Ағашкі («агашка»)
Інілік қулығымыз бар ғой бәріміздің аздап. Әлгі, ақыл сұрап барған болатынымыз ше, ақша сұрап барып тұрып? Әрі кеткенде - әлі жоқ енеңнен бір сыпыртып алып, қайырға сұрап тұрған ақшаңның екі есесін беретін. Қайда барады: өзі де іні болды ғой. Шүкір, мұның енді - дүниеде бар енесін сыпыртып алатын ағалар тірі.
Сосын айтпақшы, әнебір сұрқай, өзі де онша сенбейтін - адамболсайшын, ақылтоқтатсайшын айтады. «Өзінің қырыққа шыға әрең кісі болғанымен шаруасы жоқ» деп тілдеп тұрасың. Ішіңнен әрине. Әйтпесе осы бір - кісімсіп, өзінше билік айту хақын жаңа ғана екі есе құнына сатып алды ғой.
Жаман кісілер емес-тін. Өліп қалса, пұшайман болып жылайтынбыз. «Көзіме көрінбе» деп алып, өзі іздеп жүретін ағедендігі сағындырады да. «Жоғал» деп тұрып төрге төсек салып беретіні де өтіп кеткен.
Содан енді, қашанғы қаңғи бересің, үйленіп, үйлі боласың. Енді ағаларға алақан жайып емес, бір жоспармен барасың. Сіз сүф десеңіз лапылдап кеткелі тұр дейсің ғой баяғы. Сүйтсең, ағыл-тегіл ақыл басталсын келіп. Әй жоқ,ол қайда, оның барлығын Құрышкөтовтер сатып алған. Қой-ей, мұның далбаса, барлығын Көріпкеловтер жиырма жыл бұрын жасап қойған. Мәссаған, мен де тап осыны жасап жатыр едім. Охо, мұнымен сен Дүмбілезовтің дүміне тап боласың. Оу аға, әлемді бағындырып, Адриат теңізіне дейін жаулап алу міндет емес, ең болмаса сіздің, сізден қалса - менің шай-пұлымды айырғанының өзі қандай! Өй жоқ дейді ағашкі, еңбекке тұрмайды...
...Бұрынғының, беретіні болса - беріп тастап барып сөйлейтін ағалары-ай. Жазира болған екен анау кеуделері...