Postlar filtri


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Талай заманнан келе жатқан өкпе-реніштерден, өткенге құр мақтанудан және бәрін орынсыз сынап-мінеуден арылу қажет. Әлеуметтік масылдық пен саяси таяздыққа мейлінше жол бермеуге тиіспіз. Шектен шығып, тым асыра сілтейтін көзқарастарға барынша тосқауыл қойған жөн. Өйткені бұл дүние ақ пен қарадан ғана тұрмайды.

Кез келген мәселеде өзгелерді айыптап, қара бұлтты төндіре беруге болмайды. Қоғам санасындағы осындай құбылыстар ұлтымызды идеологиялық және мәдени тұрғыдан әлсіретеді. Тіпті, еліміз қазіргі қатігез әлемде өзгелерге жем болуы мүмкін. Бір сөзбен айтсақ, біздің ұлттық ой-санамыз мықты болуы керек. Жаһанды белгісіздік жайлаған бұлыңғыр заманда бәсекеге барынша қабілетті болу үшін барлық жағынан кемел ұлт болуымыз қажет. Бұл – өркениетті, икемді, мақсатшыл жұрт болу деген сөз.»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Президент:

«Біз тарих, дәстүр және қазіргі заман құндылықтарын әрдайым бірдей ұстанып келеміз. Жұртты саяси прагматизмге шақырып, қоғамда заң мен тәртіпті орнықтыру маңызды екенін бұрыннан айтып жүрміз.

Қазір әлемде болып жатқан оқиғалар біздің бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетті. Әрине, шетелдегі жағдайды үнемі ескеріп отыру маңызды. Бірақ біз алдымен өз еліміздің ішкі мәселелеріне ден қоюымыз керек. Біз ұлттық мүддемізді қорғау үшін алдағы уақытта да ұтымды әрі байыпты әрекет етуіміз керек»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Мемлекет басшысы:

«Жаһандану үдерісінің мән-маңызы жоғалып барады. Мемлекеттік ұлтшылдық, ықпал жүргізетін аумақтарды бөліске салу, әлемдік саясатта аймақтарға бөліну үрдісі алдыңғы қатарға шықты.

Демократиялық моральдық делініп жүрген құндылықтар, оның ішінде ЛГБТ көптеген елге ондаған жыл бойы күшпен таңылып, соның желеуімен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар арқылы мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласу белең алды. Оның түпкі мақсаты бар болғаны ұрлық, яғни сан миллиардтық бюджетті қалтаға басу екен.

«Даму мен демократия», «адам құқықтары», «баспасөз бостандығы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» деп ұрандатып жүргендердің бәрінің дерлік жеке байлығы жалақысының мөлшеріне еш сай келмейді. Сондықтан Президент Трамп бастаған Америка әкімшілігінің жаппай қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты оқиғаларды анықтауға және «тұңғиық мемлекет» ұғымына тән саяси екіжүзділікті әшкерелеуге, дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстары қолдауға лайық.

АҚШ-та жасалып жатқан шаруаның бәрі бүкіл әлемге тікелей әсер ететіні баршаға мәлім»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Мемлекет басшысы:

«Ғалымдардың пікірінше, тиісті дәстүрі мен тәжірибесі бар Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады. Бірақ мынаны ескерткім келеді: осы жоспардың бәрі шынайы есеп-қисапқа және табанды жұмысқа негізделуге тиіс. Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық. Сұрауы қатты болады»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр. Дегенмен Қазақстанда әлі күнге дейін бірде бір ғылым қалашығы жоқ.

Алматы іргесіндегі «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің аумағында ғылым қалашығын құру туралы идея бар екенін білемін. Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Amanat партиясы шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылдауды ұсынып отыр. Үкіметке депутаттармен бірге бұл ұсынысты мұқият қарастыруды тапсырамын.

