ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ АГЕНТТЕР ОТЫРАТЫНЫ РАС ПА?
Бірде, «досым» деп айтуға бірге жасаған бір-екі ұрлық жетпей тұрған жақсы танысыма соға кетейін дедім. Қызметте көтеріліпті дегесін, «кеңесшінің кеңесшісі» деген сияқты жылы-жұмсақ бірдеңе ұсынып қалар деген дәме де болды-ау сол. Әйтпесе «көмекшім боласың» десе де қашайын деп тұрғаным жоқ сонда. Ұсынатынына сенімді болғаным соншалық, қалай өтірік бас тартып, жәдігөйленетініме дейін елестетіп бардым. Ал кездесуіміз ең болмаса бір-екі жұтым коньякпен аяқталса, тәулікті тамаша өткіздім дей берсем болады деп келемін өзімше.
Құшақ жая қарсы алды. Саясатты сапырдық. Біреулерді «ұйымдастырып», «біреулерді таратып», қарық болдық енді. Сосын енді, әлеуметтік желіні бір шолып шықпақ болдық.
- Мына дауылбайды қарашы, - деді ол, осы фейсбуктегі біреудің жазбасын көрсетіп, - басында фактімен тиісетін еді, қазір публикаға ойнап кетті. Ох... Ох... Ох шешшеңң! Ох шешшеңң!
Шошып кеттім.
- Не болды?
- Лайк! Лайк басылып кетті! Қайтпай жатыр!
- Не қайтпай жатыр???
- Ана сұмырайға лайк басылып кетті, қайтпай қалды лайк! Қуып кетті смартфон!
Шынымен, смартфоны міз бақпастан тұрып алды. Дереу компьютеріне жүгіріп барып, басқан лайкын қайтарып алды да, орындыққа сұлқ етті. «Біздікілерді білесің ғой, түсінбей қалады ертең...» деді сосын маған.
Мынауы бір жүйке жұқартатын жұмыс екен деп зыттым сонда.
Ал сіздер осындай көрініске куә болған жоқсыздар ма?