TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Yerlan Ospan

20 Sep 2017, 18:07

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

САРҚАЗАҚТАР

Сіздер әлгі, "мемлекеттік идеология", "үгіт-насихат" деп жатасыздар ғой осы.

Жұмыс барысымен солтүстік облыстардың нағыз-нағыз орыстарынан тұратын топпен кездесіп жүрмін. Жалпы, күнұзаққа біргеміз, бірге түстенеміз, бірге жоспар жасаймыз; сондықтан, олардың пірлері мен құлақасарларын, ішкі қыжылдары мен менталды қазығын айқын көруге болады. Адамды сауалнамалар мен психологтар емес, кәдімгі тұрмыс айқын көрсететініне нешінші мәрте көзім жетті.

1. Қарайтындары - РЕН ТВ. Әсіресе, сол арнадағы топастау келген, түбінде ылғи Ресей жеңіп шығатын деректі фильмдері. Жасап қалады кәдімгідей, мәз болып.

2. Ресей арналарындағы саяси жаңалықтар - екінші орында. Бірақ, есі кетіп, әумесерленіп қарамайды. Жай қарайды. Украин-Ресей қатынастары өз араларында табу тақырып сияқты. Дым эмоциясыз қарайды. Пікір білдірмейді, бет-әлпеттері өзгермейді.

3. Үшінші орынды өлсең де таба алмас едіңіз. Үшінші орында - Қазақстандағы ивенттер. Марафондар, кешегі өткен ЭКСПО, шетелдегі спорт жарысында жүрген қазақстандықтар, т.б. Тіпті атын естімеген қазақстандық біреулерге (айталық, желкен жарысына қаңғып барған қазақстандық біреуге) тақым қысып отырады. Жеңілсе, саусақтарын тістейді. Жеңсе, қуанады.

4. Қазақстанның қай жерінде әдеттен, әдептен тыс көңіл көтеру орны ашылды. Бонустар мен жеңілдіктер туралы мәліметтің барлығы осыларда.

"Зерттегендерімнің" барлығы - 40 жасқа дейінгі ер адамдар. Тоқетері, "жұмыс істейік, қыдырайық, ойналық та күлелік, сайран етіп жүрелік, өлген соң дәурен бір келмес-ау, өлген соң дәурен бір келмес!" деген ұстанымда. Жер-су даулауға, мылтық алып тұра жүгіруге дайын адамдар байқамадым. Әсілі, "ертең-ақ "үрит" десе, тайып тұрады" деп, өзіміз кеудеден итеретін болып тұрмыз-ау. Әйтпесе кәдімгі - Қазақстан Республикасының азаматтары.

Айтпақшы, кеше тұрмыстық ұлтшылдық пен шовинизм туралы ашық әңгіме болды. Сүйтсек, бұларға "Оңтүстік тұрғанымен националистер, орыстарды ұрып кетеді, өлтіріп кетеді" деп қорқытады екен!!! Тіпті, біраз жоспарларына сол әңгіме кедергі екен. Мен бұған таң қалып тұрғанымды, бір елде тұрып, сондай әңгімеге қалай сенуге болады дедім. Маған шамалы, сенімсіздікпен қарады. Бүгін - сіз бастап, Шымкентке барып қайтсақ қайтеді деп ұсыныс айтты. Бұрын бір жобалар жасағанда, әлгі болмайтын сөзге сеніп, Оңтүстікті жоспарға кіргізбейді екен! Бір елдің ішінде осындай да болады екен. Әлі таңмын. Олар ұялып жүр. Ал керек болса.
😂
🤔 6
😑

187 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot