
-Маған неге сыйлық жасамайсың?
-Сен мені сүймейсің!

Талапшыл әйелдердің сөздік қоры сұрау, кінәлау, мойнына қиып салу және реніштен тұрады.Қатал ананың, жылауық баланың және қайыршының рөлдерін жақсы сомдайды.

Талапшылдыққа көбіне әйелдің өз отбасында, ата-анасынан алған тәрбиесі себеп болады.Ата-анасының біреуінің талапшыл болуы және олардың балаға артқан шектен тыс жауапкершіліктері мен талаптары.

Мұндай отбасында бала өзіне сенімсіз әрі өте талапшыл боп өседі.Өзіне сенімсіз болғаннан соң ол басқаларға да сенім білдіре алмайды.Жүрегі күмәндар мен қорқынышқа толы болады. Еркек қанша жерден әйелін сүйіп тұрса да, адал болса да, талапшыл әйел өзін махаббатқа лайық деп санамағандықтан, жүрегіндегі "ол мені сүймейді/көзіме шөп салады/тастап кетеді" деген қорқыныштарын сыртқа шығарып, күйеуін өзінен алыстатады.

Әйелі тым талапшыл еркектер де уақыт өте келе өзгереді.Әйелі алма кезек сомдайтын қатал ананың ұрысын үнсіз тыңдап, жылауық баланы алдап, ал қайыршыны бірде аяп, бірде жиіркеніп өмір сүре береді.

Қысқасы
1.Әйелдің талапшылдығының себебі:өзіне сенімсіздігі мен жүрегіндегі қорқыныштары болса;
2.Оның соңы:еркектің сезімінің  сууына, өтірік көп айтуына, немқұрайлылығына және әйелінен жиіркеніп, оған дөрекі қарым-қатынас жасай бастауына әкеп соғады.

Сондықтан еркекті үнемі аңдып, оның құр соңына түскенді қойыңыз.Ол жоқта айналысатын сүйікті іс тауып алған дұрыс.Сол кезде таңнан кешке дейін "қайдасың" деп,  еркектің миын жеп немесе "ол не істеп жатыр екен, маған неге соқпайды" деп соны ғана ойлауды қоясыз.Өз жеке әлеміңіз бен қызығушылықтарыңыз болғанда керісінше "күйеуім тезірек кетсе екен, жұмысында ұзағырақ болса екен және маған қоңырау шала бермесе екен" деп тілейтін боласыз. Сол кезде ғана күйеуіңізге жеке тұлға ретінде қызық әрі қадірлі  бола бастайсыз.

Қатал ана, жылауық бала және қайыршы болғанды қойып, өзін сүйетін, өзін құрметтейтін, өз жеке пікірі бар, мақсаттары мен қызығушылықтары, қабілеттері бар ЖЕКЕ ТҰЛҒА болыңыз!!!




♦ӘЙЕЛДІҢ МЫНА ІСТЕРІ ЕР АДАМҒА ҚОРЛЫҚ ЖАСАУ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ:
- ер адаммен дауласу;
- сөзін бөлу;
- жұмыстан үйге келгенде мұңайып қарсы алу;
- үнемі ақыл айтып, дұрыс өмір сүрудің жолдарын үйрету;
- өз-өзіне қарамай, қалай болса солай күтімсіз жүру;
- оның көзінше дауыс көтеру;
- кекетіп сөйлеу;
- достарын жамандау, достарына, туыстарына құрмет көрсетпеу;
- өзге адамдардың көзінше құрметтемеу;
- күнде мін іздеп, орынсыз ұрыс шығару. ⠀
♦ЕР АДАМНЫҢ МЫНА ІСТЕРІ ӘЙЕЛГЕ ҚОРЛЫҚ ЖАСАУ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ:
- оған дауыс көтеру;
- уақытында көңіл бөлмеу, еркелетпеу;
- оның көзінше басқа біреудің әйелін мақтау;
- комплимент айтпау;
- ылғи кемшіліктерін айтып, бетіне баса беру;
- атын бұрмалап, мазақ ету;
- кекету;
- ауыр заттарды көтеруге көмектеспеу;
- жасаған тамағына үнемі сын айту;
- өзінің асыраушы екенін ұмыту.






Ағылшын тілінде сөйлеуді қалайсыз ба?




*"ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА" АРНАЛҒАН МОТИВАЦИЯЛЫҚ - ДАМУ МАРАФОНЫ* 📢📢📢

МАРАФОН КІМДЕРГЕ АРНАЛАДЫ?

💠 Тұрмысқа шығамын деп жүрген болсаңыз

💠 Жаңадан тұрмыс құрған болсаңыз

💠 Отбасыңызда өз орныңызды таба алмай жүрген болсаңыз

💠 Жұбайыңызды қабылдай алмай жүрген болсаңыз

💠 Жұбайыңызды жақыннан танығыңыз келсе

💠 Өз әйел нәзіктігіңізді арттырғыңыз келсе

💠 Әйелдік энергетикаңызды арттырып, жан жақты жетілген, жігітіңіздің #қылықты, сұлу ханшайымы болғыңыз келсе біздің #Марафон сізге арналады🌹

МАРАФОН СІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?

📲 Онлайн сабақтар

Күнделікті практикалық тапсырмалар

Пайдалы жаттығулар

Мотивациялық жаттығулар


Басталуы: 25 ақпан

Қатысу құны: айына 7500 тг

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.