Әдетте шекара маңындағы аудандар арқылы маңызды көлік-логистика дәліздері өтеді. Биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекетін жаңғырту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде, мұндай бекеттердің өткізу мүмкіндігі 6 есе артады. Бұл жоба еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға едәуір үлес қосады»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Президент:

«Көне заманнан келе жатқан көшпенділер дәстүрі елді артқа тартатын емес, болашаққа бастайтын мықты қуат көзі болуға тиіс. Дей тұрғанмен, тарихты аңызға айналдырып, ескі заманның шырмауында қалып қоюға да болмайды. Тарихи-мәдени мұрамызды ХХІ ғасырға сай жаңғыртып, жүйелі түрде дәріптеуіміз қажет.

Ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазба жұмыстарын жандандыру, музей ісін дамыту, шетел мұрағаттарын зерделеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту – осы жұмыстың бәрін жүйелеу керек»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Мемлекет басшысы:

«Халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы да бір ғасыр бұрын қайтарылды. Біздің мемлекеттігіміз мыңжылдықтардан бастау алады, оның тамыры тым тереңде жатқаны даусыз.

Бірақ осыдан бір ғасыр бұрын ұлтымыздың өз атауының оралуы тарихи әділдік орнату жолындағы маңызды қадам болғанын ашық айтуымыз керек. Бұл істе сол кездегі Үкімет басшысы Сәкен Сейфуллин айрықша рөл атқарды. Ол «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген мақала жазып, арнайы идеологиялық науқанды бастап берді. Мұндай маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.

Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр.

Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Мен осыдан бес жыл бұрын ұлы ойшылдың туғанына 175 жыл толуына орай Семейде абайтанушы ғалымдармен кездестім, сол кезде Абай институтын құру туралы ұсыныс айттым. Бүгінде бұл бастама цифрлық платформа форматында іске асырылды, яғни біздің диаспоралар мен басқа да шетелдіктерге қазақ тілін үйрету құралы ретінде жұмыс істеп тұр. Енді осы жобаны толыққанды мәдени-ағарту мекемелеріне айналдыру қажет. Бұл құрылым Конфуций, Гете, Сервантес институттары сияқты жұмыс істеуі керек.

Абай институты негізгі серіктес елдердің бәрінде төл мәдениетімізді насихаттайтын орталық болуға тиіс. Бірқатар елде, мысалы, Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерде осындай орталықтар ашылатын болды. Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорына Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, шетелде осындай орталықтар ашу мәселесі бойынша тиісті жұмысты жалғастыруды тапсырамын.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы белсене айналысуда. Бұл ұйымның бастамаларын біз тұтас қоғам болып әрі қарай қолдауымыз керек.

Мәдениет дегеніміз – жай ғана ғимараттар мен мекемелер емес. Бұл – ұлттық сана-сезімді жаһандық ауқымда нығайта түсетін мықты тұғыр»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Мемлекет басшысы:

«Келесі мәселе. Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқарады. Әсіресе, төл мәдениетіміздегі Әз-Наурыз мейрамының орны бөлек.

Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс.

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек»

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ұлттық құрылтай мүшелері – Еділ Жаңбыршин, Айдос Сарым, Никита Шаталов, Гүлмира Илеуова, Андрей Чеботарев, Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов және басқа да азаматтар осындай ұсыныс айтты. Олар өз бастамасын іске асырып, ішкі саясат тұжырымдамасының жобасын да әзірледі. Мемлекеттік органдар бұл жобаны жан-жақты зерделеп, барлық мәселені пысықтауы қажет. Құжатта құзырлы органдар мен мүдделі тараптардың қызметі бір арнаға тоғысуы керек. Онда мемлекеттік идеология жұмысының мақсат-міндеттері мен басымдықтары нақты белгіленуге тиіс.

