Еркеғали Рахмадиевтің сұхбат-мемуарын оқи отырып, қайран қаламын.
Екі қолға бір домбыра, он кісіге бір скрипка замандарда - Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтар әлемдік музыка деңгейінен қалмаймыз деп, қаншама дүние тудырған, қаншама дүниені тірілткен. Қобыз сияқты қаншама аспап дүниенің жарығын көрген. Амбицияны қарасайшы: өздерін адамзаттың ұлы шығармаларынан кем емес, дәл сол уақытта нағыз қазақтың музыкасын жазамыз деп қайраған. Оркестерлерді, ансамбльдерді дүниеге әкелген.
Неткен қажыр-қайрат, көзсіз энтузиазм. Неткен жасампаздық. Басыңды еріксіз иесің.
Емендер. Жартастар. Сөзім жоқ, халықтың ұлы деп осыларды айтса керек...