АНАЙЫЛЫҚТЫҢ ЖЕТПЕГЕН ЖЕРІ
Дастархандас болған ресейлік айтып еді:
- Біздер осы, "ел анайылыққа бой үйретіп, бүлініп кетті" деп жатамыз ғой. Бізде [Мәскеуде әлде Петерборда, есімде жоқ] бір әуесқой театр ашылды. Жап-жас жігіттер мен қыздар. Театрдың ұраны: "Анайылыққа жол жоқ!". Тек қана мәдениетті пьесалар қояды. Сізге айтайын: ол театрға билетті өлдім таппайсың. Әкелі-балалы, апалы-сіңлілі, ағалы-інілі көрермендер есігінің алдында анталап тұрады. Бір қарағанда аузынан боқтық кетпейтіндей көрінетін жындысүрейлер фойеде пьесаны талқылап, қарық боп жатады. Ал, керек болса. Тоқетері, 89-дарда порноға қандай қырғын болса, енді әдепті қойылымға одан бетер қырғын боп жатырмыз...