Тұжырымдамада халқымыздың бірегей болмысын, өмір салтын сипаттайтын жалпыұлттық құндылықтар мен негізгі нышандар айқын көрсетілуі керек. Бұл, ең алдымен, осы құндылықтар мен нышандарды қоғамда орнықтыру, оларды кеңінен дәріптеу және қорғау үшін қажет»

t.me/aqorda_resmi


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


🇰🇿 ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ БУРАБАЙДА.

Бүгін Ұлттық құрылтайдың бірінші күні "Руханият. Өнер. Мәдениет" секциясының отырысы өтті. Осы отырыста 21 құрылтай мүшесі өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мен де өз кезегімде бірнеше ұсыныс айттым.

🇰🇿1. Мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру бойынша:
- мемлекеттік қызметке қабылданушыларға қатысты тестте қазақ тілінің нәтижесі бірінші кезекте ескерілуі қажет. Қазіргі жағдайда тест тапсырушы тұлға қазақ тілінен нөл нәтиже алса да мемлекеттік қызметке қабылдана береді.
- тұрғындарының 90% астамы қазақ ұлтынан тұратын өңірлерден бастап, мемлекеттік органдарда ісқағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізу процесін бастау.
- басқа өңірлердің мемлекеттік органдарында ісқағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізуді, қазақ ұлтының үлесін ескере отырып, кезең-кезеңмен жоспарлы түрде өткізу.
Қазақ тілі - еліміздегі ұлттарды ұйыстыратын бірден бір мемлекеттік құндылығымыз

🎵📒📀2. Мұрын жырау Сеңірбекұлының мұрасын, яғни "Қырымның қырық батыры" жырларын зерттеу, зерделеу және насихаттау. Ол үшін:
- Мұрын жырау мұрасын ЮНЕСКО-ның бейматериалдық құндылықтар тізіміне енгізу;
- "Қырымның қырық батырын" білім ордаларының (мектеп, колледж, ЖОО) оқу бағдарламаларына енгізу;
- республикалық деңгейде арнайы аталып өтетін тұлғалардың тізіміне Мұрын жырау Сеңгірбекұлын енгізу.

🆘⛔️️3. ЛГБТ насихатына толық тиым салатын заң нормасын енгізудің уақыты келді. Тиісті мемлекеттік органдар бұл мәселеде Парламент депутаттарын толық қолдаулары қажет!

🎙🎼4. Мәдени-көпшілік шараларда фонограммамен ән айтуға тиым салу. Министр Аида Балаева таланттарды шығаруда бұл мәселені қолдайтынын, барлық тараптармен бұл мәселені жан-жақты талқылап, шешім қабылдау керектігін айтты.

📽🎞5. Қазақстанға шет елден келетін көркем фильмді дубляж жасауды бір компания алып алған, яғни монополист. Ол компания дубляжды тек басқа тілде аударып отыр, фильмдерді мемлекеттік тілге аудару жоқтың қасы. Енді осы компанияға фильмдерді мемлекеттік тілге аударуға талап қою немесе лицензия талаптарын қайта қарап, бәсекелестік жағдай жасап, басқа да дубляж жасайтын компанияларға жол ашу.

🌐💳💰6. Интернет алаяқтардан азаматтарымызды мемлекет тарапынан киберқорғау шаралары әлі де әлсіз болып отыр. Банктер тарапынан да азаматтардың активтері мен жеке мәліметтерін қорғау өз деңгейінде емес. Көптеген азаматтар солардың қитұрқы әдіс-тәсілдерінен қаржыларынан айырылып қалып жатыр, мемлекет сыртына миллиардтаған қаржы кетіп қалуда.
Осыған орай құқық қорғау органдарын киберқорғаныспен айналысатын мықты кадрлармен, заманауи жабдықтармен және технологиялармен қамтамасыз ету қажет.

