ӘЛІПБИ САУДАСЫНА ҚЫСТЫРМА
Өткен ғасырдың орта шенінде (19 емес, 20-ғасырдың, "Қартайыпсың лаз Зия, қартайыпсың!") компьютерлер әлі тек әміркендерде (советтік, еуропалық құбыжықтарды есепке алмағанда), онда да - әскерилер мен институттарда болатын. Сондықтан олар тек ағылшын әліппесі мен сандарды, тыныс белгілері мен ол-бұл таңбаларды ғана кодтап қойды. Осының өзі жеткіліктіден де асып түсетін. Сөйтіп, компьютерде мәтін теруде ағылшынтілді адамның мұртын балта шапқан жоқ.
Сөйтіп жүргенде 1970-80 жылдар келді. Джобс-мобс, Гейтс-мейтстер мен тағы да басқа алыпсатар-өнертапқыштар компьютерге бұқаралық сипат беріп, нарықтың жаңа көзін ашты. Әрине, олар нағыз әміркендерше дербес комппен тек әміркендерді емес, бүкіл адамзатты аузы-мұрнынан шығарып, лықа толтыруды көздеді. Сөйтіп, компьютерде бұрыннан бар 256 символ аздық ете бастады. Бірақ бұл ғылыми тұрмақ, инженерлік те проблема емес еді. Әр ұлт пен ұлыс әлгі әміркендік 256 символдық ASCII стандартын өзгертіп, өз таңбаларын енгізіп алды.
Алайда өз таңбаңды енгізу үшін не істеу керек? Әрине, бұрыннан тұрған ағылшын әрпін алып тастап, соның орнына жазуың керек. Бірақ ағылшын әрпі де қажет болса ше? Ғалымға грек әріптері, қаржыгерге фунт пен доллардың таңбасы керек. Тәуелсіз Ресей мен әлі тәуелді Қазақстан міне, комптағы әріптерге осы тұстарда назар аудара бастады. Бірақ орталық арбитрдің, стандарттың жоқтығынан әркім өз білгенін істеді. Кім көрінген өзі ыңғайлы деп тапқан тіл драйверін жасап, бірізділіктің тұқымы құрыды. Фигуралы жақшаны салу үшін - біреуде ана пернені басу керек болса, біреуде мына пернені басу керек болды. Айтпақшы жазған құлдарыңыз, кирилл әріптерін іздеуден шаршап, ақыры транслитерациямен латын әріптерімен жазып кеткен тұтастай бір толқынды көзі көрді. "Privet, Igor kak dela?" деп жазу тіпті ең патриот орыс үшін де қоңсы болған жоқ. Ал Fidonet сияқты "қайыршылардың интернетінде" тек латын әріптері арқылы жазысу мүмкін еді. Қаншама бухгалтерлік программаларда, теміржол билеттерін сататын автоматтандырылған кешендерде, қылмыстық базада адамның ныспысы мен басқа да мәліметтері латын қарпімен жазылып тұрды және одан кісі өлген жоқ. "Сен Оспансың, ал мына жерде Ospan деп тұр" деп, пойызға мінгізбеген жағдайлар болған жоқ.
Жалпы, тоқсаныншылардағы бұл быламық болмауы тиіс еді. Себебі, ұлттар мен ұлыстар үшін жаңа UNICODE стандарты әлдеқашан бар-тын. Мемлекеттерге әлде оның органдарына тек бір сәт үнсіз отырып, UNICODE-тағы белгілі бір диапазонды меншіктеп алып, өз әріптерін енгізу ғана қалған еді. Алайда техникалық кеңесші ретінде әпербақандар мен техноалаяқтардың болуы билікке жаңсақ ақпарат берілуіне жол ашты. Драйвер сататындар мен шрифт сататындардың лоббиі таза техникалық проблеманы - ұлт пен нәсілдің кембағалдық мәселесіне айналдырды. Осы күнгі "латын әрпіне көшсек, компьютердің мүмкіндіктерін ашамыз" деген құрыған, еш техникалық негіздемесіз аргумент - сол тоқсаныншылардан қалған құйыршық. Мұның абсурдтығын қалай жеткізсем екен. Айталық сен - шенеуніксің. Ал мен - алаяқ коммерсантпын. Мен сізге келіп, "мына фотоаппарат қазақтардың кескінін түсіре алмайды екен, линзаға ақша бер" деймін. Сіз бересіз. Шамамен осылай.
Мұндайда әлгі сөз еске оралады. "100 пайыз көзі ашық деген ел барды да, Кашпировскийдің телесеансына банкіге су толтырып алып, отыра қалды" деген. Сауаты осындайда жүзеге аспаған елге БҰҰ беретін рейтингтің көмегі шамалы-ау деймін.
Айтпақшы, қайғы кодерлер биліктің құлағына сыбырлап-күбірлеп жүрген кездері, қытайша мен иврит, жапон мен көне рунаның компьютерге қалай сиып кеткені туралы сұрақтар қойғанбыз. Бір хатқа да, бір сауалға да жауап ала алмадық. Ол белгілі еді: елдің ақпараттық қараңғылығы әлі көп ақша әкелетін, дисплейде сондай ыстық "ұ" әрпі көрінгенде қазақ өлердей қуанатын кездер еді.
Қадірлі тіл функционерлері десем бе. Латын әрпіне көшу туралы негіздемелердің ішінен дәл осы - IT проблематикасын алып тастаңыздар, ұят болады. Жаңа әріп енгізудің психологиялық аргументін айтыңыздар, тағы бірдеңе қосып айтыңыздар, тек жоғарыға жіберілетін аргументтердің ішінде - "шрифт пен код" мәселесін жойыңыздар.