ЫРЫМШЫЛ КӨРШІМЕ
Ырым жақсы іс қой. Қырын кетсін-кетпесін, әйтеуір адамның бойында ізгілікке сенім барын білдіреді, көрсетеді.
Алайда қымбатты көршім, сағат кешкі жетіде үйіңнен бастап, аулаңа дейін адыраспанмен аластау әдісіңізге түзетулер мен толықтырулар енгізсек.
Сіздің ырыммен алғаш танысуымның өзінде мән болды-ау сол. Сол кеште радио - анау көңілді тоқсаныншыларда Токио метросына улы газ жіберген Секо Асахараның дарға тартылғаны жөнінде сампылдап жатқан. «Жаза қатал, бірақ Секемдікі де дұрыс болмады енді» деп, өзімше жапон Фемидасына болысып жатқам. Сол кезде сенесіз бе, желдеткіштен сіздің адыраспанның қою қара түтіні будақтап кіріп келгені! Адам әбден қураған адыраспан жағушы еді, сіз күнде алас жасайтын болғасын адыраспаныңыз кеуіп те үлгермейтін сияқты ғой, ащы да қою түтінге қарағанда.
Сосын лаулаған тегершікпен менің тереземнің алдынан өтуді неғып міндет қылып алғаныңызды тағы түсінбеймін.
Жақсы, аулаңыз жеке ғой. Терезе менікі болғанмен, жер сенікі. Бұл қазақ дыбыс пен иіске байланысты заң шығара алмай-ақ қойды. Ертең бір «болашақер» келеді, дыбыстың шекті децибелі туралы заң қабылдау керек деп. Ойбай, неткен оқымысты еді деп шығады жұрт оны сосын. Әлемде әлімсақтан бар заң болса да.
Заң тұрғысынан тиісетін тесік таппадым тоқетері. Сондықтан қисынмен жалбарынып көрейін өзіңізге.
Құдайы ғана менің көршім, түтініңіз неге соншама қою? «Неғұрлым қою болса, жын-перілерге соғұрлым жайсыз» деген эмпирикалық заң жасап алғансыз ба өзіңізге? Солай болса, қателесесіз, бұл - «бір кесе судан шөлім қанады, ендеше бір бөшке ішіп алсам ақиретке дейін шөлдемеймін» деп ойлау сияқты әбестік қой.
Сіздің түтіннен жын-перілер үйіңіз бен аулаңыздан аласталмақ түгілі, мемлекеттен, әйтпесе құрлықтан безіп кетті деп ойлаймын. Гаитидегі зомби ағайындарымен көрісіп жылап, саяси босқын мәртебесін сұрап жатқан шығар. Сіздің үйдегі жындар түгілі, осы күні біздің үйдегі жігіттердің жындары қағылған сияқты. «Бұрқылдап сөйлер ме екенбіз!» дейтін ақырған азаматтар қазірде қызмінезденіп, биязы болып барады. «Зарядкаңызды алсам бола ма?» деп рұқсат сұрайтын болған ба құрмағырлар, біртүрлі енді.
Алтын көршім менің. Аптасына бір-ақ рет жақсаң болмай ма, қарастырып көрші бір мүмкіндік!