🏛💵Банктердің ішкі бақылау қызметтерінің жұмыстарын қайта қарап, олардың құқық қорғау органдарымен жұмыстарын үйлестіруді жетілдіру қажет.
Алаяқтарға қарсы күреске бағытталған арнайы қазақстандық IT бағдарламаларды кеңінен қолдану қажет. Әлемдік деңгейдегі ондай бағдарламалар бізде бар.

❗️Ертең Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың басты отырысы өтеді!




Ruslan Zheldibay dan repost
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

🔵2022 жылы – Ұлытауда;
🔵2023 жылы – Түркістанда;
🔵2024 жылы – Атырауда өтті.


NEV news dan repost
В январе электромобили заняли 15% европейского авторынка (10,9% в январе 2024 года).

Гибридные электромобили вырвались вперед, заняв почти 34,9% рынка, снова став первым наиболее предпочтительным выбором среди покупателей автомобилей в ЕС.

Между тем, совокупная рыночная доля бензиновых и дизельных автомобилей упала до 39,4% в январе 2025 года по сравнению с 48,7% годом ранее.


Нефть и Капитал I Новости Нефтегазовой отрасли dan repost
МЭА «переобулось»: теперь агентство заявляет о необходимости инвестиции в нефтегаз

Глава МЭА Фатих Бироль вдруг воспылал страстью к мировому нефтегазу. В частности, он заявил на CERAWeek в Хьюстоне о необходимости вложения средств в разработку нефтяных и газовых месторождений для поддержания глобальной энергетической безопасности.

«Я хочу дать понять, что инвестиции необходимы, особенно при сокращении запасов действующих месторождений. Инвестиции в добычу нефти и газа необходимы, и точка», — объявил Бироль на конференции.

«НиК»: Бироля можно понять, МЭА так «заигралось» в энергопереход, возобновляемую энергетику и предсказания пиков потребления углеводородов, что забыло про интересы американского нефтегаза. В результате администрация Трампа заявила, что будет разбираться, на каком основании происходит финансирование МЭА в США. Теперь МЭА срочно меняет свои взгляды на будущее мировой отрасли производства углеводородов.

А ведь именно МЭА еще до пандемии своими прогнозами о скором наступлении пика потребления нефти (в 2030-м, за которым логично последует спад) обеспечило нефтегазовой отрасли хронический дефицит вложений: кто захочет участвовать в «длинных» инвестициях в сфере, где скоро начнется падение?

Прогнозы МЭА в итоге привели к мировому энергокризису после выхода планеты из пандемийных ограничений, а обострившийся конфликт РФ и Запада из-за ситуации в Украине только усугубил положение вещей.


ZTB NEWS - Новости Казахстана dan repost
США закрывают 83% программ USAID: решение на миллиарды долларов

Государственный секретарь США Марко Рубио объявил о масштабном сокращении программ Агентства по международному развитию (USAID). После 6 недель аудита, проведенного департаментом DOGE, власти США решили сохранить финансирование около 1000 программ USAID, что составляет 17 процентов от их общего числа. Ими будет управлять Госдепартамент напрямую.

«Эти проекты обошлись американским налогоплательщикам в десятки миллиардов долларов, однако их эффективность остается под большим вопросом», — заявил он.


Тем не менее около тысячи программ USAID продолжат работу, но уже под более жестким контролем Госдепа.

USAID долгие годы занимался гуманитарной помощью и финансировал развитие стран по всему миру. Среди крупнейших получателей американских средств были Украина, Иордания, Эфиопия и Афганистан. Однако в последние годы агентство подвергалось критике, в том числе со стороны Илона Маска, который называл его «преступной организацией» и призывал к полной ликвидации.

На «борьбу с дезинформацией» в Казахстане Соединенные Штаты Америки в период президентства Джо Байдена потратили 4,5 млн долларов.

❗️Дорогие читатели, если вы стали свидетелями каких-то событий, либо вам нужна информационная помощь, то можете отправить информацию, видео и фото сюда 👇

@infoztb или https://wa.me/77779419900

@ztb_qaz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.