TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

11 Aug 2018, 04:20

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

#adebietorg

БОҚТАНЫП-ҚАРҒАНЫП СӨЙЛЕЙТІН ДОСЫМ С.-ның НАЗЫ - СІЗДЕР ТҮСІНЕТІН ТІЛДЕ

Балетті түсінбеймін. Түсінемін, «анау өлмелі аққуды сомдағаны шығар», «мынау қызғаншақ күйеудің кейпінде ме, қалай?» деген сияқты, түйсік деңгейінде. Ал , үш айналды ма, алты айналды ма, шпагатқа шімірікпестен отыра қалды ма - одан не ләззат екенін әлі түсінбеймін.

Тағы түсінбейтінім - операда қара сөзді ән қылып айтқанды, мұны тіпті мазақ деп ойлаймын. Мысалы:

- Оооооо, Қооооод ааааар!

- Аааааау, Қо, Қо, Қо-зыыыыы?

- Ооооңбаааа-ғааааан ааа-дааам екен-сііің!

- Бі, бііі, бііі-леееееем, эххехехехееее!

Әнді сол - өлең айтып сала бергендері дұрыс маған. Ауызекі сөзді бақырып-шыңғырып айтудың эстетикалық құнын түсінбестен өмірден өтетінімді әлдеқашан түсіндім. Айтпақшы, бірде талапкер тенорға айтқам, операға арқау болған шығарманы оқымағанда, анау гүжілдеріңнен сөзі де түсінкісіз ғой деп.

- Ал бізге ол міндет емес, приоритет дауыста - деді ол.

«И-қойш» дегенмін сонда.

Классикалық музыкадан Брамс деген сияқты секек-секек секектеген көңілді музыка болмаса, дирижер мыңыншы бетін аударып жіберіп, шарасыз мүсәпірдің кейпімен кезекті тұңғиыққа кететін ұзыннан-шұбақ музыканы түсінсем де тыңдай алмаймын. Кино жоқ замандарда тыңдармандар ақиреттік оқиғаларды музыканың демеуімен елестетіп ләззат алған шығар, жақсы. Бірақ визуализация заманында, көзбен көруге болатын нәрсені елестетіп қор болып қайтем? Ал, «Рэмбо» мен «Терминаторды» музыкамен алмастырып бере қойшы кәне? Бұрын елестетуге мәжбүр болған нәрсесін көзбен көруге жеткен замандастарды «классиканы түсінбейсіңдер!» деп кемсітудің керегі не? Өздерінше болуын!

Балет кетті, опера кетті, классикалық музыка кетті, не бар тағы?

Иә, рэпті де түсінбеймін! Соңғы есімде қалғаны - Эминем, онда да сөздері мен экспрессиясы, кескіні мен екпіні сағаттың қырықаяқтарындай тісі тіске үйлескесін. Бақытсыз балалық, түрме, наша, сәтсіз секс - порциялап болады, бірақ бірыңғай тыңдай беру жүректі айнытады. Рэп шансон болып кетті. Кеше бір мақала оқыдым. Қазіргі Еуропа таусылмайтын бір - жөйіттер мен қоныслагерьлер, босқындар мен адам құқығы деген хикаяттардан жеріп бітті дейді. Жерігені соншалық, неофашизм белең алып жатыр дейді. Қазіргі еуропалықтың адамнан гөрі мысыққа жүрегі шым ете қалады екен де. Рэп те маған сондай: әуелде аядым, қазір сорлылық баяндардан зәрем ұшады.

Гогты түсінем. Әнебір «Күнбағыс» кенебін жан-тәніммен түсінемін, солай сурет салмағасын бәрі бекер деймін. Сонымен болды. Кубизмге қаным қас. Пикассоның кез келген шығармасын табаның астына қойып, шімірікпестен картоп жер едім, және жаным ашымас та еді.

«Ауылдан кетіп, қалаға жетпеген», руханият барзағында қалып қойған жарымжан да болармын мүмкін. Талғамға таласқаны несі, бұлардың барлығын түсінетін адамдар барын білемін. Бірақ... оларды да түсінбеймін...

Тыбаямайт-нақу тілінен тәржімалаған: Ерлан.

Тәржімашыдан: С. бауырым балетке алдыңғы қатардан VIP-орын алатын әкімдерді балетке келеді әрі оны түсінеді деп ойлап жүр екен. Көңілі аппақ байғұстың, кіршіксіз.

158 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot