TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

10 Sep 2017, 20:23

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

СЕКТАНЫҢ ШАРТЫ ДҰРЫС. СЕН АҚЫМАҚСЫҢ.

Қай коучер, тьютор мен тақсыр, жамағатбасы мен жасырын орденге жолап кетсең, олар соқыр сенім сұрайды.

- Мен сіздің әдісіңізбен емделгім келеді. Ресми медицина өзін сарқып бітті.

- Әлбетте, балам ("қызым" деген жағдайда дауысынан әкелік мейірім емес, көбіне тағат таппай тұрған қатынқұмардың табы сезіледі дейді баратындар)! Дұрыс! Мен бәленше-түгенше, ахалай-махалай ("Марсқа баруға лайықты бес-ақ адам бар екен жер бетінде, соның бірі - мен екем, міне NASA-ның хаты" дейтіндері де бар). Тек балам, бір ғана шартым бар. Сенім керек. Сен маған қатты, біржола, беталды сенуің керек. Кішкене күдіктеніп қалады екенсің - бәрі де бітеді (айталық, әрең деп баптаған космостық энергия ағынының құбыры жарылып, құримыз)...

Бизнес-тренерлер мен жебеуші періштелер өз алдына. Мен алпыс рет қатысқам тендерге дейді, алпысында да ұтылып қалдым. Алпыс біріншісінде - ұттым! Ненің арқасы? Себебі - өз ісіме қатты сендім! Алпыс тендерде ұтылған адамның өзіне қол жұмсамай, осылай - бізді алдап-сулап болса да нанын жеп жүргеніне шүкіршілік етесің. Басы артық өлім кімге керек бұл күні...

Кешелі бері жүзтаныс бір бала күніне он мың теңгелік(!) тренингтерге барып жүр. Сенесіз бе, кепілдік - 100%! Жалпы, он бес күнге дейін созылады. Кез келген мезетінде үзіп кете беруіңе болады (өзінің бостандығын өзіне сыйлағанға осылай мәз болатындар бар). Әрине, курстарды толық аяқтап шыққан жақсы. Дәмдісі соңында дейтін көрінеді. Жағдайың болмаса, шамамен жетінші сеанстан кете беруіңе болады, табысқа 100 пайыз кепілдікпен қоса. Тіпті, тез арада байып кететініңе күмән келтірмей, ақшаға қарық болған кезде мені еске алғайсың деп, қимастық танытатын көрінеді. Бірақ. Әгәрәки осы тренингтерге бір жүз елу мыңды сарп еткізгеннен кейін дөнер дүңгіршегін ашып, банкрот болсаң, кінә өзіңнен. Себебі... Білесің бе, сен табысқа сенген жоқсың...

Жұрт алаяқ-шарлатан дейтіндер негізі ондай емес. Дұрыс қой, сенім болмағасын ісің қайдан оңады. Сенім деген - "ал міне, сене қалдым!" деген декаларция жасап қолға түсіретін бұйым емес. Сенім деген болмысты өзгерту. Ал болмысың керек жағына өзгерсе - табыс қайда қашар дейсің. Сіздер алаяқ-шарлатан дейтіндер бар болғаны мүмкін емес нәрсені - сенуді сұрайды. Шынымен сене алмасаң, обалың өзіңе.

Бір сектант ағамыз бар. Үйінде қатқан нан да жоқ. Мүсәпірің мүсіркеушілердің арқасында жан сақтап жүр. Жан сақтап жүр дегенде, жарық дүниеге жабысып, тырмысып алғаны шамалы. Осы тұрғанда төбесінен жай түссе де мейлің. Бірақ сенім деген - тастай. Сондықтан бақытты. Оның көздеріндей жанарлар сәбиде де болмайды. Тұнық, тымық, үрей деген атымен жоқ. Сәл күлімсіреп тұратын кейпі және бар. Ол ұстазының ең қиын шартын орындай алған адам. Талап етілгендей, алды-артына, оң-солына қарамай көзсіз беріліп, сенді. Нәтижесінде - бақытты. Супер, жоқ - гипербақытты.

Сондықтан да сенім талап ететіндер алаяқ емес, жай, сенбесең түк бере алмайды. Әңгіме мен өнер - сенбей-ақ, тек қисын мен қисынды машықтардың көмегімен табысқа жетуде болып тұр ғой. Әне, сондай курстар тапшы. Сенгім келмейді, бірақ бақытты болу мүмкіндігінен қашпаймын. Сенетін заттарыма әлдеқашан сеніп қойғам. Ал, маған үйрете қойыңдаршы, бақыттың соқпағына түсуді?

206 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot