TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

11 Sep 2017, 17:52

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

СӨЗ САРАСЫ

Айтқанына халық құдайдай сенген соңғы тұлға меніңше - Наполеон. Бәлкім, Ататүрікті қосуға болады ("Сендерге шыдай тұрыңдар деп жатқан жоқпын, сендерге осы жерде өліңдер деп жатырмын!").
Наполеонның жалынды сөздеріне еріп, француз әскері аязда да қатты, адамның етін де жеді. Соңғы әскери науқанда ойсырай жеңіліп, елге - жолай кісі еті мен мүкті азық қылып, арып-ашып жеткен әскерлердің бірінші сұрағы:
- Менің Императорым қайда? - болды.

Запыранын төгіп, өкпе айту үшін іздеген жоқ. Тағы да бір ұлы іс бастаса, шамам келгенше қостағым келеді деп іздеді. Асығы алшысынынан болған кезде бірге болды; енді бір кездегі алтын сақа бүгінен тымпиып жатқанда да өзгермеді жауынгерлер. Бұл галлдардың ежелгі жауларын шошытты. Қарулануды шектеу туралы заңның дәмін алғаш татқан тап осы - Франция.

Наполеон қолшоқпар мен жаршыдан кенде болған жоқ. Бірақ Коленкур мен Мұратты тек іс жүргізуге пайдаланды. Сірә, "біреудің сөзін біреу қалай айтады?" деп ойласа керек. Жүректен шыққан сөздері аппарат сүзгісінен өтіп, қытымыр схемаға айналмады. Халықпен, жауынгермен тікелей қатынасуы ең алдымен оның адалдығын дәлелдеді. Елге керегі де сол. Жүз жерден әртіс бол, бұл халық өз сөзіне өзі сенбейтін адамның дауысын сүзуге туабітті қабілетті.

Сөзге энергетикалық қасиет беретін - сенім. Сөздің мазмұнына емес, ар жағындағы ит білген бір сарынынан ниетіңді сезіп қояды тыңдаушы. Сондықтан да арулар нақсүйері "келемін!" деп айтса да жылап қалып жатады. Түкпірдегі бір дірілді әлде сол дірілді зорлықпен басқанды сезіп қояды. Ондайда жұбату да ақымақтық. Әбу Һүрейра туралы әйгілі әфсана да сөздің салмағы туралы ойлантады. Естеріңізде болса, хазіретіге балды өлгенше жеп, ақыры тілі улып кеткен баланы әкеледі. Сонда Әбу Һүрейра бұл баланы маған қырық күннен кейін әкеліңдер дейді. Келісілен уақыттан кейін келген балаға жай ғана:
- Балам, бал жеуді қой - дейді. Бала содан сап тиылыпты. Ұрып та, ұрысып та қойдыра алмаған әке-шешесі хазіретіден құпиясын сұрағанда:
- Мен өзім де бал жеуші едім. Сөзімді дарыту үшін бал жеуді қырық күн бойы әуелі өзім қойдым - деген екен.

Әлқисса, дүниеде осындай мысалдар болып тұрып, сосын өзімізді "сөзден қағынған халық" дей тұра - соңғы онжылдықтарда сөздің қадірін қашырғанымыз қызық. Телеграмма құсып жататын өлі безбүйрек агрегаттар сияқтымыз. Тыңшының "Германия соғыс ашады!" деген жанұшырған телеграммасын жабдықтар қақалмай-шашалмай құсып берген шығар. Бүгінгі латын әліпбиіне өту мәселесі жөніндегі пікірталас сол сияқты. Серкелеріміз жолайрықта екенімізді, тағдыршешті бір құзда тұрғанымызды, бел әлде белбеу кететінін жеткізе алмады. Бірі таптаурын шешендігіне салды, бірі құрғақ аппараттық ресмиетке салды, елдің - екінші, оныншы, жиырмасыншы адамдарының бірінің де сөзінде сөл болмады. Ертең-ақ ұмытып кетесіңдер ғой деген, мысқыл болмаса бейтараптық есіліп тұрды. Әлі баяғы, IT мен сандық технологияларды қажай береді. Яки аргументтік базасын да жаңартпаған. Компьютерде о бастан тігілген 256 сивол тұрмақ, UNICODE кестесіне әрең сыйған жапон, қытай, ивриттің шықпаған жанына да жауап берген жоқ. Ең қисындысы - Дархан Қыдырәлінің моногенді әліпби туралы ойы болды-ау деймін. Қалғандары әлі далақтап жүр. Кеңесшілері де гуглмен дайындалатын сияқты. Әйтпесе, айналып келіп IT мен цифрлық дәуірді саудаға сала берген ұятты боп барады. Бірақ мен дөкейлердің санасы мен біліміне сенемін, тамаша білімді жандар. Тек.
Тек өздерінің бұл мәселемен ауырып жүргені шамалы. Сірә бір апта бұрын дайындалды. Презентацияның сапасынан да сезіледі.
Жай, сөз бен сөйлеуді - халқымыздың сақтап қалған соңғы қасиеті деп білетінмін. Домбырамен бірге. Сүйтсек, сөйлеу жағынан да онша емес боп шықтық. Формасын шыңдап жүргенде мазмұнынан айырылып қаппыз.
🖒 2
😢 3
😏 3

216 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot