#ЖЕПСІҢДЕР
- Сіз бір кездері қып-қызыл патриот болған жоқсыз ба? Тіпті патриоттардың ең атақтысы, бірегейі болдыңыз ғой! Енді бүгіндері отаншылдар мен ұлттық руханиятты күйттегендерді сізден жек көретін адам жоқ. Неге?
А. Невзоров:
- Рас. Менен асқан патриот болған жоқ. Сол кездегі отаным - Советтер Одағы үшін жан беруге бар болдым. Сондықтан да, репортаждарымды көрген болсаңыз, мен бармаған жанжал жоқ: Балтық елдері, Гүржістан, Карабах, Приднестровье, Чешенстан, тіпті Югославия, тағысы тағылар. Өзім сияқты отансүйгіштердің ақтарылған ішек-қарындарын кешіп жүріп репортаж жасадым. Бос тұрған БТР-ге түсе қалсаң, жоқтаусыз кеткен екі жауынгердің шіріген мүрдесіне топ ету түк емес еді. Ал жұлынған қол-аяқ, домалаған бастар үйреншікті фон болатын.
Сосын Ақ Үйді [Ресей] қорғауға қатысқан кезде қамауға алындым емес пе. Неғып атып тастамағанын білмедім. Әйтеуір үш күннен соң машинамен Мәскеудің шетіне апарып, жіберіп қоя берді.
Сонда мен не көрдім дейсіз ғой? Жайбарақат жүрген адамдарды. Баласын арбамен қыдыртып жүрген жас аналарды. Дүкенге бара жатқандарды. Дүкеннен келе жатқандарды. Сыралатып, қауқылдасып отырған жігіттерді. Ана жер, мына жерден шыққан көңілді музыканы.
Сонда барып, әлгі, сіздің отан деп отырғаныңызға - билікке кім келіп-кеткені, мемлекеттік мүддесі, жері мен суы бәрібір екенін ұқтым. Сонда барып, әлгі, сіздің отан деп отырғаныңыздың беті бүлк етпей - қол-аяғынан айырылған жауынгерді қолына сөлкебай беріп, қайыршылықпен бетпе-бет тастай салатынын түсіндім.
Қазір ондай ақымақтар жоқ. Мүмкін, сіздер әлі де - өзі ішіп-жемесе де, отаны үшін мүшесінен айырылып, сосын метро өткелінде қайыршылықпен күнелтетін патриоттарды «туады әлі!» деп жүрген шығарсыздар?
Жепсіңдер.
Мені сүй деп алып, өзі ешкімді сүймейтін отанға риясыз қызмет қылатын ақымақ енді тумайды. Жастар ақылды. Мен соған қуанамын. Бұл отан деген тек ішіп-жеу үшін ғана жаралған және жалғыз мораль тек осы болуы керек.